Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 5987 20 пікір 30 Қараша, 2021 сағат 19:36

Өзге ұлттың төлқұжатына «қазақ» деп жазғызып қажеті жоқ!

Ертең қытай да, ұйғыр да, күрд те, сыған да төлқұжаттарына “қазақ” болып жазылады.

Сосын 30-50 жылдан соң, “мен қазақпын, ел басқарамын” дейді. Сонда не істейсіңдер?

Тереңінен ойланыңдар!

“Қазақты мидай араластырыңдар” деп біздің ұлттан “ғаламдық азамат” жасағысы келіп, билікті түртпектеп отырған кім?

Батыс па?

Әлде өзге ұлттан біреу Президент болғысы келіп жүр ме?

Осы идеяның авторы нақты кім?

2 ғасыр Ресей империясы қазақты орыс қыла алмаған! Енді бізден түрі “түсініксіз” ұлт жасамай-ақ қойыңдаршы!

Айналып кетейіндер, алдымен өзіміз нағыз қазақ болып алайықшы!

Әр ұлт өзінше “уникальный”!

Әр ұлт өзіндік тілі, ділі, дәстүр-тамырымен сұлу!

Мың-сан ұлттың алуандығымен мына әлем ғажап, бірегей!

Құдайдың жаратылысына қарсы шығуды доғарыңдар!

Өзге ұлтқа ұлтын сатқызып, түрі, ділі, діні басқадан қазақ жасамай-ақ қойыңдар! Қайдағы бір шала дүниелеріңмен елдің миын қатырғанша, ұлтты бөлу емес, жай ғана адамды сүю идеясын іске асырсаңдаршы…

Дина Елгезек

Abai.kz

20 пікір