Бейсенбі, 20 Қаңтар 2022
Билік 1600 0 пікір 30 Қараша, 2021 сағат 19:22

Тоқаев вирустың «Омикрон» штаммы туралы айтты

Коронавирустың "омикрон" штаммы жаһандық қауіп болып табылады және бұл вирусты жұқтыру жағдайларының саны артады, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

- Бүкіл әлемде тез тарала бастаған коронавирустың жаңа нұсқасына байланысты алдағы апталарда COVID-19 ауруын жұқтыру жағдайлары артады. Омикрон штамын Оңтүстік Африка Республикасының зерттеушілері анықтады және бұл жаңа жаһандық қауіп болып табылады, – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, пандемия халықаралық ынтымақтастықтағы көптеген кемшіліктерді көрсетті.

- Дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдары барлық деңгейдегі әлеуметтік өзара іс-қимылды қайта қарауға әкелді. Пандемия ынтымақтастыққа негізделген жаңа жаһандық көзқарас пен биологиялық сын-қатерлерді еңсерудің тиімді жүйесі қажет екенін растады, - деді Қазақстан Республикасының Президенті.

Кейінірек ҚР басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюспен кездескені белгілі болды. Тоқаев Гебрейесусты Қазақстандағы COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шараларымен таныстырды, халықты вакцинациялау және қазақстандық ғалымдардың коронавирусқа қарсы препараттарды әзірлеуі туралы айтты.

Президент ДДСҰ басшысын қазақстандық QazVac вакцинасы туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол QazVac-ты мұқтаж елдерге беруге дайын екенін білдірді.

Abai.kz

0 пікір