Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3062 0 пікір 29 Қараша, 2021 сағат 16:59

Бір айда 90 млрд теңге шетелге аударылған

Ұлттық Банктың дерегі бойынша биыл қазан айында шетелге  226,7 мың транзакция жасалған. Қазақстаннан аударылған соманың көлемі 92,6 млрд теңгеге шықты. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 11,4%-ға артық.

Ең көп ақша сомасы Өзбекстанға жіберілген 30,5 млрд теңге, яғни 98%-ды құрайды. Екінші орында Түркия мемлекеті – 20,8 млрд теңге, 28,4%-ға жуық. Келесі кезекте Ресейге 13 млрд теңге жіберілген болса, Қырғызстанға 11 млрд теңге, және Грузияға 3,8 млрд теңге аударылған.

Осы аралықта Қытайға 3,6 млрд теңге, Арменияға 2,9 млрд теңге, Тәжікстанға 2,1 млрд теңге, ең азы Украинаға 77,2 млн теңге жіберілген.

Ал, Қазақстанға қазан айында шетелден ауларылған ақша көлемі аз,  81,2 мың транзакция жасалып, 23,2 млрд теңге аударылған.

Өзбекстаннан 5 млрд теңге, Ресейден 3,2 млрд теңге, Америкадан 2,9 млрд теңге, Қырғызстаннан 2,9 млрд теңге келген. Ең аз түскен Украина 291 млн теңге және БАӘ 278,3 млн теңге аударған.

Қазақстанның ішінде өзара 6,7 млрд теңгеге 63,4 транзакция жасалған.

Abai.kz

0 пікір