Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2384 0 пікір 15 Тамыз, 2012 сағат 09:42

РЕФЕРЕНДУМ АРҚЫЛЫ БИЛІКТІҢ ХАЛЫҚПЕН САНАСУЫН ТАЛАП ЕТЕМІЗ

Ақын-жазушыларға, ғалымдарға, жалпы зиялыларға

Ү Н Д Е У

Дана бабаларымыз «Жаным - арымның садағасы» деген темірқазық бағыт ұстанған. Ант бұзған адамды қатаң жазалаған. Бүгінде бұл асыл діңгек қағидаттар өнеге ретінде қолданыстан қалып барады. Бұған, бір жағынан, ғасырлар бойы ұлтымызды езген, рухымызды жасытқан әділетсіз тоталитарлық жүйе, екінші жағынан, қоғамымыздың келеңсіздіктеріне көз жұма қарайтын, биліктің сойылын соғатын жалтақ, мансапқор, екіжүзді зиялысымақтар кінәлі. Біз осы дерттен арылуға тиіспіз.

Ақын-жазушыларға, ғалымдарға, жалпы зиялыларға

Ү Н Д Е У

Дана бабаларымыз «Жаным - арымның садағасы» деген темірқазық бағыт ұстанған. Ант бұзған адамды қатаң жазалаған. Бүгінде бұл асыл діңгек қағидаттар өнеге ретінде қолданыстан қалып барады. Бұған, бір жағынан, ғасырлар бойы ұлтымызды езген, рухымызды жасытқан әділетсіз тоталитарлық жүйе, екінші жағынан, қоғамымыздың келеңсіздіктеріне көз жұма қарайтын, биліктің сойылын соғатын жалтақ, мансапқор, екіжүзді зиялысымақтар кінәлі. Біз осы дерттен арылуға тиіспіз.

Үйсіз-күйсіз, жұмыссыз сенделген, жағдайы төмен халықтың үлкен бөлігі тұйыққа тіреліп, барар жер, басар тауы қалмай референдум арқылы билікке өткір талаптар қоюға мәжбүр болып отыр. Сыбайлас жемқорлық, парақорлық, заңды белшесінен басу, адам құқығын таптау, тілді, дінді қорлау соңғы жылдары ашықтан-ашық белең алып барады. Құдайдың қазаққа сыйлаған жерасты қазына байлықтарының 80 пайызын шетел компаниялары тонап алып кетіп жатыр. Халық кедейшілігінің басты себебі - осы. Бұл - өте қатерлі. Отпен ойнау өртке айналатынын қазіргі билік сезіп-біліп отырса да тақтан айырылмау үшін халықты қорқытып, жазалауға еркін кірісуде, тіпті, мемлекетқұрушы ұлтты жоюдан да тайынар емес. Жеке адамға табынушылықты дәріптеу, даңғазалатып жырға қосу - қараны көріп тұрып ақ деу қоғамды аздыратын құбылыс.  Рухани құндылықтар ақшаға айырбасталуда. Билік қоғамдағы басты құндылық адам екенін де ескерусіз қалдырды. Қоғам сал ауруына ұшырады. Оны сауықтыру, емдеу үшін де республикалық жалпыхалықтық  референдум (рухты ояту) қажет. Референдум кезінде талай былық-шылықтың беті ашылады.

Енді осындай сорақылықтар елдің ерік-жігерін езгіге сала бермес үшін  қайраткер  қаламгерлеріміздің халықтың санасын, намысын оятатын, жігерін жанитын, рухын көтеретін, жалынды сөздері мен тіліп түсетін өткір қалам еркіндігі қажет. Ұлттық мүдде жолында қандай қиындықтан болса да тайсалмай билікке бұқараның мұң-мүддесін батыл жеткізіп, халықты қарудың күшімен басқаруға болмайтынын тұтқалы орындағылардың зердесіне құю - парыз. Бұл тұрғыда әр азаматтың рөлі ерекше зор болмақ.

Референдумға әрбір адам өз құқығын қорғау үшін қатысуға тиіс. Әділетсіздікке,  билік тарапынан болатын қысымға жол бермейік. Біз Сіздерді референдумның алғышарттарын, қаралатын мәселелерін белгілейтін, 29 қыркүйек күні Астана қаласында өтетін жиналысқа шақырамыз. Референдумның әділетті өтуіне жаппай атсалысайық, арыстан жүректі, батыр бабаларымыздың ұрпақтары!

 

Мұхтар Шаханов, Түркі әлемінің бас ақыны, "Тәуелсiздiктi қорғау" қозғалысының төрағасы; Қабдеш Жұмаділов, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері; Софы Сматаев, ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, Алаштың халық жазушысы, ақын; Сапабек Әсіп, жазушы, қоғам қайраткері; Мекемтас Мырзахметов, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, абайтанушы ғалым; Ғаббас Қабышұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері; Дулат Исабеков, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері; Назарбек Қанафияұлы, публицист, шоқантанушы ғалым; Тұрысбек Кәкішев, жазушы, профессор, академик, Тоқтар Бейісқұлов, жазушы, бейімбеттанушы ғалым; Темірхан Медетбеков, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері; Серік Тұрғынбеков, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; Талғат Айтбаев, публицист-жазушы, қайраткер; Бибігүл Иманғазина, жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері; Доспанбетов Ұзақбай, жазушы, абылайтанушы; Нығмет Ерханұлы, «Мирас-Көкше» қайырымдылық қорының президенті; Рысбек Сәрсенбай, "Жас Алаш" газетiнiң бас редакторы; Хайролла Ғабжалилов, Республикалық "АЛАШ" тарихи зерттеу орталығының президентi, ғалым; Cоветхан Ғаббасов, жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы; Мұрат Нәсіп, Қазақстан қолөнер шебері; Жұмаш Кенебай, ақын, "Таным" пiкiрсайыс клубының жетекшісі; Мырзан Кенжебай, ақын;  Зейнолла Тілеужанов, ақын; Мұқтай Қуаныш, ақын; Жұмабай Доспан, «Алтын ғасыр» газетінің бас редакторы; Құлияс Табыл, жазушы, мәдениет қайраткері, Ләйлім Иманғазина, мәдениет қайраткері, Абай атындағы Опера және балет театрының режиссері; Жұма-Назар Сомжүрек, жазушылар одағының мүшесі, ақын, әдебиет сыншысы; Қамалбай Марданов, философия ғылымдарының докторы, профессор; Жеңіс Бегенбаев, белсенді азамат, Сәлім Өтенов, заңгер; Болат Темірбаев, ұлтжанды азамат; Қонысбай Әубәкіров, «Ақ Орда» мүшесі; Балхаш Наханов, «Ақ Орда» ақсақалдар қоғамының мүшесі; Тойшыбек Иіпұлы, «Ақ Орда» мүшесі.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3549