Жұма, 29 Наурыз 2024
Алаң 5397 17 пікір 29 Қараша, 2021 сағат 16:41

Тулаған Тәжікстан: Душанбе неге үнсіз?

Тәжікстанда халық наразылығы тоқтар емес. 25 қараша күні Тәжікстанның Рошткалы ауданында құқық қорғау орган қызметкерлері жас жігіт Гулбиддин Зиебековты тұтқындайды. Оған «адамды кепілдікке алған және қорқытып ақша талап еткен» деген айып тағылады. Оны тәртіп сақшалыра өз үінен алып кеткен. Хорог қаласындағы тергеу изоляторына аман-сау жеткен жігіт полиция бөлімшесінен өлі күйінде шығарылды. 

Жігіттің өліміне қатысты куәгерлер мен құқық қорғау орган қызметкерлері екі түрлі нұсқа айтуда. Қаза тапқан жігіттің туыстары оның аман-сау кеткенін, алайда полиция бөлімшесінен өлі күйнде табылғанын айтса, құқық қорғау орган қызметкерлері оның тәртіп сақшыларына қарсылық білдіріп, жарақат алғанын, содан көз жұмғанын айтады.

Қаза болған жігіттің туыстары оның денесін орталық алаңға апарып, өлім себебін нақты зерттеу талабын қойған. Артынша алаңға жүздеген адам жиналып, билікке өз қарсылықтарын білдірген. Сол күні алаңда атыс болып, тағы бір азамат қаза табады. Ол 21 жастағы Тутишо Әміршоев болатын. Тағы бір азамат атыста жарақат алып, ауруханада көз жұмған. Оқты билік органдары атты деген күдік бар. Бұл ақпарат Хорог қаласының тұрғындары арасында лезде тарап, алаңға мыңдаған адам жиналып, наразылық акциясы күшейе түскен. Салдарынан алаңда тағы қақтығыс болып, тәртіп сақшылары мен халық арасында зардап шеккендер саны артқан.

Митинг таджиков у посольства в Москве: фото

Тергеуге шақырылып, қаза тапқан жігіттің денесі мен алаңдағы атыста қаза тапқан жігіттің денесі үш күн Хорог қаласының орталығында жатты. Мыңдаған наразылық білдірушілер алаңнан кетпей, істі әділ тергеуді сұрады. Алайда 27 қараша күні халық екі жігіттің денесің алаңнан алып, жер қойнына тапсырды. Дей-тұра митинг пен наразылық тоқтаған жоқ.

29 қараша күні наразылық акциясы аяқталғаны хабарланды.

«Прокуратураның құзыретіне кіретін мәселелер азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесе отырып, Тәжікстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеріліп, бағаланады және шешіледі», - деп хабарлады арнайы штаб.

Азаматтық қоғам өкілдері мен Тәжікстан билігі арасындағы келіссөздерден кейін Хорогта қоғамдық тәртіп толығымен қалпына келтірілді. Ведомствоаралық штаб қазіргі уақытта Хорог қаласында орталық даңғылда қоғамдық көліктер жүріп жатқанын, сауда орындары мен тұрмыстық қызмет көрсету орындары белгіленген кестеге сәйкес жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады.

Келіссөздерге қатысқан азаматтық белсенділердің бірі 29 қарашада «Озоди» радиосына 10 сағатқа созылған келіссөздерден кейін билік шерушілердің талаптарын орындауға келіскенін айтты.

«Билік шерушілерді жауапқа тартпауға және Гүлбиддин Зиёбековтің өліміне кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді. Сондай-ақ олар Хорогтағы бақылау-өткізу бекеттері қасиетті болып, интернетке қолжетімділік қалпына келтірілетінін айтты», - деді сұхбаттасымыз.

Тағы бір азаматтық белсенді Хурсанд Мамадшоев билік Гүлбиддин Зиёбеков, Гүлназар Муродбеков және Тутишо Әміршоевтың өлімінің мән-жайын объективті түрде тексеруге уәде бергенін айтты. Оның айтуынша, тергеу барысын 44 азаматтық белсенді қадағалайтын болады.

«Билік Хорогтағы жағдайды тұрақтандырғаннан кейін екі күн ішінде Таулы Бадахшанда интернетке қосылуды қалпына келтіреміз деп уәде берді», - деді Мамадшоев.

Бір күн бұрын Хорог тұрғындары қалада соңғы үш күнде орнатылған әскери бақылау бекеттерінің басым бөлігі алынып тасталғанын айтқан еді. Жексенбі күні таңертең Тәжікстандағы азаматтық қоғам өкілдері президент Эмомали Рахмонға арнаған үндеуінде Таулы Бадахшан автономиялық аймағындағы бейбіт наразылық акциясын өткізу кезінде тұрғындардың қаза табуына байланысты арнайы айтып, әділ тергеу өтуін айтқан еді. Азаматтық қоғамның үндеуі 28 қарашада таратылды. Құжатқа тоғыз қоғамдық ұйым қол қойды, олар: «Азаматтық бостандықтар басқармасы», «Құқық әлемі», «Құқықтық бастама», «Қоғамдық денсаулық және адам құқықтары», «Адам құқықтарын қорғау орталығы», «Нотабене», «Заң және өркендеу» орталығы, «Адам құқықтарын қорғаудың тәуелсіз орталығы» және «Адам құқықтарын қорғау» қауымдастығы.

Тәжікстанда әлеуметтік жағдай қатты нашарлауы байқалады. Оның бірден бір себебі коронавирус салдарынан елде шектеулердің болуы болса, екінші жағынан тиімсіз экономикалық модель. Халық әлеуметтік жағдайдың нашарлауын еңбек мигранттарының сыртқа шыға алмауымен байланыстырады.

Елдегі толқуларға қарамастан ресми Душанбе бірде бір мәлімдеме жасамады. Бұл Рахмон билігі ұстанатын ереже және сыртқы имидж үшін қажетті шара деп санайтын ұстаным.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616