Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3183 1 пікір 29 Қараша, 2021 сағат 12:42

Ресейде банктер жаппай жабылуда

Ресейде 2022 жылдың қазан айына дейін 30-ға жуық несие беру ұйымдары, яғни елдегі жалпы ұйым санның 8%-ға жуығы өз қызметін тоқтатуы мүмкін. Бұл болжам "Эксперт РА" рейтингтік агенттігінің "Банк секторының денсаулық индексі" шолуында берілген.

Сарапшылар маңызды факторлардың бірі ретінде несие беру нарығындағы өзгерістерге байланысты пайданың төмендеуін атады.Рейтингі төмен банктердің жартысына жуығы тәуекел аймағында қалып отыр.

"Соңғы төрт тоқсанда 45 несие ұйымы өз қызметін тоқтатты, оның ішінде 32 – нормативтік негіздер бойынша, жетеуі – лицензиядан ерікті түрде бас тарту нәтижесінде, алтауы – басқа банктермен қосылу түріндегі қайта ұйымдастырылғаннан кейін болған", – дейді сарапшылар.

Алдағы төрт тоқсанның көкжиегінде (2021 жылдың қазан айынан бастап 2022 жылдың қазан айына дейін) 29-ға дейін кредиттік ұйым лицензияның күшін жоюға немесе оның ерікті түрде жойылуына байланысты қызметтерін тоқтатуы мүмкін.

Abai.kz

1 пікір