Сенбі, 20 Тамыз 2022
Саңлақ 2600 3 пікір 26 Қараша, 2021 сағат 16:00

Қытайда Олимпиада өткізуге бойкот жариялауы мүмкін

Аустралия Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына өкілдерін жіберуден бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды. 

Биліктегі Ұлттық либералдық коалиция мен Лейбористік партия саясаткерлері федерал үкіметті келесі жылы өтетін Олимпиадаға бойкот жариялауға шақырды.

"Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында Аустралияны таныстыру туралы шешім әлі қабылданған жоқ", - деді спорт министрінің баспасөз хатшысы Ричард Колбек.

Олимпиадаға дипломатиялық бойкот кезінде болжам бойынша, оған арнайы өкілдер бармайды, бірақ спортшылар қатыса алады. Аустралия парламенті дипломатиялық бойкотқа қосылмас бұрын АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің шешімін күтіп отыр.

Бұған дейін АҚШ Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялау мүмкіндігін қарастырып жатқанын президент Джо Байден растаған болатын.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Алаш-арман

Бейбіт Қойшыбаев  2921
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм және Ұлы қолбасшылар

Бейсенғазы Ұлықбек 2158
Әдебиет

Түс

Ерғали Бақаш 1816
Әне, көрдің бе?

Архимед кімді қорғаштайды?

Жайберген Болатов 2917