Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
1802 0 пікір 26 Қараша, 2021 сағат 15:28

Түркіменбасының ұлы мұнай мен газға бастық болды

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мұнай-газ саласын басқаруды ұлы, вице-премьер Сердар Бердімұхамедовке жүктеді. Бұл жөнінде үкіметтің "Бейтарап Түркіменстан" басылымы хабарлады.

Табиғи газ қорына бай Түркіменстан газ тасымалдау бойынша әлемде төртінші орында тұр. Мемлекет қазынасының едәуір бөлігін шикізат экспортынан түсетін кіріс толтырады. Crude Accountability құқық қорғау ұйымының мәліметінше, бірақ энергия тасымалдаудан түсетін қаражаттың 80 пайызы көлеңкелі экономикаға, оның ішінде президент Бердімұхамедов пен отбасының жеке бюджетіне де сіңіп жоқ болады.

Бірнеше жылдан бері бюджет түсімі де ортайып келеді, ел ауыр экономикалық дағдарысқа ұшырады. Ал басшылық мұны мойындамайды. Ел экономикасына ақпан айынан бері Бердімұхамедовтің ұлы жауапты. Ол сол кезде әкесінің орынбасары болып ресми тағайындалған.

Түркіменстандағы ресми басылымдарда оны "халық ұлы" деп атайды. Ал оның әкесімен бірге көп алдына шығуын "буындар алмастығының символы" ретінде сипаттайды. Сердар Түркіменстан атынан көптеген халықаралық кездесулерге қатысқан. Түркіменстан президентінің жалғыз ұлының саяси мансабының тез өсуін тәуелсіз бақылаушылар 63 жастағы Гурбангулы Бердімұхамедов билікті тапсыратын мұрагерін дайындап жатыр деп түсіндіреді.

Abai.kz

0 пікір