Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2794 0 пікір 13 Тамыз, 2012 сағат 06:58

Сәкен Алдашбаев. Жүлдегердің атындағы алаң жүдеп тұр

Тұманды Альбионда өткен ХХХ жазғы олимпиада ойындарына   Сыр өңірінен бақ сынауға аттанған Илья Ильиннің жеңісін барша елмен қоса, өз атындағы спорт алаңы да тілеп қалған болатын.

Барлығыңыз білесіздер,  Бейжің олимпиадасында  алдына жан салмаған зілтемірші елге алтынмен оралған болатын. Сөйтіп, келе салысымен туған жері Қызылорда қаласының орталығында бос жатқан алаңқайды қоршатып, ішіне жұмсақ төсенішті футбол алаңы, турник, әткеншек және өзге де балалар ойнайтын құрылғылар қойғызып  өз қаржысына спорт алаңын салдырды.

Міне, сол әдемі құрылысытың бүгінде күйі кетіп, футбол алаңындағы жұмсақ төсеніштер шұрық тесік болып, ортасына салынған жалғыз аяқ жолдың плиталары шашылып, әткеншектердің тербелетін бөліктері жұлынып, балалар ойнайтын құрылғылардың кейбірі жоқ болып, арықтары көміліп жатыр. Ал, ағаштар болса, судың жоқтығынан қурай бастаған. «Жылжып кеткен жолдар, сусыз арықтар мен суырған құм спорт алаңының тынысын тарылтып тұр. Тек кеше Илья сайысқа шығар кезде ғана жастар тобы осы жерде іс-шара өткізіп, ішінің екі-үш жылдан бері алынбай жатқан қоқысын шығарды, талдарын әктеді»,- дейді сол жердегі тұрғындар.

Осы арада айта кетейік, қала басшылығы қала орталығындағы жөнделгеніне көп болмаған, жүруге жарамды даңғылдарды қайта жаңалаудан жалығар емес. Алайда,  су, кәріз жолдары  жол асфалтталып болғаннан кейін жарылып, кеше ғана асфалттаған жолды қайта аударып салуға мәжбүр етеді.

Әрине, біз қаладағы көзапара істердің көптігіне мойынұсынғанбыз. Соның салқыны  Илья Ильин атындағы спорт алаңына да тиіп тұр. Сондықтан тілсіз ғана мұңайған спорт алаңы Илья қарсыластарын басып озған сәтте елмен бірге шексіз қуанған шығар. Тек тілсіз, сөзсіз болған соң айта алмады.

Сәтін салса, зілтемірші жерлесіміз енді өз атындағы спорт алаңын қайта жаңалар, сөйтіп спорт алаңының тілегі орындалып, маңдайы ашылар деп ойлаймыз. Алайда, сол алаңды қайта құлпыртпас бұрын алдағы үш-төрт жыл бойы қараусыз қалмауын  ойластыру алдымен қажет сияқты.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3523