Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2960 0 пікір 13 Тамыз, 2012 сағат 06:38

Қазыбек Иcа. Дарабоз

Лондон Олимпиадасы оғландарына

Кенен табыс! Кеңеске кел, көшелік!

Кемелдікке келеді ел төселіп.

Ағылшынды Лондонда қуып сабап,

Тартып алды Алтынды Серке Серік!

 

Бекзаттардан  басталған жолды сеніп,

Жалғастырар тек нағыз  ер күшеніп.

Алтын жұдырық Алашта  аз емес-ті,

Баркерді алып баһадүр болды Серік!

 

Піл көтермес, алапат зіл көтеріп,

Ілиялармен  сенімім жүрді өтеліп.

Көкке өрледім көк туды күнге теліп.

Әрең жаттап жүретін әнұранды,

Әлем  жаттап,  кетті елді  бір көтеріп!..

 

Асқақтатып алтынмен Алаш атын,

Көрсетуде қазағым парасатын.

Додадағы әлемдік дарабоздық,

Саңлақ етсін елімнің саясатын!

12.08.2012.

«Абай-ақпарат»

 

Лондон Олимпиадасы оғландарына

Кенен табыс! Кеңеске кел, көшелік!

Кемелдікке келеді ел төселіп.

Ағылшынды Лондонда қуып сабап,

Тартып алды Алтынды Серке Серік!

 

Бекзаттардан  басталған жолды сеніп,

Жалғастырар тек нағыз  ер күшеніп.

Алтын жұдырық Алашта  аз емес-ті,

Баркерді алып баһадүр болды Серік!

 

Піл көтермес, алапат зіл көтеріп,

Ілиялармен  сенімім жүрді өтеліп.

Көкке өрледім көк туды күнге теліп.

Әрең жаттап жүретін әнұранды,

Әлем  жаттап,  кетті елді  бір көтеріп!..

 

Асқақтатып алтынмен Алаш атын,

Көрсетуде қазағым парасатын.

Додадағы әлемдік дарабоздық,

Саңлақ етсін елімнің саясатын!

12.08.2012.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596