Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4229 0 пікір 13 Тамыз, 2012 сағат 06:29

Думан Жігітбек. Бәрі жақсы болады!

Құрметті оқырман! Бұл хатымды оқымастан бұрын өзіңнің бастан кешкен ең қиын кезің жайлы бір сәт болсын, ойланшы! Сен сол кезде қандай көңіл-күйде едің? Өмірге деген көзқарасың қандай еді? Айналаңдағы адамдар саған кім болып көрінуші еді? Түсінемін...Сенің ішкі сезімің түнекке батып, ашық аспаныңды бұлт шалды.Осымен бәрі түгесілгендей боп көрініп, өмірге деген құштарлығың азая бастады.

Мұның бәрі неден болды деп ойлайсың? Осындай қиыншылыққа тап болған жалғыз сен бе?! Бұдан да асқан ауыртпалықты арқасына таңған жандардың барын ескердің бе?! Сол ауыртпалықты артқа тастап, бақыттың даңғыл жолына қадам басқанын көрмедің бе? Мен көрдім. Көрген адам ретінде айтарым: бұл өмірде бәрі мүмкін.

Біз басқа түсер қиындықты таңдай алмаймыз. Алайда, оны қалай қарсы алып, оған қалай төтеп беру керектігіне өзімізден басқа ешкім де жауапты емес.

Құрметті менің оқырманым! Қайғының шыңырауында шіріп жатпай, басыңды көтер! Сенің игілігіңе жаралған бұл ғаламның сансыз кереметіне тамсанып, өмірге құштар бол! Қақаған сары аяздан кейін араға нұр шашқан көктем салып, жаймашуақ жаз келетіні бар емес пе! Бұл - табиғат заңы. Өмір заңы да солай. Бәрі уақытша.

Оқырман бауырым,  кезекті «адам төзгісіз» ауыртпалықты уақыт өте келе езу тартып еске алуыңа тілектеспін. БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3512