Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2585 0 пікір 9 Тамыз, 2012 сағат 09:25

Сайын Бөлек. Дариға Назарбаева күзде төңкеріс жасайтын көрінеді

Қыркүйек айының бірінде басталатын Парламент сессиясында депутат Дариға Назарбаева саяи мазмұны салмақты баяндама жасайды дейді білгіштер.

Дариға Нұрсұлтанқызының Президенттің айналасындағы лауазым иелерін «күзде санайтыны» туралы сөз Астанада екі-үш айдан бері гулеп тұр. «ДН күзде әйтеді екен», «ДН күзде бүйтеді екен», - десіп алақанын ысқылаған адамдардың аузына осы жолдардың авторы да құлағын тосқан болатын. Сондағы естігеніміз - Дариға Назарбаева билікті билеп төстеген топтарды әшкерелеп, Елбасының кадрлық саясатына түзету енгізбек екенге саяды. Бұл, әрине, болжам. Қиял-ғажайып түріндегі саяси қисын. Президентке ықпалды топтар Дариға ханымның дақпырыты зор баяндамасын жасатпай қоюы да мүмкін. Әйткенменде, атқарушы билік пен Президент әкімшілігіне бір тықырдың таяп қалғаны анық. Өйткені, Президенттің айналасы оны қоғамнан алыстатып барады. Президент неше рет оқталғанымен тіпті үкімет басшысы Кәрім Мәсімовты отставкаға жіберуге  де пәрмен ете  алмады. Мәсімовтың орнынан мызғымауына қатысты сарапшылыр елді жоққа сендіріп баққанымен расында солай: Президент бүгінде Мәсімов түгілі әкім-қаралардың өзін ішінара ауыстырып, әрі-бері жылжытудан әріге бара алмай отыр. Ендеше Елбасын осындай тығырықтан шығару керек. Ол мәселені еріне еріп кетпей мемлекет басшысының, нақтысын айтсақ, аяулы әкесінің қасынан табан аудармаған Дариға қолға алып жатса керек.

Дариға Нұрсұлтанқызы өз баяндамасын Жаңаөзен оқиғасынан бастап оған кінәлі адамдардың аттарын атайды деп жазады guljan.org сайты. Аттары аталатын адамдардың қатарында қазіргі Президент әкімшілігінің басшысы Аслан Мусиннің, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың, бұрынғы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтардың есімдері аталатынға ұқсайды. Арқанкерген қырғынына байланысты шекарашы Челахтан бастап ҰҚК басшысы Нұртай Әбіқаевтың,  Елбасының айналасын шырмаған кландардың, оның ішінде марқұм Сарыбай Қалмырзаев кланынының  да аты аталып, түсі түстелетін көрінеді.  Астана қаласының әкімі Тасмағамбетов те, Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев те баяндамадан тыс қалмайды-мыс. Ортаншы күйеу Тимур Құлыбав та баяндаманың басты кейіпкерлерінің бірі болып табылмақ. Қысқасы, депутат Дариға Назарбаева алдағы күзде кадрлық төңкеріс жасамақшы. Төңкеріс деген сөзді тура мағанасында айтып отырмыз. Себебі, бұндай төңікерісті бүгінгі қоғам көптен бері күтулі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір