Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Дидар-ғайып 4526 22 пікір 24 Қараша, 2021 сағат 22:40

Арон Атабек өмірден өтті

«Шаңырақ» оқиғасына қатысты 18 жыл түрмедегі жазасының 15 жылын өтеп болған диссидент Арон Атабек қайтыс болды.

Қаралы хабарды Айсұлу Әбубәкірова растады.

Арон Атабек соңғы уақытта денсаулығы сыр беріп, «Сұңқар» клиникасында ем алып жатқан еді.

20 қазан күні ақынның қарындасы Рәзия Нутышева Арон Атабектің жағдайы нашарлағанын айтты. Кейін жедел-жәрдем шақыртып, диссидентті жеке клиникаға жатқызған. Арон Атабектің сол уақытта жасанды тыныс аппаратымен дем алып жатқаны айтылды. Кейін оның жан сақтау бөліміне түскені туралы хабарланды. Онан кейін комаға түскені айтылды.

Еске сала кетейік, Арон Атабек 2006 жылдың 14 шілдесіндегі «Шаңырақ оқиғасынан» кейін 18 жылға сотталған. Шаңырақтағы қақтығыста 24 жастағы полиция қызметкері қаза тапты, оны бағанаға байлап, өртеп жіберген. Диссидент қылмысқа нұсқаушы ретінде жауапқа тартылған болатын.

Abai.kz

22 пікір