Сенбі, 20 Сәуір 2024
2831 5 пікір 24 Қараша, 2021 сағат 17:09

Өзбекстан Ресейде Әмір Темірдің ескерткішін орнатады

Ресейдің Самара облысында билеуші, қолбасшы Әмір Темірдің құрметіне ескерткіш пайда болуы мүмкін. Ескерткіш Өзбекстан Министрлер Кабинетінің биылғы 17 қарашадағы қаулысына сәйкес Ресей Федерациясының Самара облысындағы Кондурча өзенінің маңында орнатылады деп жоспарлануда.

Құжатқа сәйкес, Өзбекстан үкіметі Әмір Темірдің осыдан 600 жыл бұрын  Алтын Орда ханы Тоқтамысты жеңгенінің құрметіне Ресей Федерациясында ескерткіш орнатады.

Қаулыда Самара өлкетанушыларының Кондурча өзеніне орнатқан ескерткіш тастың орнына Әмір Темір мен оның сарбаздары бейнеленген композициялық ескерткіш орнатуға шолу байқауын өткізу ұсынылады.

Байқау қорытындысы бойынша Өзбекстан тарапы Ресей Сыртқы істер министрлігі және Мәдениет министрлігімен бірлесе отырып, ескерткіш орнату туралы меморандум дайындап, қол қоюды көздеп отыр. Олар жобаны 2023 жылға дейін жүзеге асырмақшы.

Abai.kz

5 пікір