Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4122 0 пікір 9 Тамыз, 2012 сағат 06:59

Қайырымды қала тұрғындары

Биылғы Рамазан айы ораза тұтып, кешкілік мешіттегі тарауих намазына қатысушы қауым ерекше жаңалықтарға толы болып тұр. Қала мешіттері маңайына жарықтар орнатылды. Ауызашар мезгілі жергілікті телеарналардан хабарландырылып отырады.

Жұртшылыққа жағдай жасауға ҚМДБ-ның Семей өңіріндегі өкіл имамы Ержан қажы Маямеров бастамашы болған еді. Ел игілігі үшін бұл шараларға қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімі де жәрдем танытуда. Атап айтсақ, қос мұнаралы орталық мешітке тарауих намазынан қайтқан көпшілікті үйлеріне жеткізіп салу мақсатында арнайы автобустар бөлінді. Оған қаламыздағы «Таксопарк» ЖШС арнайы көліктер бөліп отыр. Бұл шара әсіресе қаланың орталықтан қашық бөлігінде тұратын жамағат үшін елеулі көмек болып отыр. Рамазан айындағы бұл намаз дін қызметкерлерінің уағыз-насихатымен басталып, түнгі он бір жарымдар шамасында аяқталады. Ал, осы мезгілде қаланың бес бағытына қатынайтын бағытты таксилер көпшілікті күтіп тұрады. Атап айтсақ, Шығыс кентінің саяжайлары, Юность кенті, Дальный, Мирный тәрізді қаланың шеткері аудандарына қатынайтын көліктер көпшілікке тегін қызмет көрсетеді. Игілікті шараға атсалысып жүрген жүргізуші жігіт Мақсұт Ақмолдин мұндай қамқорлыққа қалалықтар қатарының ерекше разы екендіктерін айтады.

- Сауапты амалға үлес қосып жатқанымыз үшін біз де қуаныштымыз, әсіресе осынау қасиетті айда үлкен кісілердің батасын алудың өзі көңілге ерекше жылылық сыйлайды екен. Бұл біздің қызметтік тапсырмамыз болса да көптің алғысын иелену үшін ерекше ынта танытамыз. Көлік салонында соңғы адам қалғанға дейін Алла разылығы үшін үйлеріне жеткізіп саламыз, - дейді ол.

Түнгі ғибадатын өтеп шыққан қала тұрғыны Қазбек Кәкібаевты сөзге тарттық.

- Мен Шығыс кентіне қарасты №4 саяжайдың тұрғынымын. Бұрындары тарауих аяқталған соң қайту қиындық тудыратын еді. Биыл міне, өкіл имам мен қалалық әкімдіктің жәрдемімен көлік мәселесі шешіліпті. Бұған ерекше қуаныштымыз. Осы орайда аталмыш шараға атсалысқан азаматтардың барлығына, «Таксопарк» ЖШС бас-шысы Асқар Маратұлына да алғы-сымды білдіргім келеді, - дейді ол.Ал, Юность кентінің тұрғыны Нағима апа Сәдуақасова орталық мешітте өткізілетін тарауих намазына көрші тұратын екі зейнеткерді де ерте келгенін, көпшілік игілігне берілген осынау көліктерге разы екендігін айтады.

-     Түнгі ғибадатқа келген жандардың басым көпшілігі өз көліктерімен қайтады. Ал, бұл шығарылған көлікке көбінесе зейнеткерлер мен студенттер отырамыз. Бұл біз үшін өте тиімді болды. Мешітте отырған шақта көңі-лімізге көлік тоқтап қалды-ау деген алаң кірмейді. Жергілікті аза-маттардың қамқорлығына сенім артамыз. Осындай бастама көтерген бала-ларыма Алланың мейірім-шапағаты жаусын деп тілеймін. Пайғамбарымыз-дың хадисінде осынау рамазан айында өзгеге жасалған бір жақсылық 70 есеге дейін артатыны айтылады. Сауапты іске себепші болған осындай қала аза-маттарының қатары көбейе берсе екен, - деп аяқтады сөзін.

Расында бүгінгі күндері Семей өңірінде дін тұтынушы қауым үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатыр. Осының өзі аймағымыздағы діни тұрақтылыққа қосылған үлес болса керек. Ал, Рамазан айындағы бұл шара бабалардан мұраға қалған төл ұстанымымыз дәстүрлі Ислам дінінің қаламызда да кең етек жаюына, ұрпақ бойына имандылық нұрын дарыта беретініне үлес қосатынына сеніміміз мол...

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, Семей қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір