Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 6762 8 пікір 24 Қараша, 2021 сағат 12:35

Қытайды топырлатып əкелмек пе?

Мынау рас болса, өкімет халықты бір сұмдыққа дайындап жатқаны болды.
Ауылдағы халық осы мал үшін отыр емес пе. Мал өсіріп күн көріп жатыр. Ауылда отырған соң бір-екі сиыр, бес-алты қоймен күнелте алмайсың. Əр үйде кемі төрт-бес сиыр, жиырма-отыз қой, екі-үш бие керек. Бір малыңды сатып бір малыңды асырайсың. Жанармай қымбат болғасын шөп қымбат, астық қымбат болғасын жем қымбат. Қазақстан халқының саны көп емес, етпен, сүтпен, астықпен, көкөніспен толық қамтамасыз ете алатын ауыл бар. Əбден дамыса ауыл шаруашылығы азық-түлікті экспортқа да шығара алады. Малды азайтатын бұйрық шықса онда жұрт ауылда неғып отырады? Ертең бəрі де шұбырып қалаға көшеді. Қала кімді жарылқап жатыр еді? Үйсіз-күйсіз қазақтың санын одан сайын көбейтпек пе?

Ауыл шаруашылығының басты тірегі, негізі жер. Жерсіз егін егілмейді, шөп шабылмайды, мал жайылмайды. Су да керек. Осы екі нəрсені қамтамасыз етіп берсе елдің азық-түлік мəселесі де шешіледі, ауыл жұртына жұмыс та табылады. Ал өкіметтің айтып отырғаны мынау болса, ауылды құрту саясаты шықты деп түсіну керек.

Баяғыда атаңа нəлет волюнтарист, шовинист Хрущев осыны бізге бір істеп еді. Малды алып, орысты топырлатып əкеліп жерді жыртқызып тастаған. Содан кейін қазақ өз жерінде отырып аз ұлтқа айналып, орыстана бастаған. Тоқаев-Мамин өкіметі не қылмақ? Қытайды топырлатып əкелмек пе?

Ақан Жақып

Abai.kz

8 пікір