Жұма, 29 Наурыз 2024
2880 2 пікір 24 Қараша, 2021 сағат 11:53

Путин Ресей мен Тәжікстанның әуе қорғанысын ортақ етпек

Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік Думаға Ресей мен Тәжікстан арасындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай жүйесін құру туралы келісімді ратификациялауға ұсынды. Тиісті құжат парламенттің төменгі палатасының электронды базасында орналастырылды.

«Аймақтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелерін шешудің тиімділігін арттыру мақсатында Ресей мен Тәжікстанның Бірыңғай аймақтық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құруда. Ол Ресей Федерациясы мен ТМД-ға мүше мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірлескен жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады», - делінген құжатта.

Келісімде екі елдің аумақтарының біртұтастығын ескере отырып, келісімге қатысушылар Тәжікстан аумағы мен әуе кеңістігінде аймақ шегінде жеке ұжымдық қауіпсіздік аймағын бөлетіні көрсетілген. Бұл ретте Тәжікстан аумағындағы ресейлік күштерді басқаруды Ресей Орталық әскери округі әскерлерінің қолбасшысы жүзеге асырады.

Ресей үкіметі ағымдағы жылдың 15 қарашасында тиісті келісімді мақұлдап, кейін оны ратификациялауға ұсыну үшін президентке жіберген еді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3539