Сенбі, 27 Қараша 2021
754 0 пікір 23 Қараша, 2021 сағат 18:39

"ҚазАвтоЖол" жеті жолдың ақылы болғанын хабарлады

Қазақстанда республикалық маңызы бар күре жолдардағы жеті жол 23 қарашадан бастап ақылы болады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" кәсіпорыны.

Нұр-Сұлтан — Павлодар, Қапшағай — Талдықорған, Тараз — Қайнар, Шымкент — Тараз, Шымкент — Қызылорда, Шымкент — Ташкент, Щучинск — Көкшетау жолдарымен жүру үшін ақы төлеу қажет. Осы уақытқа дейін бұл жолдарда ақы төлеу жүйесі сыналған.

"Ақылы жолдармен жүру үшін 1000 теңгеге (2.3 доллар) бір жылға жарайтын абонемент алуға болады", — делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында. Мұндай абонементті ақылы жолдарға қызмет көрсету орталықтарынан сатып аласыз.

Билік ақылы жолдардан түскен қаражатты қызмет көрсетуге және автожол желісін дамытуға жұмсауға уәде берді.

Abai.kz

0 пікір