Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2917 0 пікір 8 Тамыз, 2012 сағат 11:40

Сәкен Алдашбаев. Тіл меңгеруді спортшылардан үйрену керек

Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан аса уақыт өтсе де еліміздің қазақша тілі әлі  дұрыс шықпай келеді. Бұл үшін қанша қаржы бөлінсе де, түрлі бағдарламалар жасалып, шаралар өткізілсе де шырайы кірмей қойды. Тіл жанашырлары шырылдап та, мысқылдап та, ашынып та жұлқынғамен жұлып аларлық іс бітіре алмай келеді. Тіпті тіл жанашырлары осы тұрғыда еш ойланбастан мақала жаза беретіндей жаттап алды.

«Ұра берсе шайтан да өледі» деуші еді, бірақ ұрған сайын семіріп бара жатқан осы мәселені кейінгі кездері «қайтсек оңалдырады екенбіз» деген ой толғандыра бастаған еді. Мұның жауабын кеше білдік. Білгенде де спортшыларымыз қолға ұстағандай етіп көрсетіп берді.

Тұманды Альбион еліне үкілеп шығарып салған спортшыларымыздың алғашқысы болып қоржынымызға алтын салған Александр Винокуров құрмет тұғырында әуеленген әнұранымызға еркін ілесіп, әндетіп тұрды.

Одан кейін алтын алған алтын қыздарымыз Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова, жеңіл атлетші Ольга мен зілтемірші Ильия Ильиндер де әнұранымызды егіле айтқанда алтын алғандарына бір, қазақша ұрандататқандарына екі қуанып, төбеміз көкке жетті. Тіпті Зульфия Чиншанлоның әнұранымызды әуенсіз-ақ  айтып тұрғанын көргенде шаттанғаннан шапалақ ұра беріппіз. Енді қайтеміз, Қытайдан келгеніне 6 жыл ғана болған, одан бұрын қазақ атын көрмеген оны бұлайша қазақ тілінде сөйлейді деп үш ұйықтасақ та түсімізге енбепеті.

Дегенмен, бұл қуанышымыздың астарында бір сыр жатқан сияқты. Олай дейтінім осының алдындағы дүбірлі бәсекелерде спортшыларымыз қазақ елі әнұранының орнына Бораттың былықпай әуені шырқалып кеткенде міз бақпай тұрған болатын. Одан бұрын да осы әнұранға байланысты сәтсіздіктер орын алған-ды. Міне, содан кейін елімізде шу шығып, ақыры олимпиадаға әнұранды білмейтін спортшы бармайтын болсын деген талап қойылыпты. Осы шарт спортшыларымыздың шымбайына батқан-ау деп ойладық. Мейлі, қайта бұл қуанышты өзгеріс болды. Демек «жылан қысылса түйме көзінен өтеді» демекші, талап тегеурінді қойылса, шала қазақтың бәрі таза қазақ болып шыға келеді екен. Ендеше неге осы жүйені мемлекеттік қызмет пен халыққа қызмет ететін барлық мекемелерге енгізбеске? Сонда қазақ тілі үшін шаралар өткізіп, қаржы бөліп, мәселе көтермеген болар едік.

Айтпақшы, айта кетейік, Ильия Ильин кеше тілшілермен кездескен кездесуінде алдағы жарты жылда қазақ және ағылшын тілін үйренетінін айтты. Оның бұл талабына қарап қазақ тілі «әлемдегі ең қиын тіл ме?» деген ойымыздан қайтып қалдық.

Ендеше, не тұрыс, тіл мәселесінде спортшыларға қойған талапты қоя отырып жұмыс жасау керек. Болмаса, қазақ тілін үйренуді спортшылардан үйренейік, ағайын.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2257
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3535