Сенбі, 20 Сәуір 2024
2977 10 пікір 23 Қараша, 2021 сағат 17:28

Айдос Үкібай: Съезге дейін Елбасы төраға болып қалады

Елбасының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың "Nur Otan" төрағасы өкілеттігін беру туралы шешімін түсіндірді. 

"Нұрсұлтан Әбішұлы атқаратын қызметіне қарамастан, ұлтымыздың көшбасшысы - Елбасы, қазіргі заманның көрнекті саясаткері, әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді тұлға болып қала беретінін түсіну керек.

Қазіргі Қазақстанды құруға бастама болған, елге бар жанын берген және оған бүкіл өмірін арнаған адам әрқашан халық мүддесімен өмір сүретінін, ұлттың және бүкіл ел болашағы үшін күресетінін әркім түсінеді деп ойлаймын. Елбасының бұл ұстанымы өзгеріссіз қалады.

Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Nur Otan партиясы, әсіресе, қазір пандемиядан туындаған жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Президентінің басты тірегі болуы керек.

Партия жарғысына сәйкес, оның төрағасын сайлау және қызметтен босату Nur Otan партиясы съезінің айрықша құзыретіне жатады. Оған дейін Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасы болып қала береді", - деп қосты Елбасының кеңесшісі – баспасөз хатшысы.

Abai.kz

10 пікір