Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2973 0 пікір 6 Тамыз, 2012 сағат 09:18

Әлібек Шегебай. Толағай

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильинге

Ақсарбас!

Аласартпа халқымды енді,

Лондоннан тағы да бір алтын келді.

Әлемнің таңқалдырып төрт бұрышын,

Жарқырап жаз күніндей жарқын келді.

 

Арайлап атқан шақта таңым нұрлы,

Көк туым, көп туларды табындырды.

Жаңартып бүкіл әлем рекордын

Ильям биік шыңды бағындырды!

 

Жарайсың, текті туған Толағайым!

Тіл көзден сақтасын деп, тобалайын.

Көз жасын жанарының  жасырмайды

Өзіңнен үміт күткен көп ағайын.

 

Алтынға жаратылған алтын бала,

Сен үшін қуанады халқың ғана.

Қазақтың маңдайына туған ұлсың

Алдың күн, дархан пейіл, артың дала!

 

Кеудемнен жарқ еткенде білтелі күн,

Құлаққа үні келді Күлтегіннің.

Қасқайып сен көтеріп тұрған сәтте

Майысып бара жатты зілтемірің.

 

Жимағы көп болғанмен жиғанынан,

Барлығы адамзаттың иманынан.

Сырда туған сымбатты сырбаз ұлдың

«Сырдың суы келмеді сирағынан».

 

Әлемді бағындырса бағыланым,

Мен қалай әуенімнен жаңыламын.

Көк туым көтеріліп көк жүзіне

Әуелеп бара жатты Әнұраным!

 

Әлібек ШЕГЕБАЙ

«Серпер» жастар сыйлығының лауреаты

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильинге

Ақсарбас!

Аласартпа халқымды енді,

Лондоннан тағы да бір алтын келді.

Әлемнің таңқалдырып төрт бұрышын,

Жарқырап жаз күніндей жарқын келді.

 

Арайлап атқан шақта таңым нұрлы,

Көк туым, көп туларды табындырды.

Жаңартып бүкіл әлем рекордын

Ильям биік шыңды бағындырды!

 

Жарайсың, текті туған Толағайым!

Тіл көзден сақтасын деп, тобалайын.

Көз жасын жанарының  жасырмайды

Өзіңнен үміт күткен көп ағайын.

 

Алтынға жаратылған алтын бала,

Сен үшін қуанады халқың ғана.

Қазақтың маңдайына туған ұлсың

Алдың күн, дархан пейіл, артың дала!

 

Кеудемнен жарқ еткенде білтелі күн,

Құлаққа үні келді Күлтегіннің.

Қасқайып сен көтеріп тұрған сәтте

Майысып бара жатты зілтемірің.

 

Жимағы көп болғанмен жиғанынан,

Барлығы адамзаттың иманынан.

Сырда туған сымбатты сырбаз ұлдың

«Сырдың суы келмеді сирағынан».

 

Әлемді бағындырса бағыланым,

Мен қалай әуенімнен жаңыламын.

Көк туым көтеріліп көк жүзіне

Әуелеп бара жатты Әнұраным!

 

Әлібек ШЕГЕБАЙ

«Серпер» жастар сыйлығының лауреаты

«Абай-ақпарат»

0 пікір