Жұма, 29 Наурыз 2024
2029 9 пікір 23 Қараша, 2021 сағат 13:15

Қазақстан Ресейден "Спутник Лайт" әкелмек

Қазақстан Ресеймен "Спутник Лайт" вакцинасын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

"Біз бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біз ресейлік әріптестерімізден мүмкіндігінше "Спутник Лайт" вакцинасын жеткізуді сұрадық. Бұл, негізінен, бірдей "Спутник V" сияқты", - дейді министр.

Оның айтуынша, екінші жақтан коммерциялық ұсыныс түсе салысымен сатып алу бойынша келіссөздер басталады.

"Біз қазір Ресей қандай көлем бере алады деп сұрадық, өйткені ол жерде де өз нарығына вакцина қажет. Қанша вакцина жеткізуге болатыны туралы коммерциялық ұсыныс түскен бойда біз талқылаймыз. Бізге қазір үлкен көлемде қажет емес шығар. Негізінде, жыл соңына дейін бізде ревакцинацияға арналған вакциналар жеткілікті, олар қазірдің өзінде ел ішінде бар. Ал келесі жылға жеткізуді жоспарлап отырмыз" дейді денсаулық сақтау министрі.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610