Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3700 0 пікір 3 Тамыз, 2012 сағат 08:51

ЭТНОНИГИЛИЗМНІҢ АҚЫРЫ немесе Данияр Әшімбаевтар – мәңгүрттіктің соңғы тұяқтары

Жаһандық интеграция дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Тарихтың дөңгелегі кері айналмайды. Ұлттар мен ұлыстардың, мемлекеттер мен өркениеттердің саяси, экономикалық, мәдени тоғысуы қайырылмас, айнымас жолға түскендей. Міне, айналасы он-жиырма жыл бұрын біздің түсінік-түйсігіміз осы шамада, осы қалыпта болатын. Біз ұлтымыздың, мемлекетіміздің болашағын, асыра айтқанда, адамзат болашағынан бөле-жарып қарай алмайтынбыз.  Қазір ғой, осы бір шыны айнадан жасалған қағидалар мен түсініктер бірінен соң бірі сынып, қирап жатыр. Және мұны қиратқан біз емес.

Жаһандық даму, халықаралық интеграция, мультикультурализм дегеніміз өз мемлекетіңнің болашағына балта шабу, өз малыңды біреудің жетегіне басыбайлы байлап беру немесе өз мәдениетіңнен безіну, өз ділің мен тіліңді қорсыну емес екенін бізге тағы да қарт құрлық - Еуропа үйретіп отыр.

Жаһандық интеграция дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Тарихтың дөңгелегі кері айналмайды. Ұлттар мен ұлыстардың, мемлекеттер мен өркениеттердің саяси, экономикалық, мәдени тоғысуы қайырылмас, айнымас жолға түскендей. Міне, айналасы он-жиырма жыл бұрын біздің түсінік-түйсігіміз осы шамада, осы қалыпта болатын. Біз ұлтымыздың, мемлекетіміздің болашағын, асыра айтқанда, адамзат болашағынан бөле-жарып қарай алмайтынбыз.  Қазір ғой, осы бір шыны айнадан жасалған қағидалар мен түсініктер бірінен соң бірі сынып, қирап жатыр. Және мұны қиратқан біз емес.

Жаһандық даму, халықаралық интеграция, мультикультурализм дегеніміз өз мемлекетіңнің болашағына балта шабу, өз малыңды біреудің жетегіне басыбайлы байлап беру немесе өз мәдениетіңнен безіну, өз ділің мен тіліңді қорсыну емес екенін бізге тағы да қарт құрлық - Еуропа үйретіп отыр.

Бірер жыл бұрын Германияның канцлері Ангела Меркель Потсдамдағы Христиан-демократиялық партиясының конференциясында: «1960 жылдардың басында біз Германияға шетелдік жұмыс күшін көптеп тарттық. Бірқанша уақыт «олар бізде тұрақтап қалмайды, көп ұзамай кетеді» деп өзімізді-өзіміз алдап келдік. Бірақ олай болған жоқ. Біздің ұстаным мультикультурализм еді, алайда, бұл ұстаным күйреді, түбегейлі күйреді», - деп мәлімдеді. Меркель Германияға жұмыс іздеп келген мигранттардың міндетті түрде неміс тілін білуін талап етті. Сонда ғана олар немістердің еңбек нарығына толыққанды араласа алатын болады.

Іле-шала Ұлыбритания Премьер-министрі Джеймс Кэмерон «Британ аралындағы мемлекеттік мультикультурализм докринасының сәтсіздікке ұшырағанын» жария қылды. Оның айтуынша, британдық билік ұзақ уақыт түрлі мәдениеттердің жеке дара өркендеп-өсуін қолдаумен болған. Ақыр аяғында Ұлыбритания ұлттық біркелкіліктен айырылып тыныпты.

«Иә, бұл қателік. Көптеген демократиялық қауымдастықтар өз еліне қоныс аударғандардың қамын күйттейміз деп жүріп, соларды құшақ жая қабылдап отырған жергілікті ұлттың мүддесін есінен шығарып алды» дейді, TF-1 телеарнасына берген сұхбатында, Францияның бұрынғы Президенті Николя Саркози. Саркози егер бір адам Францияға келсе, ол адам ұлттық, біртұтас француз қоғамының бөлшегі болуы тиіс деп санайды. Франция, ұлттық француз қоғамы ешқашан өзінің өмір салтын өзгертпейді және өзгертуге жол бермейді.

Еуропалықтардың центристік өзімшілдігі мен сөздің мәтеліне айналған «мұсылман факторын» алып тастасақ, мұндай мәлімдемелердің өмір сүруге құқы бар екеніне және мұндай мәлімдемелердің жайдан-жай жасала салмайтынына көзің жетеді. Өйткені, Канцлердің, Премьердің, Президенттің әсіреқызыл сөздерін «адам құқын аяққа таптап жатыр, аз ұлттарға саяси қысым көрсетіп жатыр» деп ешкім жазғырған жоқ. Керісінше, бұл ұстанымдар Германия мен Англияның, Францияның бүгінгі таңдағы мемлекеттік саясатының өзегіне айналғанын енді ғана көріп, түйсініп отырмыз.

Сонда дейміз, сан ғасырлық мемлекеттік тарихы бар, мызғымас азаматтық қоғам орнатқан,  демократиялық, либералдық, құқықтық мәдениеті мен құндылықтары мығым  елдердің өзі «Ұзақмерзімді ұлттық өркендеу мен даму» жолына түскенде бізге не жорық?!. Қанды қызыл империяның күні әлдеқашан батса да, біз неге «Халықтар достығы лабораториясы» деген сайқымазақ атаудан айырылғымыз келмейді? Біз неге, тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылдан аса уақыт өтсе де, ұлтымызды, ұлттық мүдделеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды аяқасты етіп келеміз? Жоғарыдағы Еуропадағы ұлттық түлеу мен Қазақстандағы жағдайдың ортасынан параллель жүргізгің келеді. Бәрібір жауапсыз сұрақтардың тұтқынында қаласың...

Соңғы екі-үш жылдың айналасында Қазақстанның ақпарат кеңістігіндегі ұлтжанды қайраткерлерге, ұлтшыл ұйымдарға, жалпы «Ұлт» деген ұғымға  қарсы бағытталған  арсыз да ашық, жауапсыз да жойдасыз шабуылдарға қарап отырып төбе шашың тік тұрады. Мемлекеттің атын алған, үлес салмағы 70 пайыздан асқан жергілікті халықты түртпектеп, табалап, тепкілеп жатқанына емес, әрине. Оған етіміз үйренген ғой. Оған емес, сол шабуылдардың ту ұстаушысы Данияр Әшімбаев сияқты өзіңнің қаны бір, жаны бір қазағың екендігін көріп.  Және, ең қауіптісі, қоғамдық ой мен пікір алаңы солардың ойына келгенін істеп, асыр салатын жынойнағына айналғанын көріп. Төбе шашың тік тұрады!

Әр заманның өз құзғын, күшігені болады екен. Өткен ғасырдың 90-жылдары марқұм Нұрболат Масанов бастаған бір топ «орысшылдардың» елдің итсілікпесін шығарғаны жадымызда. Өткен шаққа көз жіберіп, сол уақыттағы қоғамдық ой мен сананың көкжиегінен қарасақ, бәрі де түсінікті, бәрі де айқындала түсетіндей. 90-жылдардағы Масановтармен, Әмреқұловтармен күрес, шын мәнінде, тәуелсіздікті жаңа алған қазақ ұлтының өзімен өзінің күресіндей көрінеді. Жаңа мемлекетшіл, тарихи сананың, балаң сананың барлық ішкі қарама-қайшылығы, ішкі бұлқынысы сол дәуірде құйылып сытқа төгілгендей. Біз ол кезеңнен әбден жалаңаштанып, ысылып, тазарып шықтық.

Ал, азат елдің жиырма жылдық тарихы көкжиегінен қарасақ, білікті ғалым, оқымысты Нұрболат Масановтар тобының Қазақстан мен қазақ ұлтының өткені мен болашағы туралы сол кезеңдегі артық-кем пікірлерінің біздің азат, сыни, ашық та әділ ой-санамыздың қалыптасуына орасан әсері болғанын сезінер едік. Тіпті, марқұм ғалым өмірінің соңғы жылдарында өз ұлтының көшпенді тарихы мен мәдениетін сарқа, түгесе зерттеуге ден қойғанын да жұрт біледі. Әміреқұловтар да, соңында қазақпен күрес емес, қазақ үшін күрес жолын таңдады. Әрбірден кейін, Масанов, Әмреқұловтар Кеңес кезеңінің тұсында қазақ тарихы, қазақ мәдениеті үшін бірсыпыра еңбек сіңірген, аузы уәлі, сөзі дуалы ғалымдар болатын.

Ал, Данияр Әшімбаев кім? Әлеуметтік желідегі там-тұм ақпараттарға сүйенсек, «Кто есть кто в Казахстане?» энциклопедиясының бас редакторы.  Өзге авторлармен бірігіп жазған екі-үш кітабы бар.

Данияр Әшімбаевтың алғаш атағы, 2000-жылдардың басында, Рахат Әлиевпен «істес болғаны» туралы әңгімеден кейін шыға бастады. Мәскеуде тіркеліп, Қазақстандағы биліктің үстінен оңды-солды компромат жариялаған «Азиопа» сайтының төңірегіндегі айқай-шу бүкіл елді дүрліктіреді. Тіпті, сайт Қазақстан президенті мен оның отбасын да аямайды. Осы тұста, «Время По» газетінің жазуынша, Мәскеуге материал жеткізуші «Мистер Х-тің» басқа, басқа емес Данияр Әшімбаев екендігі белгілі болады-мыс. Ол ағайынды Андрей, Александр Шуховтармен тығыз байланыста боп шығады. Ал, сол уақытта Шуховтардың артында атышулы қылмыскер Рахат Әлиев тұрған болатын. Бүгін «журналистердің досына айналған» Д.Әшімбаев сол уақытта «Время По» газетін сотқа беріп, моральдық шығынды 3 миллион теңгеге бағалады. Кезінде Қазақстанның барша журналистер қауымдастығы осы әділетсіздікке батыл қарсы тұрған да болатын. Бұл, енді, тақырыпқа қосылған штрих қана.

Әшімбаевты Әшімбаев қып танытқан - оның өз халқына деген шексіз жек көрініші. Бұл оның бағы емес, соры.

Әшімбаевтың «қазақ ұлты», «қазақ мүддесі», «қазақ зиялысы», «қазақ тілі» деген ұғымдарға деген өшпенділігіне таңданбасқа ләж жоқ. Мұндай медициналық, психикалық анықтамаларда кездеспейтін этнонигилизм жап-жас «қазақ баласының» бойына қайдан, қалай біткен, қалай сиып жүр? Қайран қаласың.

«Вечно обиженные патриоты пытаются, конечно, повернуть в свою сторону общее недовольство. И перед ними рано или поздно встанет вопрос дальнейшей стратегии. Кто такие национал-патриоты? В большинстве своем - творческая интеллигенция, околополитическая тусовка и те, кому не нашлось свистульки, права подписи и большой круглой печати. Эти люди постоянно ищут противников, пишут открытые письма (а раньше писали доносы - преимущественно друг на друга). Эти люди сыграли более отрицательную роль в нашей истории, чем все так называемые колонизаторы вместе взятые. И при этом почитают себя совестью нации. Они так вцепились в свои корни, что так и не смогли вырасти... Среди них больше всего специалистов по казахской филологии»,- дейді Д.Әшімбаев.

Немесе: «То, что я не читаю казахскую прессу или какие-то казахские источники, объясняется просто - для меня нет в этом необходимости. Хотя бы потому, что уровень информации в казахской прессе мне не очень интересен».

Егер Әшімбаев жаңа заманғы түрік тілінің негізін қалап отырған, әуезді де көркем, ұлы қазақ тілін, түсініп, оқи алмаса, уызында жарымаса, оған қазақ зиялысы, қазақ филологиясы, қазақ журналистикасы, қазақ тілі кінәлі ме? Айналып келгенде, сол зиялы қазақ интеллигенциясының бел ортасында, бәріміз құрметтейтін, ұлтжанды, ғалым әкесі Рахман Алшанов та жүр емес пе?!.

Оның суқаны сүймейтін «нацпаттардың», саяси той-томалақтың маңайынан шықпайтын зиялы қауымның сөзін Әшімбаев сөйлесе, ешкім де қой демес еді. Жоқ, Әшімбаев ондай емес, ол - «тарысы піскеннің тауығы болатын», ақысын берсе, боқысын шығаратын» жалдамалы жазғыштардың тобынан.

Д.Әшімбаев: «Если бы независимость свалилась на голову в 17-м году, то Казахстана как явления скорее всего, в принципе, сейчас уже не было бы или жили бы как те же монголы» дейді. Қазақ елі 1917 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгенде, Еуразиядағы ең ықпалды, моноұлтты, дамыған, өркениетті  мемлекетке айналар еді. «Қазақстан құбылыс ретінде» өмір сүрері анық, есесіне ол Қазақстанда Әшімбаевтарға орын болмас еді.

Біздің қуанышымызға орай, ол ешкім де емес. Менің бір ұлтжанды, оқымысты досым айтқандай: «Данияр Әшімбаев - нигилизмді - нахалдық,  попгапондықты - патриоттық деп ұғатын, ХХІ ғасырдағы қазақтың мәңгүрттігінің, этнонигилизмнің символы». Соңғы символдары.

Құдайшылығын айтайықшы, «Қазақтар Тәуелсіздік үшін күреспеген» деген сөзді аруақтан қорықпай, аузы қисаймай айтатын адамды қалай айтуға болады? Есі дұрыс адам туған халқын осыншалықты жек көре ме?

P.S.

Әрине, тақырыпты әріден бастап, тар соқпақты шиырлап кеткеніміз үшін оқырманнан кешірім сұраймыз. Бірақ, біздің кейіпкеріміздің түр-тұрпаты мен сиқы осы соқпақтан асуға мүмкіндік те берген жоқ.  Әйтпесе, айтпағымыз басқа еді. Ол тақырыпқа тағы бірде оралармыз.

Ғ.Орынбаев

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522