Жұма, 19 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 5354 24 пікір 22 Қараша, 2021 сағат 19:03

Маминнің «қаһармандар» отряды һәм атаққұмарлық ауруы

Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл. Дөңгелек дата. Ғасырлар бойы біресе патшалық Ресейдің, біресе Кеңестік Ресейдің боданында рухы жаншылып, ұлттық бет-әлпетінен түп-түгел айрылудың аз-ақ алдына жеткенде, қолдан ашаршылық ұйымдастырып, репрессия жүргізіп миллиондаған қазақты қасақана қырып салған қанды жүйе, қызыл кісеннен құтылып шыққанымызға тұп-туралы 30 жыл. Ақылы бүтін, есі дұрыс, санасы ояу әрбір қазақ үшін Тәуелсіздік күні – ең қасиетті, ең ұлық күн! Хош!

Осы отыз жылда қазақ қандай болдық? Жеткен жетістіктеріміз не, кеткен кемшіліктеріміз не? Тәуелсіздіктің әр жылын қорытындылап отыру міндет, керек десеңіз қажеттілік!

Әрісін айтпағанда, 1991 жылдан күні бүгінге дейін 13 мәрте Үкімет басшысы ауысыпты (1991 жылдың қазанына дейін Үкімет басқарған Ұзақбай Қарамановты қоса айтқанда).

Оның ішінде Сергей Терещенко, Кәрім Мәсімовтер 2 кезек Үкімет тізгіндеген. Қазір Үкімет басшысы – 56 жастағы Асқар Мамин. 2019 жылдың 25 ақпанында тағайындалды. Артынша президент сайлауы өтіп, билік тізгіні Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа өткен сәтте де, Үкіметті Мамин басқарып қала берді. Мамин Үкіметі үнемі қиындықтар мен келеңсіздіктерге тап болды. Өтірік есеп пен көзалдаушылық жасауға әбден машықтанған Мамин Үкіметінің сансыз олқылықтарының аз бөлігін әлгінде ғана егжей-тегжейлі жаздық.

«Мамин Үкіметі қашан доғарысқа кетеді», - деп сұрадық. Үкімет пен Парламенттегі дәу дәліздерде журналистерден үркіп қашып, үнсіз безетін Маминнің өзі төтесінен қойылған сауалымызға тіл қатып, жауап бермесе де, орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді. «Үкімет өз ісін атқарып жатыр. Отставкаға себеп жоқ», - деді, шолақ кесіп. Оған да мақұл дедік.

Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Осыған орай «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» дейтін мерекелік медаль әзірленіп жатыр. Осындай дөңгелек даталарда қап-қабымен мерекелік медалдер үлестіру дәстүрге айналып үлгерген. «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» т.б.

Адамзат тарихында үңілсек, небір атаққұмар, даңққұмар  адамдар  болған. Кезінде  КСРО-ны басқарған Леонид Брежнев орден-медаль, атақ-мансапқа өлердей ғашық болғанын жақсы білесіздер. Кеудесі темір-терсекке толып жүретін Брежнев өтірік мақтау, жалған марапатқа балаша қуанып, мәз болады екен деп күлетінбіз. Бүгінде сол  Брежневтің  өзін  шаң  қаптырып  кететіндер пайда болды. Қайда? Біздің Үкіметте!

Асқар Мамин басшылық ететін Қазақстан Үкіметінде қазір 18 министр, 2 орынбасар мен бір Кеңсе басшысы «Үкімет құрамы» қатарлы санақта тұр екен. Бұл жиырма бір шендінің  кеудесіндегі темір алқалары Солтүстік Кореяның «ардагерлерінен» бір кем емес. Әрқайсысы орден таққан. Әрқайсысы «Ерен еңбек сіңірген». Кіл мықтылар. Кіл дөкейлер. Өздеріңіз көріңіздер... Мархабат...

Асқар Ұзақпайұлы Мамин

56 жаста. 2019 жылдың ақпанынан бері Үкімет басшысы.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

1998 жыл – «Ерен еңбегі үшін» медалі (Қазақстан),
2006 жыл – «Құрмет» ордені (Қазақстан),
2008 жыл – «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (Қазақстан),
2010 жыл – «3 дәрежелі әулие княз Данила Московский» ордені (Ресей, ОПШ),
2011 жыл – «2 дәрежелі Барыс» ордені (Қазақстан),
2011 жыл – «Астананың Құрметті азаматы» атағы (Қазақстан),
2012 жыл – «Құрметті теміржолшы» атағы (Қазақстан),
2013 жыл – «Құрметті құрылысшы» атағы (Қазақстан),
2013 жыл – «Құрметті Легион» ордені (Франция),
2013 жыл – «Гранд-офцер» кресті (Латвия),
2014 жыл – «Азаматтық еңбегі үшін Үлкен Крест» ордені (Испания),
2017 жыл – «Достық» ордені (Өзбекстан),
2018 жыл – «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалі (Қазақстан),
2019 жыл – «ЕАЭО-ны дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (ЕАЭО),
2020 жыл – «Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (Қазақстан),
2021 жыл – «Достық» ордені (Ресей).

Әлихан Асханұлы Смайылов

48 жаста. 2019 жылдың ақпанынан бері Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

«ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Конституциясына 10 жыл» медалі (Қазақстан),
«Астанаға 10 жыл» медалі (Қазақстан),
«Астанаға 20 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі (Қазақстан),
«Парасат» ордені (Қазақстан, 2020 жыл),
«Ерен еңбегі үшін» медалі (Қазақстан),
«ЕАЭО-ны дамытуға қосқан үлесі үшін 2 дәрежелі» медалі (ЕАЭО).

Роман Васильевич Скляр

50-де. 2019 жылдың қыркүйегінен бері Үкімет басшысының орынбасары.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

2008 жыл – «Астанаға 10 жыл» медалі (Қазақстан),
2010 жыл – «Құрмет» ордені (Қазақстан),
2011 жыл – «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (Қазақстан),
2017 жыл – «Парасат» ордені (Қазақстан).

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов

58-де. 2020 жылдың ақпанынан бері Үкімет басшысының орынбасары.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

2001 жыл – «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (Қазақстан),
2007 жыл – «Ерен еңбегі үшін» медалі (Қазақстан),
2011 жыл – «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (Қазақстан),
2018 жыл – «Парасат» ордені (Қазақстан),
? – «2 дәрежелі Достық» ордені (Қазақстан),
«Астанаға 20 жыл» медалі (Қазақстан).

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді

53-те. 2019 жылдың қыркүйегінен бері ҚР Сыртқы істер министрі. ҚР Үкімет басшысының орынбасары.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

«Астанаға 10 жыл» медалі (Қазақстан),
«Астанаға 20 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Конституциясына 20 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (Қазақстан),
«Ерен еңбегі үшін» медалі (Қазақстан),
«Парасат» ордені (Қазақстан).

Ғалымжан Телманұлы Қойшыбаев

53-те. 2019 жылдың наурызынан бері ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

«ҚР Конституцитясына 10 жыл» медалі (Қазақстан),
«Астанаға 10 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (Қазақстан),
«Құрмет» ордені (Қазақстан),
«Парасат» ордені (Қазақстан),
«Құрмет Кресті» ордені (Латвия).

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов

56-да. 2021 жылдың тамызынан бері ҚР Қорғаныс министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

«Астанаға 10 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Конституциясына 10 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (Қазақстан),
«Астана» медалі (Қазақстан),
«Мінсіз қызметі үшін» медалі (Қазақстан),
«Мінсіз қызметі үшін» медалі (Қазақстан),
«Халықаралық әскери достықты дамытқаны үшін» медалі (Қазақстан),
«2 дәрежелі Даңқ» ордені (Қазақстан).

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев

59-да. 2019 жылдың ақпанынан бері ҚР Ішкі істер министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

І және II дәрежелі «Даңқ» орденінің толық кавалері,
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен,
І дәрежелі «Қайсар» белгісімен,
«Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен, мерейтойлық және ведомстволық медальдармен награтталған.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.

Аида Ғалымқызы Балаева

47-де. 2020 жылдың мамырынан бері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

2010 жыл – «Құрмет» ордені (Қазақстан),
2016 жыл – «Парасат» ордені (Қазақстан),
Одан бөлек Қазақстанның мерекелік медалдары.

Ербол Шырықпайұлы Қарашөкеев

44-те. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Ауыл шаруашылық министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері туралы деректер жоқ.

Марат Бақытжанұлы Бекетаев

44-те. 2016-2019 жылдар аралығында және 2021 жылдың қаңтарынан бері ҚР Әділет министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

2011 жылы – «Құрмет» ордені (Қазақстан),
2017 жылы – «Парасат» ордені (Қазақстан),
2018 жылы – «Астанаға 20 жыл» медалі (Қазақстан),
2020 жыл – «Парламентаралық әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (ТМД, ПА).

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов

39-да. 2019 жылдың маусымынан бері ҚР Білім және ғылым министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері туралы ақпарат жоқ.

Алексей Владимирович Цой

44-те. 2020 жылдың маусымынан бері ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

2019 жыл – «ЕАЭО-ны дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (ЕАЭО).

Серік Жамбылұлы Шапкенов

42-де. 2021 жылдың қаңтарынан бері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

«Құрмет» ордені (Қазақстан).

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов

57-де. 2019 жылдың қыркүйегінен бері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

2008 жыл – «Астанаға 10 жыл» медалі (Қазақстан),
2011 жыл – «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (Қазақстан),
2013 жыл – «Құрмет» ордені (Қазақстан),
2015 жыл – «ҚР Конституциясына 20 жыл» медалі (Қазақстан),
2016 жыл – «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (Қазақстан),
2018 жыл – «Астанаға 20 жыл» медалі (Қазақстан),
2018 жыл – «Парасат» ордені (Қазақстан),
2020 жыл – «1 дәрежелі Дипломатиялық еңбегі үшін» ордені (Оңтүстік Корея).

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев

47-де. 2020 жылдың мамырынан бері ҚР Қаржы министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

«Құрмет» ордені (Қазақстан),
«ҚР Ұлттық банкінің құрметті қызметкері» атағы (Қазақстан),
«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалы (Қазақстан),
«Теңгеге 20 жыл» медалы (Қазақстан),
«Астанаға 20 жыл» медалы (Қазақстан),
«Ерен еңбегі үшін» медалы (Қазақстан),
«ЕАЭО-ны дамытуға қосқан үлесі үшін» медалы (ЕАЭО).

Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова

57-де. 2019 жылдың маусымынан бері ҚР Мәдениет және спорт министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

«Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағы (Қазақстан),
«ҚР Конституциясына 25 жыл» медалі (Қазақстан),
«Астанаға 20 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (Қазақстан),
«Ассамблеяға 20 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Конституциясына 20 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (Қазақстан),
«Құрмет» ордені (Қазақстан).

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов

49-да. ҚР Сауда және интеграция министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

2006 жыл – «Құрмет» ордені (Қазақстан),
2006 жыл – «ҚР Парламентіне 10 жыл» медалі (Қазақстан),
2008 жыл – «Астанаға 10 жыл» медалі (Қазақстан),
2011 жыл – «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (Қазақстан),
2012 жыл – «Парасат» ордені (Қазақстан),
2014 жыл – «ҚР Қаржы саласының үздігі» атағы (Қазақстан),
2015 жыл – «ҚР Конституциясына 20 жыл» медалі (Қазақстан),
2018 жыл – «Астанаға 20 жыл» медалі (Қазақстан).

Юрий Викторович Ильин

53-те. 2020 жылдың қыркүйегінен бері ҚР Төтенше жаңдайлар министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

«Ассамблеяға 20 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Конституциясына 25 жыл» медалі (Қазақстан),
«Төтенше жағдайлардын алдын алуда және жоюда уздіқ шыққаны үшін» медалі (Қазақстан),
«ҚР Полициясына 25 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметіне 25 жыл» медалі (Қазақстан),
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі (Қазақстан),
«Мінсіз қызметі үшін» медалі (Қазақстан),
«ҚР Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі (Қазақстан),
«Астанаға 10 жыл» медалі (Қазақстан),
«Астанаға 20 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Конституциясына 10 жыл» медалі (Қазақстан),
«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (Қазақстан),
«Құрмет» ордені (Қазақстан).

Әсет Арманұлы Ерғалиев

35-те. 2021 жылдың қаңтарынан бері ҚР Ұлттық экономика министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

«Ерен еңбегі үшін» медалі (Қазақстан).

Бағдат Батырбекұлы Мусин

38-де. 2020 жылдың қыркүйегінен бері ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

«Ерен еңбегі үшін» медалі (Қазақстан),
«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (Қазқстан).

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев

49-да. 2021 жылдың қыркүйегінен бері ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

«ЕАЭО-ны дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (ЕАЭО).

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев

43-те. 2021 жылдың қыркүйегінен бері ҚР Энергетика министрі.

Алған атақ-марапаттары, орден-медалдері:

2014 жыл – «Ерен еңбегі үшін» медалі (Қазақстан),
2015 жыл – «2 дәрежелі ЕАЭО-ны дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (ЕАЭО),
2016 жыл – «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (Қазақстан),
2019 жыл – «1 дәрежелі ЕАЭО-ны дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (ЕАЭО).

Түйін: Біздің биліктің қазіргі саяси силуеті осы міне.

Жоғарыда айттық. Бұл жолы да сол дәстүр, сол салт бойынша 30 жылдықтың темір аспасы даярланыпты. Оны кімдер алады? Құжатта анықтап жазылған: «Мерекелік медалмен Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан азаматтары және шетел азаматтары наградталады». Жөн-ақ! Отыз жылда ел дамуына үлес қосқан ел азаматтарының еткен еңбектерін елеп жатса құба-құп! Алайда, көбіне осы бір болмашы медалдің өзі атақұмар, атқұмар адамдардың ұсақ саудасына түсіп кететіні өкінтеді.Ал бұл марапатқа лайық па, жоқ па, ол жағы марапатты үлестірушілерді де, оған ынта-шынтасымен ұмтылғандарды да ойландыра қоюы екіталай...

Ең қызығы жаңағы отыз жылдықтың медалін алғашқылардың бірі болып алатын да жоғарыдағы Маминнің «қаһармандар» отряды болатыны даусыз. Ал Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деген қасиетті дата атаққұмарлық ауруы асқынған Қазақстан билігіндегі аз топ үшін кеуделеріне алқа тағудың тағы бір мүмкіндігі ғана секілді көрінеді.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

24 пікір