Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 4375 11 пікір 22 Қараша, 2021 сағат 15:23

Орыс мектебі азайып, аралас мектеп көбейді

Қазақстандағы орыс тілі мәселесі мен мемлекеттік тілді көтеру тақырыбы ширек ғасыр күн тәртібінен түскен емес. Мемлекеттік тілді билік мінберден көп айтпайтыны да халықтың наразылығын туындатуда. Ал соңғы жылдары қазақ мектептерінен гөрі аралас мектептердің саны көбейіп барады дейді сарапшылар. Кейінгі 10 жылда елде қазақ мектебінің саны бар-жоғы 4-ке көбейсе, аралас мектеп бірден 339-ға артқан екен. 

Елімізде орыс мектептері соңғы 10 жылда олардың саны 211-ге кеміген. Бірақ аралас мектептер саны артқан. Өкінішке орай әр бес жыл сайын олардың саны орта есеппен 200-ге артып отырған. Аралас мектеп дегеніміз де аты аралас, заты орыс мектебі деген сөз. Себебі қалалық жерде қазақ мектебінде оқитын балалардың өзі, көшеде орысша сөйлегенді құп көреді дейді мамандар.

Астанамыздағы «Binom school» директоры Шолпан Қадырова: «Ірі қалаларда ата-аналар өз ыңғайы үшін бе, әйтеуір балаларын орыс сыныптарына береді. Бірақ қазір қаланың кез келген мектебіне барсаңыз, қазақ тілді бастауыш сыныптардың мұғалімдері қаншалықты жанып тұрғанын көресіз. Ал орыс сыныптарында кадр жетіспейді. Орыс сыныптарда бастауыш мұғалімдеріне түлектер барғысы келмейді. Бұл қажеттілікті жабу үшін орыс сыныптары төртінші курстарда оқитын студенттерді жұмысқа алуға мәжбүр», - дейді.

Бүгінде орыс сыныптарында оқып жатқан балалардың басым көпшілігі қазақ балалары.  Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 гимназиясының директоры Аятжан Ахметжанұлы: «2017 жылдан кейін бұл көрсеткіш кері шегінді. Оның екі түрлі себебі бар: бірі – билік ресми орыс тілді мектептерге көңіл бөлуін қой терісін жамылған қасқыр форматында жүргізді. Ол – үштілділік саясаты. Сол арқылы құрдымға кетіп бара жатқан орыс тілді мектептерді тірілтуге барын салды.

Міне, сол себепті халық жаппай баласын орыс сыныптарына береді. Сондықтан бұл тікелей биліктің тікелей шешімі деп айтуға болады. Иә, баласын қай тілдегі мектепке беруді ата-ана шешеді. Бірақ ата-ана, халық билік қай жаққа көп көңіл бөледі – сол жаққа баласын береді. Шешімі – билік қазақ тіліне бет бұруы керек», - дейді.

Елімізде латын әліпбиі реформасы сәтсіз жүрсе, орыс мектептері мен аралас мектептерге балаларын беретін қазақтар саны артуы мүмкін деген болжам бар.

Abai.kz

11 пікір