Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3342 0 пікір 30 Шілде, 2012 сағат 08:19

Бас бапкердің бүкпесіз әңгімесі

Ел футболында келімсек бапкерлер қаптаған. Қостанайлық «Тобылдың» тізгіні Вячеслав Грозныйда. «Астананы» Мирослав Бераник жаттықтырады. Қарағандыдағы Виктор Кумыков та қазақ емес. Кеше «Қайратқа» испан Хосе Сересті алдырдық.

Мүмкін қазіргі футболдың, бүгінгі заманның талабы шығар. Шеттен келді деп шетпектетер еш ойымыз жоқ. Ресейдің «Зенитін» Лучано Спаллетти «Анжиды» Гус Хиддинк басқарады. Қазақстан футболының дамуына шын үлес қосып жатса, әлгі Хосе Серестерге мың алғыс. Әйтпесе кейбір легионер бапкерлер ақша төлемесең әкесінің көрін де қазбайтынын көріп жүрміз.

Баяғыда бір данышпан «қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына қиналамын» деген екен. Қазақ футболында қазақ бапкерлерінің аздығы намысқа тиеді әрине. Саусақпен санарлықтай. «Қарағай басын шортан шалдыра» сөйледі деп сөкпеңіз жанкүйер ағайын! Айқын әнгімені ашық айтып отырмыз. Қаласақ та, қаламасақ та шындық осы.

Қазақ бапкері болған үшін емес, қайсар бапкер болғаны үшін сыйлаймын өз басым Талғат Байсуфиновты. Маруанұлында бес берер, алты алар жоқ. Қажымас қайрат, ерен еңбегімен қазақ футболын, Павлодар футболын алға сүйреп жүрген азамат қандай құрметке болсын лайық. Осы аптада «Ертіс» командасының бас бапкерінен сұхбат алдық.

Әділ сын болса қабылдаймын

Ел футболында келімсек бапкерлер қаптаған. Қостанайлық «Тобылдың» тізгіні Вячеслав Грозныйда. «Астананы» Мирослав Бераник жаттықтырады. Қарағандыдағы Виктор Кумыков та қазақ емес. Кеше «Қайратқа» испан Хосе Сересті алдырдық.

Мүмкін қазіргі футболдың, бүгінгі заманның талабы шығар. Шеттен келді деп шетпектетер еш ойымыз жоқ. Ресейдің «Зенитін» Лучано Спаллетти «Анжиды» Гус Хиддинк басқарады. Қазақстан футболының дамуына шын үлес қосып жатса, әлгі Хосе Серестерге мың алғыс. Әйтпесе кейбір легионер бапкерлер ақша төлемесең әкесінің көрін де қазбайтынын көріп жүрміз.

Баяғыда бір данышпан «қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына қиналамын» деген екен. Қазақ футболында қазақ бапкерлерінің аздығы намысқа тиеді әрине. Саусақпен санарлықтай. «Қарағай басын шортан шалдыра» сөйледі деп сөкпеңіз жанкүйер ағайын! Айқын әнгімені ашық айтып отырмыз. Қаласақ та, қаламасақ та шындық осы.

Қазақ бапкері болған үшін емес, қайсар бапкер болғаны үшін сыйлаймын өз басым Талғат Байсуфиновты. Маруанұлында бес берер, алты алар жоқ. Қажымас қайрат, ерен еңбегімен қазақ футболын, Павлодар футболын алға сүйреп жүрген азамат қандай құрметке болсын лайық. Осы аптада «Ертіс» командасының бас бапкерінен сұхбат алдық.

Әділ сын болса қабылдаймын

Бас бапкер болған соң, кейде мені сынап жатады.  Команда бірде жеңеді, бірде жеңіледі. Бұл-футбол. Мен данышпан емеспін. Ет пен сүйектен жаралған адаммын. Матч барысында өзім туралы жағымсыз сөздерді естіп қаламын. Жеке басқа тисіп жатады. Айта берсін. Не айтқысы келсе, соны айтсын. «Ит үреді, керуен көшеді». Мен өз жұмысымды жалғастыра беремін. Жанкүйерлерді түсінуге болады. Айтсын, сынасын. Бірақ нақты жұмысымды сынасын. Сонда әділ болады. Адамдық мәдениет, жанкүйерлік мәдениет деген ұғымдар бар. Босқа байбалам салып, стадионда айқайлап, балағаттау ешқандай мәдениетке жатпайды. - деп бастады әнгімесін Талғат Маруанұлы.

«Атырау» мен «Астанаға» қарсы өткізген ойындар туралы;

Соңғы матчтарда жақсы ойнадық. Атырауды сырт алаңда жеңдік. Астананы өз стадионымызда ұттық. Жігіттер түсінді. Біріншіден өздеріне сене бастады. Екіншіден бір-біріне сене бастады. Ұжымдық ойын қалыптасты. Командалық рух бар. Біреу барлығы үшін, барлығы біреу үшін қағидасы. Тактикалық бірнеше өзгерістер жасадық. Футболшылардың жеңіске деген құлшыныстары жақсы. Еңбектің, жаттығудың нәтижесі. «Атыраумен» «Астанамен» болған ойындар оңай болмады. Екеуі де жақсы командалар. Жақсы ойыншылары бар. Біздің жеңістеріміздің кепілі жаттығуда. Төккен тер босқа кетпеді. Келесі ойындарға да  дайындықпен, жауапкершілікпен шығамыз. Көреміз. Иншалла түгелі дұрыс болады.

 

 

Сергей Струков Давид Лориялардың «Ертістен» кету себебі

Мен чемпионат басталар алдында барлық футболшымен жеке-жеке сөйлескенмін. Сонда айттым біз результат жасау үшін жиналдық. Ешкімді зорлап ұстамаймыз. Олар да түсінген, келіскен. Маусым аралық үзіліс кезінде Сергей Струков «Тобылға» кетті. Екінші айналымының басталуына 2 күн қалғанда маған қоңырау шалды. Кетемін деді. Сөйлестік. Кетті.  Негізгі құрамада шығу үшін өзіңді көрсетуің керек. Мен бойың ұзын, сөзін жақсы деп составқа қоя алмаймын. Сергей соңғы ойындарда негізгі құрамда ойнамай жүрді. Мен жас болса да еңбекқор Павел Шабалинді шығардым. Бакаев-Шабалин тандемі жақсы ойнап кетті. Маған ренжитін себеп болмады. Қақпашы Давид Лориямен де жағдай осылай. Мен айттым өзіңнің жеке шешімің деп. Мен ешкімге жалынбаймын. Біріншіден «Ертіс», екіншіден Павлодар облысы, үшіншіден мен бапкер ретінде қандай мықты футболшы болса да жалынып, ұстамаймыз.

Жас шабуылшы Глеб Мальцевтің болашағы

Глебтің жағдайы қазір жақсы. Ол Омскте, Мәскеуде медициналық тексеруден өтті. Енді Израильде. Дәрігерлер ешқандай ақау таппады денсаулығынан. Бірақ оның бір жаманы  осылай жай отырғанда қан айналымы дұрыс емес. Ал жаттығу  жасағанда барлығы өз орнына келеді. Бұл бір феноминальды жағдай. Кішкене түсініксіздеу. Дәрігерлер қарайды әлі. Операцияны әлі жасамайды. Егер операция қажет болса дәрігерлер уақытында айтар еді. Жас болса да Глеб талантты футболшы. Біз оның барлық тексерілуіне жағдай жасадық. Клуб барлық қаражатты төледі. Ол Павлодардың тумасы. Тізімде бар. Ешкім командадан оны шығарып тастамады. Бәрі ойдағыдай болса Мальцев болашақта талай қақпашылардың мазасын алады.

Ұлықбек Бакаевке бас бапкердің көзқарасы

 

Бакаев-профессионал. Мен онымен көп сөйлестім. Жанкүйерлер оған көп айқайлайды. Бакаев барлығын түсінеді. Кім не айтса да ол лидер. Мен Ұлықбекке сенемін. Енді қараңыз 7 гол соқты. Команда бомбардирі. 11 рет  «голевой пас» берді. Қостанайда «Тобылмен» ойында жалғыз өзі команданы алып шықты. 1 турда «Шахтерді» жеңгенде әдемі пас берді. Струков гол соқты. «Жетісумен»  ойында Юрин мен Аяғанов Бакаевтың пастарымен гол салды. Атыраудағы  матчта керемет ойнады. Осы жолы «Астананы» жеңгенде  қорғаушыларға да көмектесті, гол да кіргізді. «Ертіс» үшін барлығын жасауға дайын футболшы. Әр матчқа жауапкершілікпен шығады. Ол да адам ғой. Уайымдайды. Мен оны әрқашан қолдап отырамын.

Әлібек Аяғанов пен Тимур Байжановтар ертеңіміз

 

Болашағынан зор үміт күтемін. Екеуі де әлі жас. Оларға көп жаттығу керек. Жалқауланбай жұмыс істесе мақсаттарына жетеді. Тәрбиелері өте жақсы. Айтқанымды тыңдайды. Ата-аналарына үлкен рахмет.Жаттығуды  қалдырмайды. Жас болған соң расын айтқанда анда-санда дискотека, қыздарға барады. Барсын. Өзім де жас болғанмын. Қарсы емеспін. Ең негізгісі жаттығуды ұмытпасын. Матчтарға кері әсер етпесін. Олардың бірінші мақсаты футбол ойнау. Командаға көмектесу.

Жаңадан келген футболшылар жайлы

Струков кеткен соң тез арада оның орнына жақсы шабуылшы табу керек болды. Қарадық, іздестірдік. Владислав Мирчев болгарлық футболшыға тоқтадық. Талантты шабуылшы. Жасы 25-те. «Қайратта» «Жетісуда» сынақта болды. Босниялық Малетичте мықты футболшы. Универсал. Екі қапталда да ойнай алады.Өте маңызды.Өйткені бізде Юрин, Эсоомба, Шабалин ғана кез-келген жерде ойнай береді. Бұл футболшылардың келуімен «Ертіс» тек күшейді.

«Ертістің» мақсаты чемпиондық

Мен біріншілік басталар алдында облыс басшысымен кездестім. Ол кезде Бахытжан Сагынтаев болды. Команданы бірге жасақтадық. Бірге ақылдастық. Осы жолы Ерлан Мұхтарұлымен жолықтым. Аймақ басшысы барлығын сұрады. Қандай проблема бар, не істеу, қандай қолдау керектігін. Барлық жағдай жасалынған. Біздің жағдайымыз облыс әкімінің ерекше қадағалауында. «Ертістің» мақсаты тек чемпион болу. Одан басқа мақсат болуы мүмкін емес. Шамамыз келгенше алға ұмтыламыз. Үздік үштікке кірсек те жаман емес. Павлодарға еуропаның командаларын әкелу- міндетіміз. Қаламызда Грузияның, Польшаның клубтары болды. Соны жалғастыру керек. Ел біріншілігінде  жүлдеге іліксек , осындай мүмкіндік болады.

Бас бапкерлік жұмысы туралы

Сенсеңіз де сенбесеңіз де  айтайын 3 жылда жанұяммен бірге ешқайда дем алмадым. Уақыт жоқ. Стадион-үй-стадион. Болды. Жұмыстан басқа нәрсені ойлауға шама болмайды. Менің жұмысым, мені асырап отыр. Команда жеңсе қуанасың. Жеңілсе уайымдайсың. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылдық. Кейбір жанкүйерлер айтады Байсуфинов «жылы орында» отыр деп. Жылы болса келіп отырсын қасыма. Бұл орын «электрический стол». Оңай емес әлдебіреулер ойлағандай. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Төземін, шыдаймын. «Ертіс» жақсы нәтижеге жетсе басқа арманым жоқ.

Талғат аға ағынан жарылды. Айтары көп екен абыройлы азаматтың. Ешкімге өкпем жоқ деді сұхбат соңында. Тек әр адам өз ісіне жауапты, әр сөзіне мән берсе деп түйін жасады. Шынымен де артық кетіп жатады кейбір жанкүйерлер. Дұрыс талапты Талғат бапкер де дұрыс түсінеді. Қазіргі қазақ футболында Талғат Байсуфиновтан басқа бөліп жара айтатын жаттықтырушың да жоқ. Сондықтан «қолда бар алтынның, қадірін білейік» жанкүйер ағайын!

Еркебұлан Алдабергенов

Павлодар

«Абай-ақпарат»

0 пікір