Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4173 0 пікір 26 Шілде, 2012 сағат 13:11

Есқабыл Қуаныш. Бір қазақша көше атауы бұйырмаған қала

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жер-су атауларын жаппай қазақыландыру қарқынды түрде жүріп еді. Республика бойынша Гурьев, Целиноград облыстары мен 13 қаланың, 54 аудан мен көптеген елді мекеннің атаулары қазақшаланды. Алайда соңғы кездері ежелгі жер-су атауларын жоқтаушылар қатары азайып кеткен секілді.

Тәуелсіз елдің еркін ойлы ұрпағын отансүйгіштікке, ұлтшылдыққа, ешкімге жалтақсыз етіп тәрбиелейміз десек бұл мәселенің кезек күттірмесі анық. Ленин, Калинин, Кутузов, Суворов, Петропавл, Павлодар сияқты елдің тарихына еш қатысы жоқ кеңестік атаулар ақыл-ойы мен сана-сезімі жетіліп келе жатқан жас жеткіншектің тұлғалық дамуын тежейді. Тәуелсіз елдің топонимикасы тек қана қазақ ұлтына тәуелді болуы тиіс. Себебі Кеңестік дәуірде қала мен ауылдардың тарихи атауларын орысшалағанда ешкім қазақтан рұхсат сұраған емес.

ИМАНҒАЛИДЫҢ ИГІ ІСІ

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жер-су атауларын жаппай қазақыландыру қарқынды түрде жүріп еді. Республика бойынша Гурьев, Целиноград облыстары мен 13 қаланың, 54 аудан мен көптеген елді мекеннің атаулары қазақшаланды. Алайда соңғы кездері ежелгі жер-су атауларын жоқтаушылар қатары азайып кеткен секілді.

Тәуелсіз елдің еркін ойлы ұрпағын отансүйгіштікке, ұлтшылдыққа, ешкімге жалтақсыз етіп тәрбиелейміз десек бұл мәселенің кезек күттірмесі анық. Ленин, Калинин, Кутузов, Суворов, Петропавл, Павлодар сияқты елдің тарихына еш қатысы жоқ кеңестік атаулар ақыл-ойы мен сана-сезімі жетіліп келе жатқан жас жеткіншектің тұлғалық дамуын тежейді. Тәуелсіз елдің топонимикасы тек қана қазақ ұлтына тәуелді болуы тиіс. Себебі Кеңестік дәуірде қала мен ауылдардың тарихи атауларын орысшалағанда ешкім қазақтан рұхсат сұраған емес.

ИМАНҒАЛИДЫҢ ИГІ ІСІ

Жалпы, өткенімізді саралап, елді мекендердің тарихи атауларын қайтару - Ресей империясын мәңгі ұмытып, отарлық санадан арылудың төте жолы. Бұл ретте Астана мен оған іргелес жатқан елді мекендерде 800-ден астам көше мен алаң атауын қазақшалатқан қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың ерлігін ерекше атап кеткен жөн. Елорданың орталық көшелері тоталитарлық кезде заңсыз аталмай,  ұмыт болып бара жатқан Кенесары, Абылай хан, Қабанбай батыр, Бауыржан Момышұлы, Шоқан сияқты ұлы тұлғалардың есімдерімен атала бастады. Бүгінде жаңадан бой көтерген мәдениет үйлері мен мектептерге, парктер мен скверлерге қазақтың даңқты ұл-қыздарының есімдері берілуде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде «Еліміздің барлық қалалары Астанаға қарап бой түзеп, ұлт келбетіне айналуы тиіс» деген болатын. Ымды түсінбеген, дымды да түсінбейді. Ендеше, жергілікті әкімқаралар бұл мәселені тұрарлатпай у-шусыз-ақ шешсе екен.

 

ЕРЛАННЫҢ ЕРЛІГІ

Бас қалаға жақын орналасқан Павлодар шаһарының ономастикасы Өскемен, Петропавл, Көкшетауларға қарағанда біршама тәуір. Кереку өңіріне ұлтжанды азамат Ерлан Арын келгелі қалаға қазақы шырай келіп, кесек-кесек істер атқарылды. Ректорлық қызметте жүріп-ақ Кереку-Баян өңірінің біртуар ұл-қыздарына көше атауларын алып беріп, кесенелер мен ескерткіштер тұрғызды. Өлкенің рухани-мәдени мұрасын жинақтап, «Кереку» баспасынан том-томдап кітаптар шығарды. Елбасымыз жыл басында Ерлан Арынға облыстың тізгінін ұстатып, халықты бір қуантқаны әлі есімізде. Енді рухы биік Ерлан әкім «Павелға сый болған» Кереку өңіріндегі ономастика мәселесін ретке келтіреді деген үміт бар. Қаланың бас көшелерінің бірі саналатын Кутузов, Суворов, Лениндердің дәуірі бітіп, облыс пен қала атауы қазақша «сайраса» нұр үстіне нұр болар еді. Бастысы қандай батыл қадам жасаса да, Арын мырза артында қолдаушы халқы тұрғанын ұмытпаса игі.

БІР ҚАЗАҚША КӨШЕ АТАУЫ БҰЙЫРМАҒАН ҚАЛА

Қостанай облысының топырағы қазақтың маңдайына жұлдыз боп біткен ұлыларға кенде емес. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Омар Шипин, Ілияс Омаров, Бейімбет Майлин, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді көптеген тұлғалар осы өңірде дүниеге келді. Сондықтан болар Рудныйға ат шаптырым орналасқан Қостанай қаласында осы ұлы тұлғаларға арнап көше атаулары берілген. Ал 130 мыңға жуық халқы бар Рудный шаһарына бірде-бір қазақша көше атауы бұйырмапты. Қаладағы Ленин, Франко, 50 лет Октября, 40 лет Октября, Комсомольская, Корчагин, Пионерская, Мира, Качарская, Калинин көшелері сырттан келген қонаққа, құдды Ресей империясында жүргендей әсер сыйлайды. Сонда қазақ халқына ортақ Абай, Ыбырай, Шоқан, Ахметтердің Рудный қаласына түк қатысы жоқ болғаны ма? Әлде олардың «жазығы» 55 жасар кеншілер қаласында тумағандығы ма? Онда Ақтөбе қаласында Алтынсарин көшесі, Шымкентте Байтұрсынов, ал Астанада М.Дулатұлы көшелері қалай келіп қалғанын жергілікті билік пен ономастикалық комиссия мүшелері білмей ме? Біледі. Біле тұра ұлттық мүддемізге қатысты мәселелерді ең соңғы кезекке қояды. Біз қанға біткен момындығымызбен ұлттық мүдде тұрғысынан ұтатын жерде арқамызды кеңге салып, сағыздай созылып жүріп алдық. Енді нақты іске кірісер кез келді!

«Көш жүре түзеледі» дейді дана халқымыз. Сол көшіміз көп жүріп, адасып кетпесе игі.


ДЕРЕК: Орысша облыс пен елді мекен атаулары:

2 облыс - Павлодар облысы; Петропавел

19 қала - Павлодар, Петропавл, Рудный, Риддер, Степногорск, Щучинск, Зыряновск, Лисаковск, Шахтинск, Шемонаиха, Приозерск, Курчатов, Державинск, Булаево, Мамлют, Сергеевка, Форт-Шевченко, Степняк, Серебрянск;

19 аудан - Индер (Атырау облысы), Астрахан, Целиноград (Ақмола облысы), Зеленов, Казталов (БҚО), Мамлют, Тимирязев (СҚО), Глубокое, Бородулиха, Шемонаиха (ШҚО), Успен, Май, Лебяжье, Железинка (Павлодар облысы), Панфилов (Алматы облысы), Осакаров (Қарағанды), Таран, Денисов, Федоров (Қостанай облысы);

Ганюшкино, Суворов, Кутузов, Ленин, Карл Маркс, Калинин, Жданов, Павловка, Ольгино, Константиновка сияқты 1500-ге жуық ауыл атауы Сізге Ресей империясында жүргендей әсер қалдырады.

Есқабыл Қуаныш,

Рудный қаласы

0 пікір