Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4448 0 пікір 25 Шілде, 2012 сағат 13:50

Шара Құрбанова. «Желтоқсан ақиқаты» 7 миллион теңге ме?

«Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің мүшелерінің арасында туған дау-дамайдың басталғанына біраз уақыт болып қалды. Бұл туралы еліміздің батыс өңірінен шығатын «Алтын Орда» газетінде, сосын «Қазақстан ZAMAN», «Жас Алаш» газеттерінде мақалалар жарияланған болатын.  Ақиқатқа ақиқат іздеп келушілердің біразы еш себептен-себепсіз ұйымнан шеттетілген еді. Осыған байланысты он шақты наразы топ ұйым төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлының төрағалықтан кетуін талап етіп жүрген жайы бар.  «Іздегенге сұраған» дегендейін, кезекті өтпей қалған жиналыста мұның да реті келгендей. «ПҚ Желтоқсан ақиқаты» ұйымының наразы тобындағы мүшелері - Жақсылық Тұсайұлы, Алмагүл Мұхаманова, Ләззат Жапашева, Жұлдызай Бейсенбаева және Аухан Мұқатановтар - ұйым төрағасы Бейсенғазының кеңсеге келуін өтінеді. Бейсенғазы Сәдуұлы мен Сайлау Лепес және ұйымның қалалық төрайымы Күміс Күргенбаева оларға ешқандай жиналыстың болмайтынын айтады. Алайда, Жақсылық Тұсайұлы - төраға Бейсенғазыға өздерінің мамырдың 29-нан бергі түзіп қойған хаттамаларымен танысуды сұрады. Бұған келіспеген төраға хаттаманы төртке бөліп, ол аз болғандай Жұлдызай Бейсенбаеваға қарата шашып кеп жіберді. 1986 жылдың желтоқсанының батыры атанып отырған, 70 жастың шырқауына көтерілген Жұлдызай апамызға онымен қоймай, қазақ тілін дұрыс білмейтінін бетіне басып, балағаттап та жіберді.

«Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің мүшелерінің арасында туған дау-дамайдың басталғанына біраз уақыт болып қалды. Бұл туралы еліміздің батыс өңірінен шығатын «Алтын Орда» газетінде, сосын «Қазақстан ZAMAN», «Жас Алаш» газеттерінде мақалалар жарияланған болатын.  Ақиқатқа ақиқат іздеп келушілердің біразы еш себептен-себепсіз ұйымнан шеттетілген еді. Осыған байланысты он шақты наразы топ ұйым төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлының төрағалықтан кетуін талап етіп жүрген жайы бар.  «Іздегенге сұраған» дегендейін, кезекті өтпей қалған жиналыста мұның да реті келгендей. «ПҚ Желтоқсан ақиқаты» ұйымының наразы тобындағы мүшелері - Жақсылық Тұсайұлы, Алмагүл Мұхаманова, Ләззат Жапашева, Жұлдызай Бейсенбаева және Аухан Мұқатановтар - ұйым төрағасы Бейсенғазының кеңсеге келуін өтінеді. Бейсенғазы Сәдуұлы мен Сайлау Лепес және ұйымның қалалық төрайымы Күміс Күргенбаева оларға ешқандай жиналыстың болмайтынын айтады. Алайда, Жақсылық Тұсайұлы - төраға Бейсенғазыға өздерінің мамырдың 29-нан бергі түзіп қойған хаттамаларымен танысуды сұрады. Бұған келіспеген төраға хаттаманы төртке бөліп, ол аз болғандай Жұлдызай Бейсенбаеваға қарата шашып кеп жіберді. 1986 жылдың желтоқсанының батыры атанып отырған, 70 жастың шырқауына көтерілген Жұлдызай апамызға онымен қоймай, қазақ тілін дұрыс білмейтінін бетіне басып, балағаттап та жіберді. Қол бастап жүрген көсемнің мұнысына қарсы келген Аухан Мұқатанов ағамыз ол кісіге жөнсіздігін айтқанда, төраға мен оның орынбасары Сайлау Лепес 70-ке келген қарияның жағасынан алды. Алайда, жүгіруден талай жүлдені қанжығасына байлаған спортшы, марафоншы ағамызға күшіміз жетпей қалады деді ме екен, жанындағы Сайлау Лепеспен біріге түсіп Аухан Мұхатановты соққыға жығады. Сол күнгі соққының әсерінен бастан ауыр жарақат алған ақсақал мен оның жанындағы жолдастары, «жұдырық иелерін» тез арада сотқа берді. «Желтоқсаншы ақсақал, марафоншы Ауқан Мұқатановты - «Желтоқсан ақиқаты» ұйымы төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлы соққыға жықты» деген наразы қауым тез арада-ақ баспасөз мәслихатын жариялаған еді. Осыған байланысты «Жас Алаш» газеті төраға Бейсенғазы Сәдуұлын және «Желтоқсан ақиқаты» бірлестігіндегі төраға тарапындағы мүшелерінің жүгенсіздігін айыптап, «Жер астынан жік шықты» атты мақала жариялады.  Алайда бұл мақаланы  «біржақты жазылған» деп келіспеген Бейсенғазы Сәдуұлының тарапындағы топ осы мақалаға орай өзара жиналыс өткізді. Ал бірақ осы күнгі жиналысқа наразы топтың өкілдері: - Алмагүл Мұхаманова, Ләззат Жапашева, Жақсылық Тұсайұлы, Шолпан Антаева Мұратқызына - төраға Бейсенғазы Сәдуұлы сыртқа шығуларын, олардың «бүгінгі жиналысқа ешқандай қатысы жоқ» екендіктерін ескертті. Бірақ келген топ өздерінің де «Желтоқсан ақиқатының» мүшелері екендігін және осы ұйымға талай рет өз еңбектерінің сіңгендігін айтып, жиналыстан кетпейтіндіктерін білдірді. Жақсылық Тұсайұлы ұсынған екінші хаттаманы Сайлау Лепес сол заматта-ақ жыртып салды. Бұған келіспеген олар қарсыласуға мәжбүр болып, соңында, екі топтың дауы құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінуге тура келді. Осы күнгі бес сағатқа созылған жиналыста полиция өкілдері «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының мекемесіне үш рет бас сұқты. Наразы топ әлі де өздерінің - «ұйым төрағасы орнынан кетсін, мөрді тапсырсын!» деген талаптарынан қайтар емес. Олардың ішінде Талдықорған қалалық ұйымының төрайымы болып жұмыс атқарып жүрген Ләззат Рахымжанқызы Жапашева өз сөзінде былай деген еді:

- «Бейсенғазы, сіз 7 миллион теңгені тендер бойынша алдым дейсіз. 7 миллионды Қазақстан бойынша анда-мұнда барып жұмыстар атқардым дедіңіз. Ал пойызға билетті өзіңізге ғана алған шығарсыз. Бірақ қасыңыздағы 20 адам билетті өз ақшамызға сатып алдық деп отыр. Басқа да іс-шараларға ұйым мүшелері өз қалталарынан ақша жинайтынын айтып отыр. Сіз жалпы, «Желтоқсан ақиқатын»  насихаттау үшін 7 миллион теңгеге не істедіңіз? Тәуелсіздігімізді, Елбасымызды мадақтайтын журнал, билбордтар мен кітаптар шығардыңыз ба? «Желтоқсан ақиқаты» газетінің де шықпай тұрғанына біраз уақыт болды. Осы қаржының жұмсалу ретін дәлелдеп, ұйым мүшелеріне есеп беріңіз! Қазақстанның «мемлекеттік сатып алу туралы» заңы бар. Осыған байланысты 7 миллионды қайда жібердіңіз?»-деген сауалдарды қойған еді. Бірақ төраға және ұйым мүшесі Сайлау Лепес олардың сауалына жауап берудің орнына Ләззат Жапашеваны, оның жанындағы Алмагүл Мұхаманованы  жиналыстан күштеп шығарып тастады. Бұған дейін Ләззат Жапашева өз сөзінде: - «Осындай жағдайларды төрағаға айтқаным үшін ол маған «сені ұйымнан шығардым және ҚР 20 жылдығына сенің атыңа Елбасымыздан медаль берілді. Бірақ оны саған бермеймін» деп, көпшіліктің көзінше «кет!» дегенді айтты. Әлгі медаль туралы ол басқаша етіп былай дейді: - «Ол медаль саған берілген жоқ. Қателік кетіпті. Медаль Жаналиева деген желтоқсаншыға берілген екен» деп менің фамилиямды өз еркімен өзгертіп отыр. РҚБ ұжымында «Жаналиева Лязат Рахимжановна 30.01.1970 жылы туған» деген адам жоқ! Міне, осындай әрекеттерден соң бұл жерде қалай жұмыс істеуіңе болады? Кеше ғана қырандардың ұясы болған «Желтоқсан ақиқаты» - бүгінгі күні шымшықтардың қара тобырына айналды!» - дейді.

 

Бүгінде осы ушыққан мәселеге байланысты сотқа берілген төраға Бейсенғазы Сәдуұлы мен Сайлау Лепесті қаралаушылар - 1986 жылдағы қазақ жастарының желтоқсандағы көтерілісі кезінде Бейсенғазының милицияда қызмет еткендігін айтады. Алайда, олар бұл ақпараттың  қазір тексеру үстінде екендігін жеткізді. Олардың пікірінше, сол желтоқсанда қазақ жастарына қарсы тұрған милиция қызметкері бүгінде желтоқсан ұйымын басқаруы тиіс емес. Тіпті, олар Бейсенғазы Сәдуұлының әйел адамдарға - соның ішінде Алмагүл мен Ләззатқа жиналыстарда талай рет қол көтергендігін сөз етеді. Өткендегі баспасөз мәслихатында Ләззат Жапашева мен Алмагүл Мұхаманова:

- «Сонау 86-ның желтоқсанының қақаған аязында қыздарды қорғаштап, кеудесін сапер күректерге тосқан қазақтың жігіттері азамат еді. Ал бүгінде, желтоқсанның кезінде милиция қызметінде жүрген Бейсенғазы, өзінің сол дөрекілігіне салып, ұйымдағы әйелдерге ылғи қол көтереді. Біз одан тек бірлестіктің жарғысы бойынша жұмыс істеуін талап етіп жүрміз. Іс шараларында РҚБ-ның жарлығын қолданбай, уставтан тыс жұмыстар жүріп жатыр. Қаншама ұсыныстар, талаптар жіберілді. Ешқайсысына жауап жоқ. Жұмсалған қаржы туралы есеп беруін талап еткенде тіпті ауыз аштырмай келеді», - деген болатын.

Бірақ Бейсенғазы Сәдуұлы өзінің 1994 жылдан бастап милицияда қызметте болғанын және майор атағын алғандығын мәлімдейді.

Бейсенғазы Сәдуұлы жариялаған баспасөз мәлімдемесінде, осы 86-жылғы желтоқсанның бүгінде шежіресін жазып жүрген жазушы Талғат Айтбайұлы қазіргі «Желтоқсан ақиқаты» бірлестігіндегі біраз кемшіліктерді атай келе былай деді:

- «Желтоқсан ақиқатының» мүшелерін неге шығарып тастайсыздар? Бұған ешқандай құқыларыңыз жоқ. Өйткені, олардың бәрі де желтоқсаншылар. Оларды өз жұмыстарыңда пайдаланғандарыңыз рас! Бұл тарихта желтоқсандықтардың және халықтың мүддесі сақтаулы тұр. Ал енді бірлестіктің төрағасы - бүгінде ақсақалға қол көтергенің қалай? Мұндағы әйелдерге неге қол көтересің? Мұның қолбасшы болар азаматқа сын», - дегенді кесіп айтты.

 

Ұйымнан шеттетілген топ өз наразылықтары жайлы 2012 жылдың 29-шы мамырында Алматы қалалық Әуезов ауданы әкімшілігіне шағымданған екен. Осыған байланысты әкімшіліктен 2012 жылы шілденің 16-сы күні келген хатта: «Әуезов ауданы әкімінің аппараты «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылар мүшелерінің 2012 жылдың 29 мамырында қабылданған шешімін мұқият қарастырды. Құрылтайшылар шешіміне сәйкес, Б. Нүкен орнынан босатылып, аталған ұйым төрағасының уақытша міндетін атқарушы ретінде Ж. Жексембаевтың тағайындалғаны назарға алынды. С.Сайфеденов», - деп жазылыпты. Сонда, құрылтайшылардың шығарған шешіміне сәйкес мұнан былай «Желтоқсан ақиқатын» Жақсылық Жексембаев басқарады ма? Ал Бейсенғазы Сәдуұлының жағындағы топ бұған не дер екен? Даудың басы - тендерге түскен 7 миллионнан бастау алғаны бүгінде барша желтоқсандықтарға аян болды.

Келесі, Бейсенғазы Сәдуұлының тарапындағы топтың өткізген баспасөз мәслихатында -мұның алдындағы даудың ары қарай ушыға түсуіне себеп болған - Жұлдызай Бейсенбаеваның, Ауқан Мұқатанов пен Бейсенғазы Сәдуұлының, Сайлау Лепестің арасындағы орын алған қақтығыстарды - Сайлау Лепес пен  қалалық ұйымның төрайымы Күміс Күргенбаеваның айтуынша - «Ауқан ақсақал байқаусызда жерге қатты құлаған. Оған ешкім әдейілеп қол жұмсаған жоқ» дегенді айтады. Бейсенғазы Сәдуұлының жақтастары өздері жариялаған баспасөз мәлімдемесінде - «ПҚ Желтоқсан ақиқаты» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлына жасалған әділетсіз қып-қызыл жала, не болмаса ұйым мүшелерінің арасына туғызатын іріткі деп білеміз»,-дей отырып, өздерінің үстінен шағымданушы топқа - төраға Бейсенғазы Сәдуұлының ұйымның қандай мүлкін талан-таражға салғандығын, ынталы топ мүшелерінің қайсысын тізімнен алып тастағандығын заңды анықтамасымен атын атап көрсетуін, төрағаның жиналыста кімдерге жәбір көрсеткендерін, төрағаның айналасына жиналған туысқандарының кімдер екендігін атап көрсетуін, 20 жылдыққа атап берілген медальдардың желтоқсаншы еместерге бергендерін дәлелдеуін, сосын ұйымға түскен миллиондаған ақшаны анықтап беруін сұрап талап етіп отыр. Егер өздерін айыптап отырған наразы топ осы талаптарға жауап беріп, дәлелдемелер көрсетпесе, өздеріне жала жауып отырғандығы жөнінде сотқа арызданатынын жеткізді. Сондай-ақ, төраға тарапындағылар - «Жас Алаш» газетінің өздерін айыптайтын біржақты етіп жазылған мақаласын және  «Алматы» телеарнасының тележурналистінің өз сөзінде: «...баспасөз мәслихатына қатысқан желтоқсандық басқа да ұйым төрағалары айқай-шу шыққан соң наразы болып шығып кетті» деген сөздерін арандатушылық деп қабылдады. Бірақ сол күнгі баспасөз мәслихатына келіп қатысқан басқа да желтоқсаншы ұйымдардың төрағалары бұл «доданы» ұйым мүшелерінің арасындағы өзара мәселелері деп шығып кеткен болатын.

 

Төраға тарапындағылар жиналыстарда жиі-жиі ауызға алына берген 2010 жылғы тендердің қаржысының қайда жұмсалғаны жөнінде, Бейсенғазы Сәдуұлы өздерінің Мәдениет министрлігіне есеп бергендіктерін айтып өткен еді. Тағы да басқа өздерінің осы күнге дейін 117 іс-шара ұйымдастырғандарын атап өтті.

Ал бүгінде қасиетті рамазан айының алғашқы күнінде Бейсенғазы Сәдуұлы мен Сайлау Лепестің әрекетіне байланысты - Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілігінде сағат 10-да өткізіледі деп шешкен сот басқа күнге қалдырылды. Себебі, судья Ғалым Келдібаевтың анықтауы бойынша былай деп айтылған:

«Возвратить дело об административном правонарушении в отношении Лепесова Сайлау Биртайулы и Нукен Бейсенгазы Садуулы в совершении правонарушения, предусмотренного ст. 79-3 ч.2 Кодекса РК об АП в Бостандыкское РУВД г. Алматы для надлежащего оформления и возбуждения уголовного дела.

Определение обжалованию не подлежит. Судья Г.П.Кельдыбаев», - деген анықтамалықты арызданушыларға тапсырды. Ұйым төрағасына қарсы «шабуылдап» жүрген наразы топ - келешекте Желтоқсан партиясын құратындығын және мұны еліміздің түкпір-түкпіріндегі «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының облыстық филиалдары төрағалары қолдайтынын жеткізді.

Міне, осылай кейінгі кезде әйтеуір, өзімен-өзі қырқысқан бір топтарды ғана көресің.

Кеше қоғамдық қозғалыстар болып құрылған ұйымдар - «Ұлт үшін өлемін!» деп көкірегін қаққанда керемет еді. Соның бірі «Желтоқсан ақиқаты» ұйымы өздерінің игі жұмыстарымен ел алдында көрініп, мақтанышқа айналып келе жатқан еді. Ал бүгін олардың арасына да жік түсті. Не үшін? Айналып келгенде - «даудың басы Дайрабайдың көк сиыры»  дегендейін, басты мәселе тендерден түскен 7 миллионның ізіне   шам алып түскендер тегеуріндеп алған беттерінен қайтар емес.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2271
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584