Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3841 0 пікір 24 Шілде, 2012 сағат 11:06

Ақшатаудың аянышты халі

Ауыз суды сатып ішетін Ақшатау ауылы Қарағанды облысы, Шет ауданына қарайды. Болашағы жоқ ауылдар санатына жатады. Ауылдың мыңға тарта тұрғыны бар. Ішер суды 35 шақырым жерден әкеліп, 40 литрін 8 теңге сатады. Қолдағы азғана малға ғана қарап отырған жұртта жұмыс жоқ. Экономикасы «қарыштап» дамып жатқан Қазақстанның бұл ауылға аяғы әлі жетпеген.

Ал, 2007 жылы Ақшатау ауылына су жеткізу үшін бөлінген 26 млн. теңгені сол кездегі Шет ауданының әкімі жоқ қылған. Сөйтіп, әкімнің үстінен қызметін асыра пайдаланды және қазына қаржысын мақсатсыз жұмсады деп іс қозғап, сот бұрынғы әкімге үш жыл шартты жаза кесіпті.

Ақшатау болса, аянышты халде, ауыз суды сатып ішіп отыр.

«Абай-ақпарат»

Суреттер мен деректер voxpopuli.kz сайтынан алынды

0 пікір