Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3266 0 пікір 24 Шілде, 2012 сағат 09:12

Сайын Бөлек. Үштұғырлы тіл: қазақ тілі қажетсіз бөлшек

Алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа баратын балдырғандар әліппемен қатар ағылшын тілін пән ретінде оқитын болады. Бұл мәселе Білім және ғылым министрлігінің көптілді білім беруді дамыту туралы жиынында айтылды. Жиын барысында еліміздің бас педагогы Бақытжан Жұмағұлов 2012-2013 жылдан бастап ЖОО-да көптілді мұғалім мамандарды даярлау үшін нақты шараларды қолға алу қажетекендігін қадап айтты. Елімізде қазір 33 мектепте ағылшын тілі бірінші сыныпта пән ретінде оқытылып келеді екен. Енді ағылшы тілді мамандарды дайындайтын арнайы бөлімдер 20 ұлттық және жетекші аймақтық жоғары оқу орындарында ашылмақ көрінеді.

Ал, Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің референдумшыл ректоры Ерлан Сыдықов келесі жылы аталған оқу орнының оқытушылары ағлшын тілін екінші мамандық ретінде игере алатындығын айтып отыр.

Әрине, ағлшын тілін білген өте жақсы. Осы күні ағылшын тілін білген әлемнің тілін білгенге есеп. Мектеп бағдарламасына ағлшын тілін енгізу, әсіресе іргелі ғылымға бастайтын пәндерді ағлшын тілінде оқыту - ұлтты қандай бәсекеде болсын ұтысқа жетелейтін ұтымды нұсқа болуы мүмкін. Мысалы, Оңтүстік Азия елдерінің, нақтылай айтсақ, Малайзия мен Сингапурдың тәжірибесі ағылшын тілін мектептен мықтап оқытудың нақты үлгісіне айналып отыр. Осыдан отыз-қырық жыл бұрын қытайша сөйлегенді мақтан көретін малайлардың бүгінгі ұрпағы  ағылшын тілінде судай төгіледі. Ағылшын тілі бізде де сондай нәтиже беруі мүмкін бе? Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын.

Осы жолдардың авторы бірде қоғамдық көлікте келе жатып мектеп жасындағы бозбалалар мен бойжетіп қалған өрімдей қыздардың әңгімелеріне куә болғаны бар. Байқағаным балаларадың дені қаракөздер екен. Олар өзара «ресми тілде» тіл қатысып тұрды. Сол кезде бір қара торылау келген қазақ қызы: «Маған қазақ тілін үйренгеннен гөрі ағылшын тілін үйрену оңай. Сендерге ше?», - деп тосыннан сауал тастады. Сол-ақ екен жанындағылар тегіс жаңғақ шаққандай жамырай сөйлеп: «Маған да ағылшын тілін үйрену оңай!», «Маған да!» деп шулап қоя берді. Менің, мен сияқты тағы біреулердің әлгі балаларға бірдеңе дегісі келді. Бірақ «беспольезно» болғандықтан тырс етіп дыбысымызды шығара алмадық. Себебі қазіргі қазақ арасындағы орыс тілі мен ағылшын тілінің жақтастары қытайды қырып кете жаздаған хунбэйбилерден де жаман. Олай болатын себебі, үштұғырлы тілдің насихатын соғатын билігіміз негізінен үштілдің бірдей жырын жырлай бермейді: ағлышын мен орыс тілін біл, қазақ тілін білу білмеу міндетің де, қажетің де емес. Өйткені, қазақ тілі дегеніміз - үштұғырлы тілдің қажетсіз бір бөлшегі ғана. Оның үстіне қазақ тілінің мәселесін айту қазір кертартпалықтың керемет бір мысалына айналды. Кім қазақ тілінің зар-мұңын айтады - сол жаңарып жатқан Қазақстанға қарсы адам болып шығады. Шындығында солай ма? Қазақ тілінің жанашырлары жас ұрпақ алдымен өз тілін білсін, содан соң өзге тілдің бәрін білсін дейді. Бұны қазақ баяғыда-ақ, Қадыр ақынның аузымен айтып та қойған: «Өзге тілдің бәрін біл, өзге тіліңді құрметте» деп. Өз тілін білген, өзі тілін құрмет тұтқан ұрпақ қана - ұрпақ. Өз тілін білмейтін ұрпақ Сұлтан болса да - ұлтан. Басқа ештеңе де емес. Мысалы, Жапондар 12 жасқа дейін ұрпағын жапон тілінде оқытады екен. Сөйткен жапон жұртта қалып жатыр ма? Жоқ, өзін өзі ұмытқан, өз құндылықтарын елеп-ескермейтін, өзін сыйлауды білмейтін елдерді жұртына қалдырып жатыр. Жұртта қалып жатқанның бірі бізбіз. Бірақ, осы шындықты мойындағысы келмейтін билік өзін барлық мәселеде реформашыл, бастамашыл, жаңашыл етіп көрсетуге тырысуда. Бұл тырысулардың соңы немен тынары әлі белгісіз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір