Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3889 0 пікір 24 Шілде, 2012 сағат 08:43

Тұрсынбек Әлиұлы. Біз неге жетінші емеспіз?

Алтайдан Атырауға, Тәңіртаудан Тобылға дейінгі кең-байтақ жер - бүгінгі қазақтың жері. Бұл жерде не жоқ дейсің?! Аспанмен таласқан құзар шыңдар да, есіліп аққан өзен-көлдер де, далиған дала да, орман-тоғай да бар. Оның толық көлемі 2717,3 миллион шаршы шақырым. Көлемі жағынан әлемде 9 орын алады. Кезінде 4 миллион  шаршы шақырымдай еді. Қазіргі қалғаны осы. Бірінші орында - Ресей. Жер көлемі - 17 миллион шаршы шақырымнан астам. Содан кейін Канада, Қытай, АҚШ, Австралия, Бразилия, Үндістан, Аргентина. Келесісі - Қазақстан. Неге біз 9 орындамыз? Егер де тарихи әділеттілік сақталған болса қазақтар 7  орынды алар еді. Өйткені кешегі Ресей, одан кейінгі Кеңес Одағы кезінде еркінен айырылған қазақтың жері талан-таражға түсті...

Кешегі қазақтың жері бұдан әлдеқайда көп еді...

Ең бірінші рет 1881 жылы Ресей мен Қытай шекара бөліскенде қазақ екіге бөлінді. Қытайға 300 мың шаршы шақырымдай жеріміз кетті. Қазір бұл қазақтар Қытайдың Іле-қазақ автономиялы облысы болып отыр. Орталығы - Құлжа қаласы. Саны 2 миллионға жетіп қалды.

Енді бір бөлігі моңғолдардың қол астында қалды. Баян-өлгий аймағы. Бұнда 100 мыңдай қазақ бар. Жалпы, қазіргі Моңғолия кешегі қазақтың Ата жұрты екенін ұмытпайық!

Қалған жерлер Кеңестер Одағы кезінде Мәскеудің құйтырқы саясатының кесірінен Ресейге, Өзбекстанға қарап кетті. Орынбор,  Қорған, Омбы, Астрахан... аттарының өзі-ақ айтып тұр емес пе? Қырғыздар да, қарақалпақтар да  қазақтың құрамында еді, бөліп жіберді.

Бұндағы негізгі мақсат - қазақтарды барынша әлсірете түсу болатын. Кешегі Шыңғыс хан заманында моңғолдар мен қазақ руларынан көрген қорлығының есесін қайтармақ болғандықтарының сиқы. Сол себептен ашаршылық та қолдан ұйымдастырылды. Содан кейінгі соғыс... Бұл зұлматтар болмағанда қазақтар қазір қырық миллионға жетіп, ырғалып-жырғалып отырар еді.

Қазіргі Қазақстанның картасына көз салсаңыз, ұлттық шекараның қалыптаспағанын байқайсыз. Шекараның ар жағында 5 миллион қазақ қалып қойған. Егер де Қазақстанда қазақтар барлық жерде бірыңғай орналасқандығын байқасақ, бұл дегеніміз әр қазақтың үштен бірі, жерінің де үштен бірі жат жұртта қалғанын көруге болады. Бұл дегеніміз, 1 миллион шаршы шақырымдай жер!!!

Қайран атамекендерінде отырған қазақтар-ай! Сендердің күндерің қашан туады екен?...

Шүкір, қазіргі жеріміз де аз емес. Тек санымыз аз. Үндістан Қазақстаннан сәл ғана үлкен болғанымен онда 1 миллиардтан астам халық өмір сүріп отыр. Қазақ 40 миллионға жетсе, тіл, дін, діл мәселесі өзінен өзі-ақ шешілер еді. Санымыздың аз болғандығынан көрші жұрттардың ықпалынан шыға алмай отырғанымыз рас. Одан құтылудың бірден бір жолы -  халықтың санын көбейту. Ең аз дегенде 40 миллион болуымыз керек. Сонда әлемдегі алып жұрттармен тең сөйлесуге жарап қаламыз.

Қазіргідей ғаламдастыру заманында саны аз ұлттар тілінен, дінінен айырылып жұтылып кетіп жатыр. Татар, башқұрт, алтай, ноғай, хакас, қарашай-балқар, қырым татарлары, саха т.б. секілді түркі елдері  орыстардың ықпалына мықтап түскен. Ұйғырлар қытайлардың тұзағында отыр. Бұлар түркі жұрттарынан ғана. Әлемде қаншама халықтар отаршылдықтың қамытынан құтыла алмай жатыр.

Шүкір, қазақтың күні туды. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деп Жаратқан иемізден тілейміз.

Астана қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525