Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3229 0 пікір 19 Шілде, 2012 сағат 08:41

«Қазақстанды әлемге үлгі етер еңбек еліне айналдыру туралы» Президент Назарбаевқа ұсыныс

Үстіміздегі айдың басында Қазақстанның президенті Н.Назарбаев "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" деген мақаласында Қазақстанда еңбек қоғамын, одан әрі халықтық капитализм қалыптастыру идеясын жариялаған болатын. "Бұл кез-келген елбасының ойына келе бермейтін, шынында да револциялық, тарихи ұмтылыс, ұлы істің басы", - дейді Түрік Халықтарының Дүниежүзілік Ассамблеясының (ТХДА) президенті академик Ерментай СҰЛТАНМҰРАТ.

Қазір Қазақстанның үкіметке табын БАҚ-ның беттерінде Елбасының көрегендігін дәріптеу жарысы басталып та кетті. Мадақтаудан бірінен бірі асып түсіп жатқан қатардағы кәсіпкерден бастап, депутат, жоғарғы шенді шенеуніктерге шейін қазірше Елбасының идеяларын жүзеге асыратын нақты ойлар айта қойған жоқ.

Өздеріңізге мәлім академик Е.Сұлтанмұраттың негізгі ғылыми, және қоғам қайраткері ретіндегі бағыты халықтық капитализм. Ол еліміздің егемендік жылдарының басынан-ақ Қазақстанның болашағы тек тиімді еңбек, халықтық капитализмге байланысты деумен келеді. Сондықтан да ол Қазақстан Президентінің идеясын сөз жүзінде ғана қолдап қоймай, Елбасыға оның идеяларын жүзеге асырудың нақты жолдарын көрсеткен "Қазақстанды әлемге үлгі етер еңбек еліне айналдыру туралы" атты ұсынысын жасады.     Атап айтқанда:

1. Экономикадағы өзін-өзі басқарудың демократиялық (демократическая система экономического самоуправления - ДемСЭС) жүйесін; бұл жұмыскер мен жұмыс берушінің ортақ ынтасы мен жауапкершілігіне негізделген, өндіргіш күштерді үздіксіз жетілдіре, еңбекті өте тиімді етіп, арзан, сапалы өнім өндіртіп, дау-жанжалсыз жұмыс істететін жүйе. Мұнда кәсіпорынның бөлімшелері шартты түрде дербестеніп, өзі-өзі кәсіпорын шеңберінде басқарады.

2. жұмыскерлердің меншік үлесі бар немесе негізінен жұмыскерлердің меншігіндегі кәсіпорындарды (предприятия собственности работников - ПСР) ұйымдастыру жөнінде. Мұндай кәсіпорындарда жұмыскерлер меншікке иелес болып, кәсіпорынды басқаруға, пайданы бөлісуге қатысады. Еңбек мұнда да ДемСЭС-пен ұйымдастырылады. Бұл кәсіпорындар ең тиімді, және дағдарыста банкротқа ұшырамайды. АҚШ-тың жұмыс күшінің он пайыздан астамы осындай кәсіпорындарда істейді. Бұл жүйе арқылы өте тиімді аймақтық, салалық корпорациялар ұйымдастыруға болады. Аталған екі жүйені де кез-келген меншіктегі экономика, ғылым, денсаулық сақтау және т.б. салалардың бәрінің кәсіпорындарында қолдануға болады. Бұлар индустрияландыруды, әлеуметтік-экономикалық дамуды нәтижелі ететін, жемқорлықты да жойып, орта классты көбейтіп, нағыз халықтық капитализмге жетелейтін  жол делінген ұсыныста. "Сонымен қатар аталған жүйелерге негізделген: -  әлеуметтік-экономикалық тиімділігі өте жоғары көпсалалы территориялық құрылымдарды арнайы экономикалық аймақта ұйымдастыру жөніндегі,      - ауыл шаруашылығының жұмыс істеуін тиімді ету үшін өндірістік бөлімшеден бастап республикалық деңгейге дейін ерікті түрде байланыстырып, өнімдерін биржа, өз дүкендері арқылы саттыруға жол ашатын нақты ұсыныстарым дайын жатыр. Бұлар іске асса ортадағы алып-сатарлар қажет болмай қалады, оның үстіне "барахолкалардың" орнына тауармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын ендірсек миллиондаған адамдар қоғамның нақты секторына ауысады. Нәтижесінде қоғам қарышты дамып, тауар да арзандайды. Қажет деп тапсаңыз бұларды да жүзеге асырып беру қолымнан келеді" депті қайраткер.

Одан әрі "елімізде "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын", халықтық капитализмді қалыптастыра бастау туралы жоспарыңыз менің де өмірлік мақсатым - бұл мәселемен 1987 жылдан бері айналысып келемін. Бұл жөніндегі әлемдік және өзімнің өндіріс орындарын басқарудағы тәжірибелеріме, ғылыми ізденістеріме негізделген ұсыныстарымды 1994 жылдан бері Сіздің атыңызға жіберіп, жариялап жүрмін" дей келіп бұл жолдағы ұмтылыстарының қалай бітіп жүргенін баяндаған:

"Сіздің тапсырмаңызға сәйкес бұл ұсыныс-жүйелерімді Стратегиялық жоспарлау агенттігі (Е.Бейсембетов) мен Қазақстанның Стратегиялық зерттеу институты (М.Әшімбаев) 2002 жылы қолдап, біріншісі бұларды ауыл шаруашылығынан бастап қолдана бастайық деп атап көрсеткен еді. Алайда Агенттік содан бір айдың ішінде таратылып кеткендіктен, бастама аяқсыз қалды. Соңынан С.Үмбетов мырза министр кезінде мұны ауыл шаруашылығында қолданамыз деп, Сізге бізбен бірге барып баяндамақ болды. Бірақ ол кісі басқа қызметке ауысып кетіп, ниетіміз жүзеге аспады. 2008 жылы осы идеяларға негізделген «О формировании свободно-экономических зон нового типа для стимулирования интеграции Центрально-Азиатских государств» деген концептуалды ұсынысымды Әкімдігіңіздің басшысы Қ.Келімбетов бастаған мамандар мақұлдап, Сіздің тиісті жарлығыңыздың жобасын жасамақ болдық. Бұл аймақтарда ДемСЭС пен ПСРды көпсалалы экономикалық құрылымда жүзеге асырып, шыңдап, еліміз бойынша, көрші елдерде де қолданылатын үлгі етпек болдық. Өкінішке орай Қ.Келімбетов басқа қызметке ауысып кеткен соң мәселе жалғасын таппады."

"Сіздің "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы", халықтық капитализм туралы бастамаңыз қазақ елін дамудың даңғыл жолына салып қана қоймай, күйзелген әлемге де үлгі болары сөзсіз. Ал идеяңызды жүзеге асыру үшін орнығып қалған өндірістік қарым-қатынастарды, идеологиямызды, өмірлік ұстанымдарымызды, заңдарды және т.б. дәлдендіріп, өзгерту де керек болуы мүмкін. Бұл идеяға берілгендікті, біліктілікті, орындалу тәртібін, табандылықты қажет етеді. Бәріміздің есімізде, Кеңестер Одағы мәжбүрлі еңбектен алпысыншы жылдардан бастап экономикалық, әлеуметтік ынталандыру жүйесіне, тіпті кәсіпорындарды ұжымға жалға беріп, соңынан табысы арқылы акционерлік меншігіне айналдыруына, тиімді еңбекке жол ашты. Мен басқарған кәсіпорында бұл жүйені игеріп, тамаша жетістіктерге жеттік - тауар өндіру жыл сайын 1,5 есеге көбейіп, жұмысшылар айына 800 сомға дейін табыс тапты. Бірақ бұл жаппай құбылысқа айналмады. Себеп - басқарушы кадрлардың біліксіздігі, қарсылығы. Нәтижесінде Одақ экономикалық, соңынан саяси күйреуге ұшырады. Осыларды еске ала отырып Сіздің бұл тарихи талпынысыңыз кейбіреулердің түсінбеушілігін, тіпті өз мүддесін ойлаудан шыққан іштей қарсылығын тудыра ма деп қауіптенемін. Өйткені олар Сіз сияқты қатардағы жұмысшы болудан бастап өндірісті, халық өмірін терең түсініп, халық үшін өмір сүріп жүрген жандар емес сияқты. Әрине олар бөсіген сөздер айтып, қағазда мінсіз бағдарлама жасап бере алады. Бірақ керегі нәтиже емес пе?" делінген ұсыныс хатта.

"Сондықтан да Cіздің ұлы бастамаңыз құры сөзге айналып кетпеуі үшін, біздің және біз сияқты азаматтардың да пікіріне құлақ ассаңыздар" деп аяқтапты хатын Е.Сұлтанмұрат.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан біраз жыл бұрын қазақ және орыс тілінде жарық көрген  Е.Сұлтанмұраттың "Қазақстан халқының ұлттық идеясы" -"Национальная идея народа Казахстана" деген монографиясы көтерілген мәселеге арналған іргелі еңбек. Оның еңбектері батыста жоғары бағаланған, кейбірі АҚШ университеттерінің сайттарында тұр.

ТХДА-ның баспасөз қызметі.

Тел. +77014700050, email: kokturkter@gmail.com

Тұран қалашығы, 18 шілде 2012 жыл

0 пікір