Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5329 0 пікір 18 Шілде, 2012 сағат 08:28

Алмахан Мұхаметқалиқызы. Абай еліне саяхат

Қазақстан-Ресей университеті «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы Астана қаласы оқу ордалары мен қала жұртшылығының  руханиятына айналды. Атқарылып жатқан бағдарламаның  негізінде Абай тақырыбына байланысты ғылыми-танымдық сабақтардың үздіктері, Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, белгілі ақын-жазушылар, «Абай оқулары» байқауының озаттары, «Абай биігі - ұлт биігі» атты жас суретшілер байқауының жүлдегерлері,  «Құлақтан кіріп бойды алар» ән байқауының жеңімпаздарын, Абай елі - Семей жеріне саяхатқа шығару маусым айының алғашқы онкүндігінде жоспарланған. 30-40 адамнан құралған саяхатшылар тобы «Ұлылар мекеніне саяхат» сапарымен  11-14 маусым аралығында Абай еліне саяхатқа шықты.

Алдағы уақытта тұрақты түрде жыл сайын жүргізіліп отыратын бұл сапардың  мақсаты - жас ұрпақты отансүйгіштікке, тарихын, елін-жерін тануға, рухани білім біліктілігін арттыруға бейімдеу. Қазақ халқын әлемге мойындатқан Ұлы ақынның өскен ортасын, тарихын таныстыру арқылы тарихи жерлермен тығыз байланыстыру.

Көтеріңкі көңіл күймен, рухани мол байлықпен оралғандар  Семей - Шағыл - Күшікбай кезеңі - Бөрілі - Ералы жазығы - Еңлік-Кебек  -  Қарауыл - Жидебай  бағыты бойынша  жүріп, «Абай жолы роман-эпопеясындағы тарихи оқиғалар мен жерлермен танысып қайтты. Астанадан шыққан саяхатшылардың арнайы автобусы жол бойы Абай өлеңдерін тыңдап, тарихи жерлер мен Абай шығармашылығына байланысты деректі фильм көрсетілді. Орда тауы, Шыңғыстау баурайынан өтіп, Шілікті кезең, Сырт-Қасқабұлақ, Ащысу, Арқат,  Зере  мен Ұлжанның зиратына барып зиярат етіп, Абай - Шәкәрім жатқан кесенемен жақын танысып, Жидебай, Бөрілідегі мұражайларға ат басын тіреп, экскурсия тыңдады.

Семейден 51 шақырым қашықтықта орналасқан Арқалық тауынан асатын тұсы - "Күшікбай асуы" Семей мен Шыңғыстау арасындағы Абай сан рет тоқтап, басында түнеген бекет.

Арқалық тауының биік төбе басында Күшікбай батыр жерленген. Ол орта жүз,  Уақ руынан шыққан, Жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен белгілі батырдардың бірі.  Батырлығымен қоса, нашарға қайырымды, әділдігімен аты шыққан адам. Академик жазушымыз Мұхтар Әуезов «Күшікбай батыр 21 жасында дүние салған екен. Ерте күннен батыр атағын алған. Соңғы кездерде көздеген мақсаты қолбасылық болып, аяғында оған да жетіп, егескен елінен кегін алып, егер қылып жүргенде шешек шығыпты. Шешек ауыр шығып көп уақыт қозғала алмай жатып қалған» деп суреттейді. Егесіп жүрген жаулары батырдың төсек тартып жатқанын пайдаланған деседі. Дұшпандары батырды қапыда алмақшы болыпты. Кек буған намыскер ер жара басқан жалаңаш етіне шекпенін желбегей жамыла салып, жауына атой беріпті. Жерін жаудан азат етіп, осы төбенің басына жеткенде, ат үстінде найзасына сүйенген қалпы жан тәслім етіпті. Сонда шешектің жарасы мен жау оғынан аққан қаны шекпенінің сыртына шығып кетіпті.

М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні» деген әңгімесінде Күшікбай асуында болған қайғылы оқиға шынайы бейнеленген. Шығарма 1921 ж. жарық көрген.  Жазушы «С. Қаласының оңтүстүгін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолдың үстінде Арқалық деген тау бар» деп басталатын кезеңі осы.  Аталмыш әңгімедегі зорлық-зомбылықтың құрбаны болған Ғазизаның зираты да осы жерде. Сол бір қатал заманның белгісіндей жолдың сол жағында ескі қораның сілемі көрінеді. Ол «Қорғансыздың күніндегі» Ғазизаның үйі. Ұят пен намыстан, шарасыздықтан зар кешкен бейшара қыз алай-дүлей боранның астында әкесінің қабірін құшақтаған күйі көз жұмған. Арнайы саяхатқа барғандар осы Ғазизаның ұйінің орны мен зиратының куәсі болды. Белгілі Абайтанушы, ғалым - Асан Омаровтың көрсетуімен Ғазиза мен әкесі - Жақыптың зираты, су ішкен құдығы басында тарихи оқиғаның куәсі болды. Мұхтар Әуезовтың ұлы суреткерлігін әйгілеген тұңғыш баспа бетін көрген әңгімесі «Қорғанысздың күніндегі, «Жиналған ағайындары көп іздемей-ақ екі жас бейіт арасында өлік болып қалған Ғазизаның сүйегін тауып алды. Үстіндегі онысыз да жұқа киімдері әр жерде шашылып қалыпты. Ғазизаның шашы азырақ дудырапты. Балалық жүзінде, «Менде жазық жоқ, мен тазамын...» деген ашық тазалықтың белгісі қайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар. Жауыздықтың жас құрбаны қасіретке толы өмірінің азапты ақ түтегінен адасып өліп, мәңгі толас тапқандай» деген жолдардың куәсі осы кезең.

Семей қаласындағы тарихи орындар, өлкетану мұражайына барып, Семей қасіретіне айналған «Мәңгілік өмір» ескерткішіне тағзым жасады.

Қазақстан бойынша Абай еліне саяхат жасаған бірінші саяхатшыларды ұйымдастырған Қазақстан-Ресей университеті алдағы уақытта бұл бастаманы дәстүрге айналдырмақ.

Алмахан Мұхаметқалиқызы

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

Қазақстан-Ресей университеті,

«Абайтану» ғылыми-танымдық

орталығының директоры

«Абай-ақпарат»

0 пікір