Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3549 0 пікір 18 Шілде, 2012 сағат 07:41

Елеужан Серімов. Құлқынның құлы емес, жұртының ұлы болғандар

Жуырда Ерлік туралы кітап басылып шықты. Халықтың қауіпсіз əрі тыныш өмірі үшін қаһармандықпен еңбек еткен, ішкі істер органдарында опат болған қызметкерлер жайында. Үріккен үйдегісін, қорыққан қорадағысын алдырғандарға дер кезде қол ұшын беріп өздерін құрбан еткендер туралы. Шығарушылар естелік кітабы деп атапты.(Естелік кітабы. Астана. ҚР Ішкі істер органдарының медиа орталығы ЖШС. 2012 ж. 272 бет) Рас та шығар. Еліміз тәуелсіз болғаннан бері қызметтік борышын орындау кезінде бейбіт күнде осыншама азаматымыз қызметте жүріп көз жұмыпты дегенге адам сенбестей. Айтуға аузымыз бармаса да айтайық, өлімде де жұбаныш бар екен. Жұбаныш емей не, бүкіл қоғам болып полицейлерді ғайбаттап жатса. Жер басып тірі жүргендер шынайы азамат қалпында қалған азаматтарын, қылмыскерлерді ұстап, қиын жағдайға түскен жандарды құтқарған қайсар іс-əрекеті мен əрдайым батыл қадамға даярлығын әспеттеп бақиға аттанған әліптестерін кітап бетінде еске алыпты. Қашан да ауызға келген сөз арзан болады. Ерліктің құнын түсірмейік десек те, айтып жеткізу әсте мүмкін емес екен. Оқысаң, жаның езіледі. Қамырық мұң басады жүрегіңді. Ақиқат ащы, жалған тұщы ғой. Бір сәт кітап парақтарына үңіліп көрелікші...

«...ІІББ медициналық бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Б. Бижановаға ТТ тапаншасынан оқ атылды, ол есін жинамастан Ақмола облыстық ауруханасында көз жұмды. Кейін тергеу-іздестіру іс-шаралары кезінде осы қылмыстың ұйымдастырушысы мен орындаушылары табылып, ұсталды. Бұл кісі өлтіру Б. Бижановаға оның қызметтік жұмысына байланысты тапсырыс бойынша жасалған...

...ЖТТ тергеу амалдарын жүргізген кезде, полиция аға сержанты Б. Қажымовқа азамат А. Бажапаев келіп, үш жігіт себепсіз бір адамды ұрып, белгісіз жаққа кетіп бара жатқанын хабарлады. Осы адамдарды ұстау кезінде Болат Ермекұлы жүрек-қан тамырларының жеткіліксіздігінен қайтыс болды...

...ішкі қызмет кіші сержанты ЕЦ-166/1 мекемесінің бақылаушысы Эдуард Зейнуллаұлы Құжамұратов қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болды...

...1995 жылы 23 қыркүйекте бұзақылық əрекеттің жолын кесу кезінде Смағұл Төлегенұлы атыс жарақатынан қаза тапты...

2001.28.05 Сандықтау АІІБ бастығының № 107 бұйрығына сəйкес АІІБ УҰИ айдауыл бөлімшесінің полицей жүргізушісі полиция аға сержанты Б. Қозғанбаев егіс науқаны кезінде қоғамдық тəртіпті сақтау үшін Максимов ауылдық округіне іссапарға жіберілген. 02.06 2001 жылы Б.Қозғанбаев Максимов ауылдық округының аймағында қоғамдық тəртіпті сақтау кезінде алған атыс жарақатынан қайтыс болды...

... 2011 жылғы 1 шілдеде сағат шамамен 00.00-де ішінде он адамнан тұратын қарулы қылмыстық топ тірек бекетінің маңында «Митсубиси-Делика» автокөлігімен полиция сержанты Н. Алпысбай мен полиция аға сержанты А. Боранбаев отырған қызметтік автокөлікке «Сайга» карабинінен, Макаров тапаншасынан жəне тегіс ұңғылы аңшы қаруынан оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция сержанты Н. Алпысбай мен А. Боранбаев атылған оқ салдарынан сол жерде көз жұмған...»

Қарап отырып жаның түршігеді. Ау, ай мен күннің аманында, бейбіт күнде қып-қызыл қырғын майдан бір. Қыршынынан қиылған өндірдей жастар кіл. Әрқайсысы әрбір әдемі ортаның, отбасының бір-бір бұланайлары. Басқа гүрзі ұрғандай есеңгіретіп тастайды... Түрлі адамдар, түрлі тағдырлар, соңында аңырап ана, аяулы жар, бала-шаға қалған... Нағыз ерлік, ар мен намыс, парыз бен міндетке адал болу осы емес пе дейсің. Бұрын кеңес кезеңі шынашақтай ұл мен шашбаулы қызға дейін отан соғысындағы аталар ерлігін үлгі тұтқызатын, мектептерде ауған соғысы ардагерлерін ардақтататын, соңғы кезде мұны да мансұқ еткендер табылып жатыр. Ал бейбіт кездегі Ерліктің жөні тіпті басқа екен. «Бүгінгі күннің қаһарманы кім?» деген сауал төңірегінде жазушы ағайындар баспасөз бетінде ой толғайтыны бар. Әйтсе де бүгінгі Қаһарман ішкі «эгосы» қалың Печериндер емес, осы боздақтар дегіміз келеді. Көре тұрып айтпаған көргенсіздік белгісі дегенге жүгініп, уәйімшіл ойдың желеуімен Батылдықты құрмет тұтар қауымға арналған кітап шыққандығын жар салып әйгілегіміз келді. Иә, қасіретке де әдеп керек екен. Осы әдепті кітап шығарушылар адал атқарыпты. Шығарушылар - Ішкі істер министрлігіне қарасты Қарағанды академиясының ұжымы. Кітапта: «Көптеген полицейлердің жоғары шен мен сыйлықтарға лайық болып танылғаны таңғалдырмайды. Еліміздің бейбітшілігін сақтап жəне азаматтар тыныштығын қорғау жолында өз өмірлерін қиған батыл да қайсар қызметкерлердің есімдері ел тарихында мəңгілік жазылады» делініпті. Расы осы.

Кәрісін ордада қалдырмай, обада қалдырған, өлігін молада қалдырмай, далада қалдырған бұл сияқты шын мағынасында кісілік бағаланбайтын көргенсіз қоғамда көргенді іс жасағандар, бозды босағаға отырғызып, торыны төрге шығарған қисық заманға қиыспайтын көзсіз ерлік  көрсеткендер рухы риза болсын дейік.

Елеужан Серімов,

полиция полковнигі,

Қарағанды қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір