Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Дей салдым-ау 4347 11 пікір 4 Қараша, 2021 сағат 15:10

Депутат: «Ауылда азып-тозған адам жоқ», - дейді...

Елордада өткен «Әйелдер кәсіпкерлігі: жаңа мүмкіндіктер мен проблемалар» брифингте Мәжіліс депутаты Ләззат Рамазанова ауыл-аймақты аралап, жағдайы төмен отбасын мүлде кезіктірмегенін мәлімдепті.  

«17 өңірдің барлығын аралап, ауылды жерде азып-тозған отбасыны таппадым. Себебі ауылда проблемасы бар отбасыға барлығы жұмылып көмектеседі. Ауылдағы ағайынның барлығы бір-біріне дос, ағайын болады. Ал үлкен қалаға өз өңірінен келгендерде барлық қиындық басталады. Себебі көмектесетін, ақыл айтатын ағалары да, апалары да болмайды», - дейді ол.

Ауылда тұрмысы төмен отбасын ағайын-туысы далада қалдырмайды деген депутат: «Ауылда қанша әйел жұмыс істейді. Алдын-ала статистикалық мәліметтер бойынша, 3,8 млн әйелдің миллионы еңбек етеді. Олар қайда жұмыс істейді? Олар ауыл шаруашылығы, білім беру саласы, медицина, қызмет көрсету, сауда саласында еңбек етеді. Шаруа қожалықтары туралы айтатын болсақ, агроөнеркәсіптік саласы жеке секторға жатады. Әрбір 5-ші шаруа қожалығын әйел басқарады. Бұл – өте жақсы көрсеткіш», -  деп, адал мәлімет келтірді.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511