Сенбі, 20 Сәуір 2024
6718 5 пікір 1 Қараша, 2021 сағат 15:17

Әскери күш: Өзбекстан тағы да бірінші орында

Әлем елдерінің әскери қуаттылығын өлшеу рейтингі жаңартылды. Жаңартылған Global Firepower Index - 2021 рейтингінде Өзбекстан әлемде 51-орынға, Орталық Азияда бірінші орынға шықты.

Рейтинг бойынша Орталық Азия елдері арасында Өзбекстан армиясы бірінші орынды иеленді. Қазақстан – 61, Ауғанстан – 75, Түркіменстан – 86, Қырғызстан – 93, Тәжікстан – 99 орын алған. Ауғанстан әскерінің қуаттылығы тек әскери техника санымен есептелген көрінеді.

2021 жылы Өзбекстанмен әскери қуаты жағынан салыстыруға болатын елдер – Беларусь, Марокко және Португалия.

Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің ішінде Өзбекстан Ресей (2-орын), Украина (25-ші қатар), Беларусь (50-орын) армиясын ғана алға жіберіп, төртінші орында тұр.

Abai.kz

5 пікір