Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3181 0 пікір 10 Шілде, 2012 сағат 12:26

Қазақстанда жаһандық медицина туралы тұңғыш интернет-басылым пайда болады

«Назарбаев Университетінің» Питтсбург университетімен  ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанда биомедициналық зерттеулер бойынша тұңғыш  интернет-журнал құрылады.

«Жаһандық денсаулық сақтаудың Орта Азиялық журналы» деп аталатын бұл басылымның  ерекшелігі, онда барлық отандық ғалымдар өздерінің ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерін көрсете алады.

«Халықаралық деңгейдегі көптеген журналдар біздің ғалымдарымыз үшін іс жүзінде қол жеткізгісіз, бұл жерде тілдік кедергілер де, мақала құрылымы да бар. Біз отандық ғалымдармен қоса шетелдік ғалымдар да өз зерттеулерін ұсына алатын әлемдік деңгейдегі бірінші журнал жасап шығардық,  бұл жерде ең бастысы  - Орталық Азия өңірінде мұндай басқа басылымның жоқтығы», - деп атап өтті Ж.Жұмаділов.

Ол, сонымен қатар, жарияланымдары ағылшын тілінде болатын басылым тоқсанына бір рет шығатынын, жарияланымдар сараптамалық тексерістен өтетінін баса айтты. Қазір редакторлық құрам құрылып, бірінші шығарылымға дайындық жүріп жатыр. Басылым «Назарбаев Университетінің» Өмір туралы ғылым орталығы платформасына негізделген.

«Аталмыш журнал ғалымдарға жаһандық денсаулық сақтау саласындағы көкейкесті мәселелермен бөлісіп, оларды тиімді шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Бұл ғылыми зерттеулердің деңгейін арттыруға ықпал етеді», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596