Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2128 1 пікір 26 Қазан, 2021 сағат 12:57

Елімізде жұмыртқа бағасы шарықтап кетті

Қазақстанның төрт облысында жұмыртқа бағасы бір жылда 20 пайызға қымбаттады. 2021 жылдың жеті айында шаруалар 3,6 миллиард жұмыртқа алған, бұл бір жыл бұрынғыдан 9 пайызға аз.

"Өңірлер тұрғысында сектордағы ең көп өндіріс көлемі Ақмола облысына тиесілі: 599,6 млн дана. Үш жетекші өңірдің қатарына Алматы (590,4 млн дана) және Қарағанды ​​(499,6 млн дана) облыстары да кірді", – дейді Energyprom.kz зерттеушілері.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде бірінші санатты жұмыртқаның орташа бағасы 35.5 теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғыдан 16,4 пайызға қымбаттаған. Еліміздегі ірі қалалар мен мегаполистер арасындағы ең жоғары баға Алматыда (он екі жұмыртқа 486 теңге), Нұр-Сұлтанда (432 теңге) және Талдықорғанда (405 теңге), ең төменгісі Қарағандыда (262 теңге) тіркелген.

Өңірлік тұрғыда жыл сайынғы динамикадағы бағаның өсуін Алматы облысының тұрғындары көбірек сезінді , оңтүстік астанада жұмыртқа бірден 27%-ға қымбаттаған.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610