Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2862 0 пікір 9 Шілде, 2012 сағат 14:26

Қажымұқан Ғабдолла. Баланы қорқытып, қарияны қорладық...

...Жанболат МАМАЙ атты айнымас, ақ алмастай өткір інім бар еді, Ақтауға апарып, түрмеге тығыпты...

Інім күнделік жазып: «Ащы шындықты қараның да, ханның да бетіне тіке айтқан атақты Сократ та әділетсіздік құрбаны болған. Жақында Сократты өлім жазасын кескен соттың шешімінің күшін жойған жаңа сот болды. Грекияға ақиқат пен әділдік 2500 жылға кешігіп жетті!» - депті...

Жөн шығар, әділдік ақыры жеңуге тиіс қой. Алайда, 300 жылдан астам кезең бодандықта боздаған қазақ әупірімдеп еркіндікке жеткенде, әділдікті тағы да 2500 жыл күтсе, күл-талқаны шықпай ма?..

Атышулы Болат аға АТАБАЕВтың айтуынша, біздің рухани дүниеміз әлдеқашан күл-талқан болған...

Меніңше, енді жалғыз ғана қадірліміз қалды, ол - ойымыз бен бойымыздың еркіндігі. Осынау егіз еркіндігі батыл Бөкеңнің аяғына «тұсау салған» сияқты. Ойын ашық айтып, «соттарыңнан мазақ жасаймын» деп, қаншама тыраштанғанымен, жалғыз-жаяу «құдіреті күшті» мемлекеттік машинаға қалай қарсы тұрсын?!.

Бет-ауызы көгала қойдай Болат ағамыздың қысымы көтеріліп, әзер аман қалды. Жанболат інімізбен бөліп жеген күлше нанның құдіреті ме, әйтеуір, бітімі бөлек Бөкеңдей асыл ағамыз әупірімдеп ажал тырнағынан құтылды...

...Астананың ауыр есіктерін шыбын құрлы көрмей, ерсілі-қарсылы теуіп, еркін кіріп-шығып жүрген Ермек Тұрсынов дейтін адам менің есімде психотрагедиялық «Келін» атты қойыртпағымен сақталып қалыпты. Ерекең саны жоқ, сапасы әлсіз сұқбаттарында қаншама ақталып бақса да, мен: ««Келін» - қазақ дейтін киелі жұртты жержүзінің алдында ашық масқаралаған фарс болды» - деп, есептеймін. Кім де десе - о десін, атамыз қазақ ешқашан ешкімен төсектес болмаған, кім біледі, бәлки, Ермек Тұрсыновтың өзінің тікелей аталарының жан-жануарлармен жыныстық жақындастығы бар ма екен?!.

Қалай десек те, қазақтың: «Бір аштықтың - бір тоқтығы болады» дейтіні рас қой, қазақтың алдындағы батпан күнәсінің болмашы бөлшегін Ермек Тұрсынов Болат аға АТАБАЕВты абақтыдан алып шығуымен аздап жуған тәрізді...

«Арқада күн жылы болса...» - Болат АТАБАЕВ пен Жанболат МАМАЙ секілді талантты адамдар бойындағы бар талантын, ой-қиялдарындағы күллі інжу-маржандарын сарқып, халқына қалдыруы керек қой.

Бір өкініштісі, теңіздің суы тірсегіне жетпейтін САЯСАТ осындай таланттылармен алысып әуре. Билікке де, ұлтқа да, мемлекетке де нағыз қауіп - он екіде бір гүлі ашылмаған сары ауыз бала Жанболат МАМАЙдан емес; өмірдің ыстық-суығын аямай кешіп, ұлтты сүюдің, елді қадірлеудің үлгісін көрсеткен ардақты ақсақалымыз Болат АТАБАЕВтан емес; түйені түгімен қылқытқан Есілдің сол жағалауындағы жұмсақ орындықтарына жабысып, телегей тендерлерді тісімен тартқан шонжарлардан келетіндігі сәбиге де түсінікті ақиқат қой...

...Есті ағаларға тауфиық тілейік!!!

0 пікір