Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 3796 1 пікір 25 Қазан, 2021 сағат 14:41

Тоқаевтың Түркіменстанға сапары: талқы не?

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстанға мемлекеттік сапармен барды. Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту мен аймақтық қауіпсіздік мәселесін, сауда қатынастарын талқылады. 

Түркіменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді. Мемлекет басшысына Түркіменстан Президентінің арғымақ аттары көрсетілді. Іс-шара барысында құрметті қонақтар шабандоздардың өнерін тамашалады.

Шарадан кейін Түркіменстан басшысы Тоқаевқа Ахалтеке тұлпарын сыйға тартты.

«Осы бір тамаша сыйлығыңыз үшін өзіңізге алғыс білдіргім келеді, әрине бұл бауырлас түркімен халқының достығының көрінісі. Мен бұл жылқыны өзім барып көріп, жағдайын біліп тұрамын. Әрине сіздің сыйлығыңызды барынша жақсы қарайтын боламыз», - деді Тоқаев.

Cонымен қатар Түркіменстан басшысы Тоқаевқа түркімен тазысын да сыйға берді.

Тараптар арасында қандай келісім жасалғаны белгісіз. Алайда Түркіменстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың нашарлығына қарап, сауда қатынасы мен экономикалық жобалар талқыланды деуге негіз бар. Түркіменстанда азық-түлік тапшылығы артуда, ал ресми коронавирус жоқ болса да, бейресми ақпараттар бойынша вирустан көз жұмғандар саны 25 мың адамнан асқан. Бұл Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіш болуы мүмкін. Сондықтан коронавирус бойынша бірлесе күресу мәселесі де жабық есік форматында өтті деп болжам жасауға болады.

Әрине, Ауғанстандағы жағдай да күн тәртібінде. Түркіменстанмен тікелей шекарасы бар Ауғанстанның аймақтық қауіпсіздікке төндіретін қаупі мен қатері, оған бірлесе қарсы тұру мәселесі де айтылған болуы керек.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522