Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Ақмылтық 9471 49 пікір 23 Қазан, 2021 сағат 14:43

Орыста Отан бар ма?

Жылқыны қолға үйретіп, үзеңгіні ойлап тапқан ата-бабамыз аяғына қыс түскенде сырғытпа - коньки (қон + ки) байлаған, шанамен (сани-шаңы жоқ арба) балаларын сүйреген, қалың қарда (Алтвй тауларында сойшаңғы) шаңғы тепкен, Мәскеуге (Мас күйеу) келгенде Арбатқа арба + атпен кірген, Түріктердің тепкісінде емес, қамқорлығында болған халық әуелі брат, братань, яғни бір атаның балаларымыз десе, кейін солақай саясаттың кесірінен  оны мүлдем ұмытқан. Тіпті первый  деген сөздің түріктің бірінші деген сөзінен шыққанын, брак (арабша никах - неке) сөзінің бір-ақ болайық, екі жарты – бір бүтін деген мағынасын да қалыс қалдырған. Біздің ішіне ет салған  жұқа нанымызды чебуреки, бәлішті белящи деп атай бастаған.

Саратов Сарытау, Омск Омбы, Байкал Байкөл, Ростов Ұрыстау, Орынбор Орманды жер, Тюмень Төмен, Курган Қорған екенін білмеді дейсің бе? Білді, бірақ, тілдеріне орайластырып өзгертіп алды. Ал қазақ даласындағы жер-су атауларын қалауларына сай өзгертті.

Кезінде жоқтан бар жасап, «Толковый  словарь живого великоруссеого языка» деген төрт томдық  түсіндірме сөздік жасаған Владимир Дальдың өзі  арка деген сөздің мағынасын доға (дуга) деп түсіндіреді. Шынында, аркасы кәдімгі арқа, дугасы доға. Сөздіктен түрік, қыпщақ тілінен енген сөздерді алып тастайтын болсақ орыстың сөздік қоры  он есе азайып қалатыны рас.

Еуропаның елшілері деп аталатын, шіркеудің тыңшылары болған монах Плано Карпини мен саяхатшы Марко Поло түрік халықтарын қолдарынан келгенше жамандап, қара күйені баттастырып жаққан. Ол католиктер мен христиандардың сұрқия саясаты үшін қажет еді.

Орыс моншасы дегенді естігенде күлкің келеді. Жалпы, орыста ертеде монша болды ма екен? Орыстың «банясы»  көне түріктердің «бу ана» сөзінен шыққан. Қазақтың «зығырданым қайнады» деген сөзінің түбінде де осы монша мәдениеті жатыр. Біздің бабаларымыз киіз үйдің ішіне тасқорық қойып, тастың астына от жағып, ол әбден қызғанда тас  бетіне зығырдың дәнін шашып, бумен емделген.

Теріп  алып  қазағым зығыр дәнін,

Қайнатпаған  құр босқа зығырданын.

Малын сойып, қолдағы барын беріп,

Қонағына ұсынған қуырдағын.

Киіз үйі тігіліп арбасында,

Шомылдырған ханын да, ханшасын да,

Шүмектей қып терлетпей шығармайтын

Зығыр  дәні даламның моншасында.

Сәбит Мұқанов «Аққан жұлдыз» романында: «Монша аталатын тазалық орны адамзат тарихының ең көне, ең көмескі тұрмысынан бері жасап келе жатқанын білеміз. Орыс елінің Бірінші Петрға дейінгі  тарихында моншаның біз білетін түрі болмаған, оған дейін әркім білгенінше құйынған. Ішіне от жағып тасты ия күйген кірпішті қыздырып, соларға су себу арқылы бусандырып, ыстық жерде терлеп-тепшіп жуынатын монша  тек Бірінші Петрдің  немістерден алған үлгісі арқылы жасалған. Петр жасатқан моншаның «орыстыкі» аталатын себебі, тас қыздыратын пешінде мұржа жоқ, үйге қамалған түтін далаға ашық тұрған есік арқылы ғана шығады, тас қызып болған шақта от жағу тоқталады да, қою түтін сұйылған кезде есік жабылып, қызған тасқа су себіледі, одан бұрқыраған ыстық бу көтеріледі» (368 бет) –  деп жазады.

Көне түрік сөзі пеш жылыту, жылыну деген мағынаны білдіреді екен. Оның піс деген сөзбен тамырлас болуы да мүмкін. Орыстың печь дегені біздің ата-бабамыз қолданған осы сөз. Сол секілді печенье сөзінің де түп-тамыры осы пештен шыққан. Орыстар кирпичь деп жүрген кірпіш деген қазақ сөзінің де пештен шыққанын аңғару қиын емес. Пеште күйдірілетін болғандықтан және лайдан жасалғаннан кейін әуел баста кір пеш деп аталған шығар.

Яғни, қазақ пешінің қызуы басқа халыққа да жеткен деп пайымдауға болады.

Сол орыстар татар-моңғол езгісі дегенді «татарско-монгольское иго» деп атайды. Тарихшы Мұрат Аджидің  кітабында (Мурад Аджи. «Тюрки и мир: сокровенная история», Москва, 2004 г.) келтірген деректерге қарағанда, иго көне түріктердің еге деген сөзі. Бұдан шығатын қорытынды, ешқандай езгі болмаған, керісіңше, үш ғасыр бойы түріктер байтақ өлкеге қожалық жасаған, еге болған, сүйтіп Мәскеуден бастап барлық орыс қалаларынан алым-салық алып тұрған. Олар түрік билеушілерінің жарлықтарын орындауға мәжбүр болған. Түріктердің қазынасынан орыстың казнасы (казна – сокровище) пайда болған. Украин ақыны Тарас Шевченконы неге кобзарь деп атаған? Өйткені, ол дала жырауларының ізін жалғаған. Кобзарь – қолына қобыз ұстап, жыр толғаған жыршы.

Отан деген сөздің мағынасына үңілейікші. Орыстар Отчизна, Отечство, Отчество, отчим дейді. Барлығының да түбірі бір ғана сөз – от. Қазақтың Отан, отбасы, ошақ дегенінен шыққан сөздер. Очаг – от жақ дегенді білдіреді.

Солдаттың түп негізі салт атты екені айдан анық. Жауынгерлер салт атпен жүрген ғой. Содан барып солдат деген қысқартылған сөз пайда болған.

Жастар киіп жүрген шортиды алайық.  Бүтін шалбарды шорт кесіп тастаса  шорт болмай ма?! Қазақ киімін бұрын шалбар кимеген Еуропа жұрты өзінше түрлендіріп алған.

Ұйып тұрған отбасындағы жағдайды орыс халқы уют дейді. Осы уютыңның өзі кәдімгі ұйыптан шығуы мүмкін. Сүттей ұйыған берекелі шаңырақта жақсы қалып болса, несі бар?! Жәшікті ящик деген орыс халқы қалың қолда қолданған онбасы, жүзбасы, мыңбасы атауларын десятник, сотник, тысячник деп атайтын болған.

Қазақ хандарының жарлығы (ярлык) көптеген ұлтқа тараған. Кейін тарих дөңгелегін кері айналдырып, түріктерді жек көрінішті ету ниетінен кісіге жаман ат тағылғанды «вешать ярлыки» дейтін болған. Қазақтың  масқара деген сөзінің өзі о баста екі жүзділерге, көз бояушыларға байланысты айтылса, маскарад та осы сөзден шыққаны анық. Маскарад – бетперде жамылу, шын жүзін жасыру деген сөз.

Еуропа мен орыс империясының біздің бабаларымызға деген көзқарасы да сол маскарадты еске салады.

Қазіргі балалар бауырсақ деп аударып алып, атап жүрген орыс ертегісі «Колобоктың» негізгі мағынасы қолы боқ  дегенді білдіреді. (Мұрат Аджидің «Қыпшақтар» кітабында).

Ендеще орыспыз деп жұрген шуылдақтардың шу (шум) шығарғаны көңілге қаяу түсіріп қана қоймайды, олардың сана-сезімінің төмендігін, білімсіздігін көрсетеді.

Ақылбек Шаяхмет

Abai.kz

49 пікір