Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Саңлақ 3782 1 пікір 22 Қазан, 2021 сағат 14:33

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 5 саты төмендеді

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады. Бұл туралы Prosports.kz мәлімдеді. 

Кезекті рейтингте Қазақстан ерлер құрамасы бес саты төмендеп, 125-орынға (1137 ұпай) жайғасты.

Әлем құрамалары арасында Бельгия футболшылары көш бастап тұр (1832 ұпай). Ал екінші, үшінші орындарға Бразилия (1820 ұпай) мен Франция (1779 ұпай) жайғасқан.

21 қазандағы ФИФА рейтингісі бойынша:

1 (1). Бельгия — 1832
2 (2). Бразилия — 1820
3 (4). Франция — 1779
4 (5). Италия — 1750
5 (3). Англия — 1750
6 (6). Аргентина — 1738
7 (8). Испания — 1687
8 (7). Португалия — 1681
9 (9). Мексика — 1673
10 (10). Дания — 1668

26 (27). Украина — 1527
125 (120). Қазақстан — 1137.

Abai.kz

1 пікір