Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3399 0 пікір 3 Шілде, 2012 сағат 07:41

Сәкен Алдашбаев. Несиенің жыры немесе Ислам банкі қайда?

Ұлттық банкі төрағасы назарына!

Аллаһ Тағала: «Кімде-кім Аллаға көркем қарыз берсе, ол оны көп еселейді. Алла тарылтады, әрі кеңейтеді, әрі түбінде Оған қайтасыңдар» («Бақара» сүресі, 245 аят)

Несие деген нәлет шыққалы бері қара халықтың көзі қарыздан ашылмай келеді. Отқа түсіп күйетінін білсе де жарық деп ұмтылған көбелек секілді бірінен соң бірі обығып жатқандарды көргенде болашағынан түңілесің. Бірақ бұны көбелек секілді ақымақтықпен барып жатыр деуден аулақпын, өйткені қара халықта мұнан басқа қандай амал қалмай барады. Емделу керек, бала оқыту керек, той өткізу керек, тағы сондай толып жатқан шаруалар бар.

Келгенде күліп кіріп, кетерде жылап шығатын бұл өсім ақшаны алуға әсіресе ауыл азаматтарының құштар келетінін қайтерсің. Азғантай ақшаны алады да тықыр таянғанда малын арзанға сатып, несиесін жауып жатады. Дегенмен оны ала гөр деп банкі де қинап жатқан жоқ, бірақ мақтанғанда жыртылып-айырылатын біз секілді дамыған елге сай емес өсім қойылып отырған жоқ па?

Оған қоса ен байлықтың үстінде отырған қазақ елінің несие есесі біз басып оздық деп жүрген мемлекеттерді артқа қалдырады екен. Әлде осынымызбен мақтанамыз ба?

Ұлттық банкі төрағасы назарына!

Аллаһ Тағала: «Кімде-кім Аллаға көркем қарыз берсе, ол оны көп еселейді. Алла тарылтады, әрі кеңейтеді, әрі түбінде Оған қайтасыңдар» («Бақара» сүресі, 245 аят)

Несие деген нәлет шыққалы бері қара халықтың көзі қарыздан ашылмай келеді. Отқа түсіп күйетінін білсе де жарық деп ұмтылған көбелек секілді бірінен соң бірі обығып жатқандарды көргенде болашағынан түңілесің. Бірақ бұны көбелек секілді ақымақтықпен барып жатыр деуден аулақпын, өйткені қара халықта мұнан басқа қандай амал қалмай барады. Емделу керек, бала оқыту керек, той өткізу керек, тағы сондай толып жатқан шаруалар бар.

Келгенде күліп кіріп, кетерде жылап шығатын бұл өсім ақшаны алуға әсіресе ауыл азаматтарының құштар келетінін қайтерсің. Азғантай ақшаны алады да тықыр таянғанда малын арзанға сатып, несиесін жауып жатады. Дегенмен оны ала гөр деп банкі де қинап жатқан жоқ, бірақ мақтанғанда жыртылып-айырылатын біз секілді дамыған елге сай емес өсім қойылып отырған жоқ па?

Оған қоса ен байлықтың үстінде отырған қазақ елінің несие есесі біз басып оздық деп жүрген мемлекеттерді артқа қалдырады екен. Әлде осынымызбен мақтанамыз ба?

Жалпы несиеге мұқтаждық қайдан туындап отыр? Бір жауырыншылардың айтуынша, халық несие алмайын десе қоғам екі тапқа бөлініп, қауқарсыз топтар пайда болды. Оған қоса мақтаншақтық пен даңғазалығымыз несиеге нар тәуекел еткізіп «көтере алмайтын шоқпарды белімізге байлатып» жүр екен. Осылайша өмірінде қолына ұстамаған қомақты қаржыны алақанға қысуға асығады. Бірақ «қарнында жоқтың ұртында тамақ тұра ма» дегендей қаржы үйге қалай кірсе, солай шығып кете береді де, кепілге қойған үйі, көлігі тағы басқа мүлкі қыл үстінде қылтылдап тұрады.

Осындай несиенің кесірінен осыдан екі-үш жыл бұрын бір келіншек өзін-өзі өлтіре жаздаған болатын. Өлтірмегенде қайтсін, дейді біз танитын абысын-ажындары. Өзінің ұзатылу тойын несие алып, дүркіреген өткізген. Одан соң жасау әкелуіне де әке-шешесіне қарызға ақша алып беріпті.

Сөйтіп «итті қонақ жараспас» дегендей қарызымен келген келінді кім жақтырсын, келген жерінде ұрыс, жан-жал туындай береді де, ақыр соңы тілдей қағазға бар бәле несие мен қарыздан болғанын айтып, бір уыс дәрі ішеді, келін.

Дәрі қойсын ба, аузынан ақ көбік ағып жатқан жерінен үйіндегілер көріп қалып, аузына ағарған құйып, дәрігер шақырып аман алып қалады. Бірақ не пайда, ішіндегі баласы мүгедек болып дүниеге келді, ал өзі қазір ауру. Енді соны емдетейін десе қаржысы жоқ. Қайдан болсын, төбесінде төніп несие тұрған жоқ па. Одан кейін көтерген екінші баласын баға алмаймын деп жақында ғана алдырып тастапты.

Міне, несиенің сиқы - осы. Жалпы несие дамыған елдерде де ел әлеуетін көтеру үшін беріледі, бірақ ұзақ мерзімге және өте аз пайызбен. Ал айлық табыстары болса оны он орап алады. Әрине, бұл біз озып кетіп жүрген дамыған елдерде.

Тағы бір айта кететіні біздегі банкілер халыққа сенбейді, яғни, биліктің халыққа сенімі жоқ. Олай дейтінім, несие берердегі кепіл мен құжаттардың көптігі соған дәлел.

Ең әрісі шыңғыра жарнамалап жатқан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінің» де елді жарылқап жатқаны шамалы. Мәселен «бастау» тарифіне 3 жылда 500 мың теңге жинап, 1 млн. теңге етіп алатын болсаңыз 18 түрлі құжат жинайсыз. Ол құжатты жинау үшін де қаншама ақша кетеді. Мәселен үйіңізді кепілге қою үшін бір емес, екі «Тәуелсіз бағалау орталығы» 5 мыңнан 10 мың теңгеге үйіңіздің бағасын шығарып береді. Неге біреуінің шығарғанына сенбейді дейсің ішіңнен, бірақ талап солай. Сондай деймін-ау, біздің мемлекетте бір-біріне деген сенім мүлде қалмаған ба? Әлде бұл - халықты сорудың бір тәсілі ме? Оған қоса банкі беретін үстіндегі 500 мың теңгенің кепілі, яғни, үйіңіздің құны беретін қаржының 60 пайызын құрау керек. Демек, банкі сіздің үйіңізді екі есе арзанға бағалайды деген сөз. Сонда мұнысы қалай? 5 пайызбен несие бердім деп төбені тесу ме? Оған каркастан салынған ауылды жерлердің үйлері жарай қоймайды екен тағы. Міне, үш жыл бойы салымшысы болған адамға банкілердің сенімі - осы. Жарнамасын қарасаң елді жарылқап п жатқандай.

Ал ауыл шаруашылығы үшін бөлінетін 1 млн.,  3млн. және 18 млн. теңгенің талаптары тіптен қызық. Оны алу үшін шалғындық жерің не соған лайық үйің болуы керек екен.

Сондай қалай, әркім өз жерінің қағазын өткізу үшін ауылдағы ЖШС-тен бөлініп шығу керек пе? Сонымен қатар ауылда қандай үй 18 млн. теңгеге бағаланады? Тіпті ауылдағы үйлердің көбі 1 млн.-ге де бағаланбайды ғой.

Мақұл, үй-жайыңды тігіп, аталған құжаттарға қаржы жұмсап алды делік. Сөйтіп асыл тұқымды мал әкелді, егін екті. Одан ары қарайғы жүйесі қалай болмақ. Тағы бұл жағын өзің үйлестіруің керек пе? Міне, қызық деген осы. Өзі 1 млн.-ге қолы зорға жетіп отырған шаруа өнімді өндіруді, сақтауды, сатуды қалай ұйымдасытарды? Қозғалса болды қыспаққа алатын мекемелер көп емес пе бізде. Содан соң, бұл жерге делдалдар араласпасын дей гөр. Сөйтіп, жүйесіздіктен салың суға кете береді.

Осындай шым-шытырық мәселеге толы несие өрмекші секілді торын құрып жатыр. Ал қазір осы жөнінде тиісті маманды сөйлетсеңіз таңғажайыпқа тап боласың. Тіпті бәрін қойып, несие алып ауылға тартып кеткің келеді.

Ал бұл жөнінде дінімізде өсімге ақша немесе басқа да бір зат алу-күнә дейді. Алла-тағала Құран Кәрімде бұл туралы «Адамдардың мал мүліктері көбею үшін берген өсімдері Алланың алдында өспейді» («Рум» сүресі, 39 аят) деп айтқан. Және өсімқорларға Алланың бес жазасы бар деп ескертілген.

Біріншісі: есеңгіреп қалу, өйткені Алла-тағала ардақты аятында: «өсім жейтіндер шайтан басып қалған адамдай тұрады (қайта тіріледі)» деген.

Екіншісі: жойылу. Алла-тағала: «Алла өсімқорлықты жойып, садақаны өсіреді»,-деген. Мұндағы жою түбірімен жоқ ету. Бұл сөздің мағынасы, өсімнен келген пайданы өсімқордың өзі де, кейінгі ұрпағы қызықтай алмауы үшін берекесі мен қызығының жойылуы дегенді білдіреді.

Үшінші: Соғысқа тап болу. Раббымыз: «Алла пен оның Елшісімен соғыс болатынын біліңдер»,-деген.

Төртіншісі: күпірлікке кіру. Жаратқан Иеміз: «Егер шын иман келтірген болсаңдар, өсімнің қалған бөлігін тастаңдар»,-деген.

Бесіншісі: Тозақта мәңгі қалу. Алла: «Ал кімде кім оған (өсімқорлыққа) қайта оралса, олар тозақтың тұрғындарына айналып, онда мәңгілікке қалады»-деген және қабір азатын тартатын болады,-деп ескертсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) аршы ғаламға көтерілгенде қан ағып жатқан өзен ортасынан жағалауға қарай жүзіп шыға алмай, бір батып, бір шығып жүрген адамды көреді. Және жағада оны кесекпен атып тұрған адамды байқайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) періштеден бұл не деп сұрайды. Сонда періште:

-Бұл сенің үмбетің. Өсімқорлар деп жауап береді. Ондағы қанды өзеннен шыға алмай жүрген жан ол өсімқор болатын. Тағы бір алымдар «өсімқорлар көбейсе елде береке кетеді, соғыс болады»  деп үрейлене айтып кеткені ел есінде.

Дініміз Ислам, жаратушымыз Хақ Алла дей тұрып, осы жағын ескеріп жатқан жоқ секілдіміз.

Дінімізде қарыз беру дұрыс емес пе деуіңіз мүмкін. Жоқ қарыз беру халал. Қарыз беру шариғат шарты бойынша «жәйіз», яғни, рұқсат етілген іс. Әбу хурайрадан жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде кім бір мүнінің дүниелік уайым-қайғыларынан бір қайғысын сейілтсе, Алла одан Қызмет күнінің қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді. Кімде кім тарыққанда (қарызын) жеңілдетсе, Алла оған дүниеде де, Ақыретте де жасырады. Пенде бір бауырының қажеті үшін жүрсе, Алла сол пенденің қажетінде болады» дейді.

Міне, мен бұл әңгімені осы үшін қозғап отырмын. Біздің елімізде осыдан 4-5 жыл бұрын «Ислам банкі» құрылған болатын. Ол өсіммен емес, қарызға ақша беретін. Сол банкі көп ұзамай жоғалып кетті. Неге, кім жоғалтқаны белгісіз. Өсім алып отырған мына банкілер ме, әлде ұзынқұлақ айтып жүрген теріс ағымды дінге қатысы болғандықтан ба? Мұны, тиісті орын айта жатар. Алайда теріс ағымға қатысы болса оны тоқтатқаны дұрыс болды, бірақ сол ізбен неге дамып кеткен мемлекетіміз жұмыс жасамайды?

«Абай-ақпарат»

0 пікір