Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3064 0 пікір 3 Шілде, 2012 сағат 06:52

Үндеу: Шу қаласына Керей мен Жәнібек хандардың атын беруге тиіспіз!

Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевқа,

Қазақстан Үкіметі мен Парламентіне,

қоғамдық-сяаси ұйымдар мен қоғам қайраткерлеріне, және қазақ халқына


ТҮРІК   ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ   ДҮНИЕЖҮЗІЛІК   АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ АТЫНАН

Ү   Н   Д   Е   У

"Шу қаласына қазақ мемлекетін құрған Әз- Жәнібек-Керей хандардың атын беру туралы"

Қазіргі қазақ халқының тағдырын шешкен басты басты белес - Әз-Жәнібек, Керей сұлтандардың ыдырап біте бастаған Шыңғыс империясының ішінен қазақ хандығын құруы. Еркіндік пен әділеттік іздеген халықтың жаппай атқа қонуынан дер кезінде ұлттық мемлекеттің құрылуы қуатты қазақ ұлтының қалыптасып, бұл дүниеде өз орнын аларының кепілі еді.

Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевқа,

Қазақстан Үкіметі мен Парламентіне,

қоғамдық-сяаси ұйымдар мен қоғам қайраткерлеріне, және қазақ халқына


ТҮРІК   ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ   ДҮНИЕЖҮЗІЛІК   АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ АТЫНАН

Ү   Н   Д   Е   У

"Шу қаласына қазақ мемлекетін құрған Әз- Жәнібек-Керей хандардың атын беру туралы"

Қазіргі қазақ халқының тағдырын шешкен басты басты белес - Әз-Жәнібек, Керей сұлтандардың ыдырап біте бастаған Шыңғыс империясының ішінен қазақ хандығын құруы. Еркіндік пен әділеттік іздеген халықтың жаппай атқа қонуынан дер кезінде ұлттық мемлекеттің құрылуы қуатты қазақ ұлтының қалыптасып, бұл дүниеде өз орнын аларының кепілі еді.

Тамыры мыңдаған жылдық тереңде жатқан түрік суперэтносының ру, тайпаларының қорытпасы - қазақ халқы бүгінгі күні түрік әлемінің жарқын жұлдызына айналып отыр. Орталық Азиядан, қазіргі қазақ жерінен адамзат есін жия бастаған заманда оның алғашқы өркениетін туындатқан ұшқынды аталарымыз шартарапқа таратқан болса[1], бүгінгі күні еліміз әлемді трансформациялау[2]: адамдарды рухани біріктіру, әлемдік экономиканы жаңаша басқару, халықтық капитализм, жаңа демократия туралы және басқа да өркениеттік маңызы бар идеяларды алға тартуда.

Десекте, біздің тағдырымызды шешкен бетбұрыс жантүршігерлік кезеңдерді бастан кештірді[3]. Тағдырдың тәлкегімен құл сияқтанып, хан Кенемен[4] үмітіміз бірге үзілгендей болса да, бабалар рухы, аяқ тірер атажұрт еркін ойға леп беріп, күреске шақырып, тіпті қорғансыз 86-ның желтоқсаншылары сынды жеткіншектерімізде отаршыл монстрға қарсы шығып, бүгінгі егемендігімізді жақындата түсті. Бұл біздің болмысымыз еді. Өйткені біз көш бастарда еркіндікті қалап "қазақ" атанып, еркіндіктің ұранымен қазақ елін құрған едік. Бәлкім бұл Жаратушы берген тағдыр шығар - пассионарлылық Әз-Жәнібек пен Керейді көш басшы етіп, этникалық тобымызды тарихи тұрғыдан алғанда көзді-ашып жұмғанша ұлтқа айналдырған. Осы сәттің басынан бастап құдретті күш қазағымды болашаққа бағыттап тұрған сияқты болып көрінеді.            Бүгінгі, болашақ ұрпақ, біздің бәріміз де осы күнге жол салған ерлердің алдында өтелмес қарыздармыз - жарық дүниеде ұлы қазақ ұлты, егеменді Қазақстан болсын деп өмірлерін ғасырлар бойы сарып еткен бабаларымыздың арқасында, қазір, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Олардың ішінде аласапыран заманда хандығымыздың іргесін қалап, ұлғайтып үлгірген Әз-Жәнібек және Керей хандардың орны ерекше, олар мәңгілік құрметке лайық!

Олардың әруағы үлкен істер мен меркантильдіктің де әуресімен кеткен біздерге мейірбандықпен қарап, қашан бізді ісімізге сай құрметтер екен деп күтуде болар. Әсіресе қазақ хандығы туындаған өңірде.

Егер біз қазақ хандығының туы көтерілген Шу қаласын Жәнібек-Керей хандар қаласы деп,  алаңдары мен көшелерін соңынан ерген тұлғалардың атымен атап, мұражай мен мемориалды кешен салып, ұрпаққа сабақ болардай безендірсек, олардың  алдындағы парызымызды аз да болса өтегендей болар едік.

Cонымен қатар, бұл қалаға республикалық мәртебе беріп, көркейтіп, қазіргі Қазақстанның іргетасын қалаған қазақ хандығының  кұрылуын тойлауды да ойластыра жүргеніміз абзал болар.

Мұның бәрі Отанымыздың гүлдене түсуіне, осындай тамаша, байлығы асқан елді мұраға қалдырған әрқайсымыздың ата-тегімізді мақтаныш етіп, өнеге тұтуымызға қызмет етер деген сенімдеміз.

 

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақстанды құрған ерікті ерлердің ұрпақтары! Адал да, биік ойлы азаматтар!

Бұл үндеу жан-дүниелеріңізді тербетіп, ой салып, іске бастап, ата-бабаларымыздың әруағы риза болсын!

 

 

академик Ерментай СҰЛТАНМҰРАТ,

Түрік халықтарының дүниежүзілік Ассамблеясының президенті

18 маусым, 2012 жыл.

Тұран қалашығы, Оңтүстік Қазақстан облысы

«Абай-ақпарат»


[1] Б.Харенберг, "Хроника человечества", 30 бет, Москва, 2000.

[2] Н.Назарбаев ұйымдастырған әлемдік діндер съезді, Астана экономикалық форумы және басқа да шаралар мен идеялар, E.Sultanmurat, "Ensuring Peace Becomes the Norm", United Nations Chronicle, New York, №1, 1999.

[3] Қазақ халқының тағдыры әсіресе қыл үстінде болған кезеңдер: а). жонғар-қалмақтардың көршілердің бірі қолдап, мылтық, зеңбірекпен қаруланып, қазақ елін қан-жоса етіп, басып алған кезінде (сүйекті сырқыратар "Елім-ай" әні сол тағылықтың куәсі). Қытайлардың қалмақтарды қырып жіберуі ғана жағдайымызды түзеді; б). Россияның отары болған кезімізде, бұл кезең 1991 жылы егемендігімізді қалпына келуімен аяқталды.

[4] Кенесары Қасымов - қазақтың соңғы ханы, 1847 жылы Түркістан халқын орыс шапқынышларына қарсы ұйымдастырамын деп жүріп қаза тапқан.

0 пікір