Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Билік 3624 10 пікір 22 Қазан, 2021 сағат 13:30

Назарбаев: «Биліктен 2015 жылы кетпек болдым…»

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы қордың қолдауымен Елбасы Баспасөз қызметі мен журналист Айгүл Адилованың бірігіп жасаған жобасы «Штрихи к портрету. Откровение» атты бесінші деректі фильмі жарияланды.

Фильм бірінші президентпен емен-жарқын сұхбатқа құрылған. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев өз сұхбатында қазір қызметінен кетіп, демалыс уақытында жүргенімен әлі күнге халық ісіне бей-жай қарай алмайтынын айтыпты.

«Зейнетке шыққан Жорж Буштан: «Сіз өмір бойы саясатта жүрдіңіз. Ал, қазір жағдайыңыз қалай?», - деп сұрадым Ол: «теледидар көрмеймін, газет оқымаймын, жаңалық тыңдамаймын, содан ештеңеге алаңдамаймын», - деп жауап берді. Ал, мен олай істей алмаймын», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Экс-президент Батыс елдерінің посткеңестік елдерге қарағанда «сыйлыққа» аса мән бермейтінін айтады. Мысалы, Түркімен президенті Ақалтеке атын мінгізсе, өзбек көршілер «өзбек халаттарын» сыйлайды.

Президенттік қызметтен кету туралы шешімді Назарбаев әріптестерінің ішінен тек қана Ресей президенті Владимир Путинге айтқан.

«Мұндай нәрсені жан-жаққа айтуға болмайды. Ешкімге айтқан жоқпын. Тек сол күні ертеңгісін Путинге хабарластым, қанша дегенмен көршіміз ғой. Ол қатты таңғалды. «Бүгін кешке хабарланады, оны менің аузымнан естігеніңіз жөн деп шештім», - дедім. Болды. Басқа елдердің басшылары мұны білген жоқ», - депті Назарбаев.

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы орнынан кетуге шешім қабылдағанын, бірақ халықтың қолдауымен тағы бір мәрте президенттікке сайланғанын айтқан.

«2015 жылы 75 жасқа толып, қызметтен кетем деп ойладым. Сол кезде Қазақстан халықтар ассамблеясы менің қызметімді ұзарту үшін бүкіл Қазақстаннан қол жинай бастады. Сайлаусыз және өмір бойғы басқару. Менің қарсылығыма қарамастан, еліміз бойынша 5 млн қол жиналды. Бұл электораттың 65%-ы, яғни мен сайланып тұрмын дегенді білдіреді. Сосын халық пікірін сұрау үшін сайлау өткіздік. Ең алғаш 1991 жылы 98,80%  дауыс берілді, кейінгі 15 жылда 97,98%-дан түспейтін дауыс жиналып жүрді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұрын ешкімге айтпаған сырымен де бөлісіпті. Елбасының омыртқасына күрделі операция жасалған, бірақ қазіргі уақытта бәрі дұрыс, одан басқа денсауылығында еш кінәрат болмағанын айтқан.

Айжан Темірхан

Abai.kz

10 пікір