Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2568 0 пікір 3 Шілде, 2012 сағат 05:56

Мәмбетәлин Елбасына Хан Кененің басын сыйлағысы келеді

Енді бірер күннен кейін Қазақстан халқы төрт жылдан бері республика көлеміндегі ресми айшықты мерекелер қатарына енген  Елорда күнін тойлайды. Дәл осы күні, яғни шілденің 6-ында ұлт көшбасшысы, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дүниеге келген күні де аталып өтеді. Тәуелсіздік тарихының алғашқы кезеңдері есімізде шығар, 1994 жылы Жоғарығы Кеңес 6 шілдеде мемлекетіміздің астанасын Алматыдан Ақмола қаласына көшіру туралы келісімге байлам жасап, шешім қабылдаған еді. 1997 жылы Президент Жоғарғы Кеңестің шешімін мақұлдады. Ал, 1998 жылы Ақмола аты Астана болып өзгерді.

2010 жылдан бері Астана күніне орай облыс әкімдері тарту жасап, жаңа жұмыс орындары мен өзге де атқарылған игілікті істерді тікелей телекөпір арқылы жұртқа жария етеді. Турасын айтқанда, Астанаға 6 шілде күні сый-сыяпат жасау дәстүрге айналып келді. Сол дәстүр биыл интернеттің игілігін көріп отырған жұрттың тарапынан ақжарма тілек, құттықтау түрінде көрініс тауып жатыр. Мысалы, Total.kz  порталының бетінен сөз алған Мәжіліс депутаты Владислав Косарев Президентке домбыра сыйлағысы келетінін айтыпты.  Әнші Қарақат Әбділдина Елбасын қазақша сөйлеп, ән салатын Bal-bala қуыршағымен қуантқанды құп көреді екен. Актер Әнуар Нүрпейіс Нұрсұлтан Әбішұлына Twitter-аккаунт сыйлап, Youtubке шақырғысы келетінін жасырмапты. Әлеуметтік желілер арқылы Елбасы елге жақындай түссе екен деген тілегі болса керек. Аталған порталда сый-сыяпаттың түрі-түрін тізіп, мырзалық танытқандардың бәрінен жарты билігі Жағанова ханымның құзырындағы «Руханият» жасылдар партиясының жетекшісі Серікжан Мәмбетәлин асып түсіпті. Ол Елбасына мүмкін болса, Кенесары ханның басын сыйға тартқанды жөн көреді екен. «Қазақтың соңғы ханының рухы бүгінгі ұлт көшбасшысының бойына дарып, оған жәрдем етсе», - дейді Мәмбетәлин мырза. www.abai.kz ақпараттық порталының оқырмандары ше? Олар Астана күні мен Елбасының туған күніне орай қандай  тілек айтып, тарту таралғы жасағанды қалайды? Мархабат.

«Абай-ақпарат»

0 пікір