Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2266 0 пікір 22 Қазан, 2021 сағат 12:27

Cирияда орман өртегендерді өлім жазасына кесті

Сирияда 2020 жылы қасақана орман өртеген 24 адам өлім жазасына кесілді.

"Өлім жазасына кесілгендерге адам өліміне және мемлекеттік инфрақұрылымға, қоғамдық және жеке меншікке зиян келтірген террористік актілері үшін айып тағылды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Қылмыскерлердің кейбірі қасақана өртеу әрекеті үшін ақы алғанын мойындады. Айта кетейік, жергілікті билік Латакия, Тартус, Хомс және Хама провинцияларында 280 қала мен ауылға әсер еткен 187 орман өртін тіркеген.

Abai.kz

0 пікір