Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2617 0 пікір 2 Шілде, 2012 сағат 11:19

Каспий теңізінде түбі тесілген «Найза» шекара кемесі суға батып кетті

АТЫРАУ. 2 шілде. ҚазАқпарат -Каспий теңізінің қазақстандық  аумағында түбі тесілген «Найза» ҰҚК шекара кемесі суға батып кетті.

Батыс өңірінің әскери прокуроры Талғат Бекбергенов бұған дейін хабарлағандай, 28 маусымда  кеме қозғалыс кезінде белгісіз бір затқа соғылып, зақымданған. Экипаж қауіпсіз аймаққа көшірілген.

Оралдан таратылған ресми емес ақпаратқа қарағанда, Жайық өзеніне  понтондар жеткізілетін болады. Оның көмегімен шекарашылар кемені көтеруге тырысады.

«Каспий»  өңіраралық көлік бақылау инспекциясы хабарлағандай, шекарашылар нақты ақпарат беруден әзірге бас тартып отыр.

0 пікір