Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5209 0 пікір 2 Шілде, 2012 сағат 07:24

Болат Райыс. Лингвистикалық сараптаманың кейбір мәселелері

Заң жобасының түсінікті әрі нақты болуы нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіну және жүзеге асыру үшін аса қажет. Сондықтан да мемлекеттік тілдегі заңнама талапқа сай болуы үшін аударманың сәйкестілігін жасағаннан кейін, қайтадан орыс тіліндегі мәтінді қарап шыққан дұрыс. Өйткені орыс тіліндегі күрделі, тіпті орыс тілінің грамматикасына сай келмейтін сөйлемдер мемлекеттік тілге аударылғанда нормативтік құқықтық актілер нормаларының түсінігін бұрмалап жібереді.

Сонымен қатар, лексикалық нормалар мен сөйлем құраудың да маңызы зор. Заң тілінде бұларға да көңіл аудару керек. Ескірген, көне және көп мағыналы сөздерді пайдалануға болмайды деп «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында бекітіп қойғанбыз, алайда кей жағдайда, кейбір жаңа терминдердің аудармасын беру кезінде неге сол өзіміздің ескірген және көнерген сөздерімізді жаңғыртпаймыз.

Бірқатар терминдер тікелей заң жобасында түсіндіруді қажет етеді. Нормативтік ұғымдарды баяндағанда нақтылық пен дәлдікке тырысқан жөн. Қажет болған жағдайда арнайы салалық (құқықтық, экономикалық, техникалық) терминдер қолданылады. Бұл жағдайда аса көп қолданылмайтын терминдерге анықтама берген орынды.

Заң жобасының түсінікті әрі нақты болуы нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіну және жүзеге асыру үшін аса қажет. Сондықтан да мемлекеттік тілдегі заңнама талапқа сай болуы үшін аударманың сәйкестілігін жасағаннан кейін, қайтадан орыс тіліндегі мәтінді қарап шыққан дұрыс. Өйткені орыс тіліндегі күрделі, тіпті орыс тілінің грамматикасына сай келмейтін сөйлемдер мемлекеттік тілге аударылғанда нормативтік құқықтық актілер нормаларының түсінігін бұрмалап жібереді.

Сонымен қатар, лексикалық нормалар мен сөйлем құраудың да маңызы зор. Заң тілінде бұларға да көңіл аудару керек. Ескірген, көне және көп мағыналы сөздерді пайдалануға болмайды деп «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында бекітіп қойғанбыз, алайда кей жағдайда, кейбір жаңа терминдердің аудармасын беру кезінде неге сол өзіміздің ескірген және көнерген сөздерімізді жаңғыртпаймыз.

Бірқатар терминдер тікелей заң жобасында түсіндіруді қажет етеді. Нормативтік ұғымдарды баяндағанда нақтылық пен дәлдікке тырысқан жөн. Қажет болған жағдайда арнайы салалық (құқықтық, экономикалық, техникалық) терминдер қолданылады. Бұл жағдайда аса көп қолданылмайтын терминдерге анықтама берген орынды.

Заңнамадағы терминдер жалпы қабылданған терминологияға сәйкес бір мағынада ғана қолданылуы тиіс. Дегенмен, кейбір жағдайларда бұған қол жеткізуде қиындықтар кездесетіні жасырын емес. Заң жобасының түпнұсқаға барабарлығын бағалау мазмұнды талдау жолымен жүргізіледі. Бұл жерде мемлекеттік тілдегі мәтіннің қазақ тілінің заңдылықтарына сәйкес құрылуына назар аударылуы қажет.

Басқа тілдер секілді, қазақ тілі ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қатиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б.

Сонымен, лексикология дегеніміз - тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала. Сондықтан, лингвистикалық сараптама жүргізу кезінде біз, негізінен, лексикологияға, атап айтқанда, лексикаға да көп көңіл бөлеміз. Тіл айтылған жерде терминдер де қоса айтылады. Терминдерді реттеу мәселесі бізде қалай жүріп жатыр? Қарапайым халық заңның қазақша мәтінін түсінбейді. Қазақ тілді заңгерлердің, аудармашылардың осы бағытта атқарар жұмысы шаш етектен.

Көбінесе әңгіме терминдерге қатысты болғанда, бірінші кезекте, аудармашыларды кінәлауға құмармыз. Олар филологтар, кейде журналистер, оның мағынасын білмеуі мүмкін дейді. Ал менің айтарым, «орыс-қазақ» тілдерінің аудармашы мамандарын қайда дайындайды? Дайындаса, қай уақыттан бері дайындауда? Елімізде, менің білуімше, ең көп дайындалатын мамандықтар заңгерлер мен экономистер? Сонда, 20 жылдан бері жөні түзу қазақша оқыған заңгерлердің өте аз болуы кімнің кінәсі? Олар неге аудармамен айналыспайды? Әлде барлығы орыс тілінде сайрап, мықты заңгер болып жұмыс істейді ме? Меніңше олай емес, олардың көпшілігі жұмыссыз. Сондықтан алдын ала, он шақты пайызы ғана жұмысқа орналасатын, қалған басым көпшілігі жұмыссыз, не болмаса басқа маман иесі болатын мамандықтарды дайындауды неге қысқартып, орнына тіл мамандарын, оның ішінде екі тілге жетік аударма мамандарын дайындауды неге қолға алмасқа?

Мысалы, «Заң» деректер базасында 29 түрлі құқық нормаларына берілген түсініктемелердің бірде бірінің қазақша аудармасы берілмеген, бұған да аудармашы маман кінәлі ме? Олардың онсыз да «өте шұғыл» деп түсіп жатқан құжаттары жеткілікті. Ал құзыретті органдар заңгерлерге осы құқық нормаларына сапалы түсініктеме жазыңдар деп тапсырыс берсе, жазатын адам табылар еді ғой.

Заң терминдерін бірізділікке келтіру де үлкен мәселенің бірі. Қарапайым мысал: «Потенциал потенциальных поставщиков, предоставляющую свою продукцию» - қолданыстағы заңнама терминдерімен аударсақ - «Өз өнімін ұсынатын әлеуетті өнім берушілердің әлеуеті». Бұл жерде «потенциал» сөзі мен «потенциальных» сөздері қазақ тілінде «әлеует» және «әлеуетті» деген сөздермен, ал «поставщик» сөзі де, «продукция» сөзі де «өнімін ұсынатын», «өнім» деген сөздермен берілген. Ал орыс тілінде бұлар мүлде басқа мағыналарды беріп отыр емес пе? «Потенциальный» бұл жерде «болуы мүмкін, ықтимал», ал «потенциал» - «әлеует», сонда «әлеуетті» апарып тікелей аудара салған. «Поставщик» өнім ғана бермейді, ол қызметтер мен жұмыстарды да ұсынады, сондықтан ол «өнім беруші» бола алмайды. Бұл жерде қазақтың «жабдықтаушы» сөзі мағынасы бойынша көбірек келеді. Сонда қазақ тілінің байлығы қайда? Неге осы терминдерді қабылдағанда, қазақ тілді заңгерлер мен филологтармен консультациялар жүргізілмеген? Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Заңды түзеу үшін, алдымен, заңды сол мемлекеттің тілінде жазуымыз керек. Біздің мемлекетіміздің тілі - қазақ тілі. Орыс тілі - ресми тіл. Оған ешкімнің қарсылығы жоқ, дау туғызып жатқан да жоқ. Бірақ, біздің заңдарымыз ресми тілде жазылады да, мемлекеттік тілге аударылады. Аударылғаннан кейін заңның мәні кетеді.

Орыстың тілі қазақтың тілінен бай емес. Бір беттік орыс тіліндегі мәтінді қазақшаға аударып көріңізші, одан бір жарым бет шығады. Ал, қазақшаны орысшаға аударыңызшы, бір бетке жетпей қалады. Ол тіліміздің байлығын көрсетеді. Біздің тіліміздің негізі Ата Заңда болуы керек. Конституция заңдардың негізі болғандықтан, көпшілік термин де соған сәйкес болғаны жөн. Сол заңды аударғанда да «мына термин қалай екен?» деп Конституцияға қарауымыз қажет. Алайда, олар Конституцияда бір бөлек, кодекстерде бір бөлек қолданылады.

Бір жағынан, қазіргі жасалып жатқан лингвистикалық сараптамалар орысша айтқанда, «мартышкин труд», яғни, «далаға кеткен еңбекпен тең» ба деп ойлайсың. Оған мысал, түскен кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларындағы осы өзгерістер мен толықтыруларға сараптама жасау барысында қисынына сәйкес түзету берсе, кейбір әзірлеушілер: «Жо-жоқ! Қолданыстағы заңнамада солай. Тузетуге болмайды» деп безек қағады. Бір жағынан олардың ұстанымдары да дұрыс сияқты, себебі олар Заңның белгілі бір бөлігіне ғана өзгерістер мен толықтырулар енгізеді ғой. Ал қалған бөлігі сол түзетілмеген күйінде қалып, терминдердің бірізділігі бұзылады. Бұған жол бермеудің бірден бір амалы - ол кешіктіріп, күнде ертеңге қаратпай, қолданыстағы заңнамаға лингвистикалық сараптама жасауды қолға алу қажет. Және қатардағы заңдардан емес - Ата Заңымыз Конституциядан бастау керек. Үкімет қажет деп есептесе бұл үшін тіпті сарапшылар құрамына белгілі заңгер және филолог ғалымдарды тартуға болар еді. Оларды тартудың тетігін көп іздестірудің қажеті жоқ. Небір экономист, спортшы, бапкер кеңесшілерге ақша табылып жатады емес пе, сол жолмен өзіміздің заңгерлер мен филологтарымызды да тартуға болар еді, алайда, өкінішке орай мемлекеттік тілге келгенде «бюджетте қарастырылмаған» болып, бұл мәселе кенже қалып қоюда.

Оған нақты мысал: Әділет министрлігінің Заң шығару институтындаға Лингвистикалық орталықтың штатын кеңейту мәселесі қарастырылған кезде «Үкіметтің бюджетінен» де, «Министрліктің бюджетінен» де қаражат табылмай, штат саны Институттың өз есебінен қарастырылды. Біреу бұл да Үкімет пен Министрліктің бюджеті деп дау айтар, алайда, бұл жұмыс жасап отырған мекеменің басқа салалармен айналысып отырған құрылымдарының сандық және сапалық жағын әлсіретуге әкелетіндігін неге ойламайды? Еліміздегі тілді дамытуға бағытталған қаржыдан көптеген семинар-конференциялар мен байқаулар және басқа шаралар өткізгенше нақты іспен айналысатын іске бөлінсе артық болмас еді деп ойлаймын.

Тағы бір мысал: жаппай қысқарту болған кезде барлық мемлекеттік органдар мен мекемелерде аудармашылар мен қазақ тіліне жауапты мамандар қысқарды. Сонда қалай болғаны? Барлық мамандар бірден мемлекеттік тілде сайрап кетті ме? Жоқ, әрине. Сараптамаға сақау жобаларды алып келгендерге мыналарың не десе, олар бізде аудармашы жоқ, фирмаға аудартқан едік, солай аударып берді деп, қарап тұратындар да кездесті. Ал ол фирмаға қанша ақша төледі екен? Тегін аудармағаны анық қой.

Сондықтан қолданыстағы заңнамаға лингвистикалық сараптама жасау үшін «Лингвистика орталығы» құрылымына қосымша мамандар тартып, бүкіл заңнаманы қолға алу қажет, ал бұл бір айдың не бір жылдың шаруасы емес. Шатттағы жиырма шақты адамның шамасы күнделікті келіп жатқан заң жобаларынан аспайды.

Бұған қоса айтарым, халықаралық терминдердің мемлекеттік тілдегі аудармаларының мағынасы, мысалы:

«Амнистия», оны «рақымшылық» дедік. Ал, рақымшылық - «помило­вание» дегенге жақын.

«Консультация» - «кеңес» - совет;

«Коррупция» - «сыбайлас жемқорлық», бұл тіркесті талдасақ мүлде басқа салаларға ауысып кетеміз;

«Рецидив» - «қылмысты қайталау» - ал енді осыны қайта орысшаға аударса «повторение преступления» болады емес пе?

«Оперативный» - «жедел» - кез келген орысша-қазақша сөздікте бұл сөзді орысшаға «скорый, быстрый, спешный, срочный» немесе «экстренный» деп түсіндіреді.

«Юстиция» - «әділет» - справедливость. Олай болса, «прокуратураны» да, «адвокатураны» да аударып алайық.

«Миграция», «мигрант», «иммигрант» - «көші-қон», «көшіп-қонушы», «көшіп келуші», сол сияқты басқа да көптеген халықаралық терминдерді айтуға болады.

Аталған сөздердің мағынасы едәуір кең, сондықтан, менің пікірімше, халықаралық терминдерге тиіспестен сол күйінде қалдырғанымыз абзал. Аударма мәселесін жөнге келтіру қажет. Аударатын терминдер бар, аударылмайтын халықаралық терминдер бар. Соны анықтап алу керек. Әйтпесе, осы сөздерді аудармашылар әрқайсысы өзінше жеке аударып, пайдаланып, сөздің мәні, мағынасы бұзылады. Меніңше «велосипед» ойлап табудың еш қажеті жоқ. Жалпы ойымды жазушы Ұзақбай Доспанбетовтің 2009 жылғы 5 маусымда «Ана тілі» газетінде жарияланған мақаласында келтірілген үзіндімен қорытындыласам деймін:

«Ғылыми термин қай елде, қай ғалымның лабораториясында дүниеге келсе сол қалпында басқа тілдерге көшірілуі керек. Ағылшыншаға да, немісшеге де, орысшаға да, қазақшаға да. Себебі, ол терминнің дәлме-дәл аудармасын табу мүмкін емес. Тіпті оны іздеп жатудың өзі күлкілі нәрсе. «Қолың көтере алмас шоқпарды беліңе байлама» дегенді сондайда айтқан жөн. Себебі, жоқты іздеген адамның оны тапқанын кім көріпті?

Өз тарапымыздан да бір мысал келтірейік. Қазақта «кәсіп» деген сөз бар. Осы бір сөз тап қазіргі таңда неше мағынада пайдаланылып жүр, ойланыңыздаршы: бизнес - кәсіп, бизнесмен - кәсіпкер, профессиональный -кәсіби, профессия - кәсіп, промысел - кәсіп. Бұл жерде «кәсіп» деген сөздің «бизнестің» толық мағынасын бере алмасын дәлелдеп жатудың өзі артық. Әрі бір сөзді онда-мұнда жұлқып, бәріне жапсыра бергеннен не ұтамыз? Ал осындағы «профессия» сөзімен түбірлес «профессор» сөзін неге сол күйінде алып жүрміз? Мүмкін оған да «кәсіп» деген сөзге жұрнақ пен жалғаулардың бірін жалғап, қазақша балама табармыз. Себебі, терминдерді қазақшалауды жақтап жүргендердің көбісінің «профессор» атағы бар. Ә, бұл сөзді қазақшаласақ ол бұрынғыдай құлаққа жағымды, әрі сұсты көрінбейді екен ғой. Дегенмен, «профессор» атағы барлардың көбісі өз бедел-абыройын сақтаудың амалын біледі, ал басқа сөздерді шатты-бұтты етіп, қазақшалай беруді ұсынады.

Жоқ, ағайындар, терең ойланайық, ақылға келейік! Сау басқа сақина тілеп, бүйректен сирақ шығарып, онсыз да көресіні көп көрген халқымыздың басын шатпайық! Бұл мәселеде біздің қорытынды пікіріміз: Тек таза орыс тілінен ауысқан сөздер болса, онда да олардың ең дұрыс, сәтті баламалары табылған жағдайда ғана қазақшалайық».

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621