Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
2584 1 пікір 19 Қазан, 2021 сағат 13:11

НАТО ядролық соғысқа дайындықты бастады

Оңтүстік Еуропа елдерінде НАТО-ға мүше 14 мемлекеттің қатысуымен "Мойымайтын шаңқай түс" деп аталатын жаттығу кешендері басталды. 

Жатытғу аясында ядролық қарумен жарақталатын бомбалаушы ұшақтарды қолдануды пысықтау жоспарлануда.

Бір аптаға созылатын ауқымды жаттығудың мақсаты еуропалық одақтастардың қорғанысын күшейту. Әскери мамандардың айтуынша, жаттығуда басқалармен қатар, американдық ядролық қаруды жер асты қоймаларынан тасымалдау және оларды жауынгерлерге бекіту тәжірибесі жүйеленеді.

НАТО-ның ядролық саясаты серіктес елдердің Еуропада орналастырылған АҚШ-тың оқтұмсықтарын төтенше жағдайда қолдануын қамтамасыз етеді. Ресми расталмаған мәліметтерге сәйкес, американдық атом қаруы Бельгияда, Түркияда, Нидерландыда, сонымен қатар Германиядағы федералды Рейнланд-Пфальц штатындағы Бухельде орналасқан.

Abai.kz

1 пікір